"Таратып жібергені рас па?!"
Ауылға келгенде ағайын-туысты аралап шығатын әдетім бар. Бүгін де вокзал жақтағы апамның үйіне барып қайттым. Ас дайын болғанша ананы-мынаны шұқып, газет журналды ақтарып отырғанмын. Қаптаған «Жұлдыздар отбасының» арасынан "Қыз құпиясы" деген журналды көріп қалдым. Бұрын мектепте оқып жүргенде осы газетті қыздар "қырылып" оқитын. Ішінен тұзы татитын түк таппай отқанымда бір мақаланың тақырыбы қызықтырды. «Таратып жібергені рас па?!» Тақырыбы дәл осылай. Нені қалай таратты екен деп оқып шықтым. Жалпы мазмұны былай. Семейдің Үржар ауданында тұратын бір қыз өзінің әдемі, қасы көзі қиылған, фигурасы жынды құрбысының оқу бітіріп келсе де, ауылда жұмыссыз жүргеніне алаңдайды. Сөйтіп, оған Алматыға барып, Саин көшесіндегі қыздардың қатарына қосылуға кеңес береді. Алғашында бұл пікіріне құрбысы қарсы болады, бірақ кейін ол да осы жұмысты өзіне ыңғайлы санайды. Өйткені, онда «товарный вид» мықты екен. Мақаласымақта осылай жазылған. Сөйтіп, Алматыға кетейін десе, алып шаһардағы атышулы көшелер жабылып қалыпты деген «суыт» хабарды естиді қыздар. Әдемі құрбысына жұмыс іздеп отырған әлгі "қысық көз, пұшық мұрын қыз" (мақалада өзін осылай сипаттаған)қайтерін білмей, "Қыз құпиясына" хат жазыпты. «Саин көшесінің жабылып қалғаны рас па, ондағы қыздар енді нанын қайдан табады» деген жолдарға жыным қайнады. Жалпы, бұл журналдың анау айтарлықтай абыройы жоқ. Бірақ, мектеп оқушыларының арасында беделі жоғары екен. Оған сіңлім жинап қойған журналдың ондаған данасы көрген соң, көзім жетті. оның үстіне 7-8 кластағы құрбы қыздары бұл журналды қолдан қолға түсірмей оқиды. Ал, "Қыз құпиясы" болса Саин мен Сейфуллинге "қызметкерлер" іздеп жатыр…
Әрі қарай