"Аң-таң таң" еркін видеоблогы. Превью, 1-3 сериялар.

Кез-келген тақырыптағы, әсіресе, қоғамда қызу талқыланып, қазнетте тұздық болған оқиғалар мен мәселелер жайлы көзқарасты-деректі сериялар. Кез-келген уақытта шығуы мүмкін жеке еркін блог әлеуметтік желіде мәтіндік ой білдіруден бас тартып, көрнекі видео нұсқамен ой айту әдісі болып табылады.
Автордың көзқарасы кейде жалпы қалыптасқан ұстанымдарға сай келмей жатады. Сонымен, сапасы түрлі, темпі орташа видеороликтерді қарап, пікір білдіріп тұрыңыздар!


Леонардо ди Каприо, «Оскар» сыйлығы, әлемдік және отандық кинематограф жайлы

8 наурыз, тарих, қазақ сайттары, стереотип ақпарат хақында

Макдональдс пен ММА шеберлері туралы


p.s. Youtube каналыма жазылып қойсаңыздар, тіпті риза болар едім!
Әрі қарай

"Оскар-2015". Менің болжамдарым.

Киностан: Оскар-2015. Менің болжамдарым.
22 ақпанда кино әлеміндегі ең беделді сыйлық — «Оскар» табыс етіледі. Биыл «Оскарды» кімдер алады? Осындай ой жалғыз мені толғандырмайтын шығар?
Өмірімде алғаш рет (сәтсіз болып жатса, мүмкін — соңғы рет) «Оскар» иегерлеріне болжам жасап көрмекпін. Әрине барлық номинацияларына емес, тек бірнешеуіне ғана. Бәс тігетіндерің болса, кейін өкініп қалмайтындай аз сомалар қоюларыңызды сұраймын.

Үздік фильм

Номинанттар:
— «Америкалық снайпер» («American Sniper»)
— "Бёрдмэн" («Birdman»)
— «Балдәурен» («Boyhood»)
— "Гранд Будапешт қонақүйі" («The Grand Budapest Hotel»)
— "Имитация ойыны" («The Imitation Game»)
— «Сельма» («Selma»)
— «Барлығының теориясы» («The Theory of Everything»)
— «Таяқтың күшімен» («Whiplash»)

Өзім «Америкалық снайперді», «Бердманды», «Гранд Будапешт қонақүйін», «Имитация ойынын» көріппін. Физик Стивен Хокингтің өміріне арналған «Барлығының теориясын» көре бастап едім, тым қызықсыз көрінді.

Әдетте, «Алтын глобус» — «Оскардың» репетициясы деп жатады. Қазақша айтсақ: «Алтын глобусты» көріп «Оскарын» ал. Шынымен, көп лауреаттар бір-бірінде қайталанып жатады. Осы талдауымда да биылғы «Алтын глобус» иегерлерін ескеретін боламын.

Сонымен, 2015 жылдың «Алтын глобусында» «Балдәурен» («Boyhood») үздік фильм атанды. Фильмнің сюжетін оқып шықтым, актерлер мен түсіру тобын қарап шықтым. Өзім үшін іліп алатын ештеңе таппадым. Менің ойымша: оның жеңісі «Алтын глобуспен» шектеледі, «Оскар» ала алмайды. Менің фавориттерім мүлдем басқа. Неге? Түсіндірейін.

Америкалықтар өз елдерінің даңқын асқақтата түсетін, ерлігін жырлайтын әскери киноны өте жақсы көреді. Оған 2010 жылдың жеңімпазы "Өлім қорабы" («The Hurt Locker») және 2013 жылдың жеңімпазы "Арго" («Argo») фильмдері мысал. Биыл осы тематикаға сәйкес келетін «Америкалық снайпер» бар. Сосын осы номинациядағы «Имитация ойынын» да естен шығармау керек. Фильм соғыс жайлы, анау-мынау емес Екінші Дүниежүзіліктің нәтижесіне америкалық математикатің ықпал еткені баяндалады, оның үстіне басты кейіпкер (Бенедикт Камбербэтч) — гомосексуалист. Бұл ахуал да қазіргі толеранттылық пен демократияның заманында, адам құқығына көңіл бөлініп жатқан кезеңде ерекше мәнге ие. Сондықтан, академиктердің көңілін осы екі картинаның біреуі жаулап алады деп есептеймін.

Үздік актер

Номинанттар:
Стив Карелл — «Түлкі аулаушы» («Foxcatcher»)
Брэдли Купер — «Америкалық снайпер» («American Sniper»)
Бенедикт Камбербэтч — «Имитация ойыны» («The Imitation Game»)
Майкл Китон — «Бёрдмэн» («Birdman»)
Эдди Редмэйн — «Барлығының теориясы» («The Theory of Everything»)

Жоғарыда атаған себептерге байланысты, Брэдли Купер мен Бенедикт Камбербэтчтің «Оскар» алу мүмкіндігі жоғары. Бірақ мен үшін Майкл Китон фаворит. Майкл Китон — кезінде Бэтменді сомдап атақты болса да, қазір көп жұлдыздардың көлеңкесінде қалып қойып, екінші дәрежелі рөлдерімен ғана шектеліп жүрген ортаңқол актер болып қалды. Алехандро Гонсалес Иньярриту өзінің соңғы жобасына дәл осы актерді алуы да негізсіз емес сияқты. Сюжетте, жастау кезінде Бердмэн (Құс-адам) деген суперқаһарманды сомдап, атағы жер жарған, бірақ қазір жолы онша болмай жүрген кәрі актер туралы баяндалады. Символично, иә? Шынымен де, көп сыншылар Майкл Китон бұл картинада өзін сомдады деп айтып жатыр. Оның үстіне, Майкл Китон осы рөлі үшін биыл «Алтын глобус» алды. Осылардың барлығын ескере отырып, "Үздік актер" номинациясында Майкл Китонның бағы жанады деп есептеймін.

Үздік актриса

Номинанттар:
Марион Котийяр — «Екі күн, бір түн» («Deux jours, une nuit»)
— Фелисити Джонс — «Барлығының теориясы» («The Theory of Everything»)
Джулианна Мур — "Әлі де сол Элис" («Still Alice»)
Розамунд Пайк — «Жоғалған әйел» («Gone Girl»)
— Риз Уизерспун — «Жабайы» («Wild»)

Финчердің "Жоғалған әйелін" көргенмін, мықты фильм. Әрине Розамунд Пайктың шеберлігіне күмән жоқ, бірақ «Уау» дегізген ештеңе көрмедім. «Алтын глобуста» жүлдені Джулианна Мур алды. Академиктердің таңдауы да ерекшелене қоймас деген ойдамын. Шынымды айтсам, бұл категорияда болжам жасау аса қиындық туғызып тұр.

«Екінші пландағы үздік актер», «Екінші пландағы үздік актриса» номинацияларын да өткізіп жіберейік, бұл категориялардың шешімі біз ойлағаннан мұлдем бөлек болып шығуы әбден мүмкін. Егер қызық болса айтайын, «Алтын глобуста» биылғы жеңімпаздар мыналар:

Үздік режиссер

Номинанттар:
Алехандро Гонсалес Иньярриту — «Бёрдмэн» («Birdman»)
Ричард Линклейтер — «Балдәурен» («Boyhood»)
Беннетт Миллер — «Түлкі аулаушы» («Foxcatcher»)
Уэс Андерсон — «Гранд Будапешт қонақүйі» («The Grand Budapest Hotel»)
Мортен Тильдум — «Имитация ойыны» («The Imitation Game»)

«Алтын глобуста» Ричард Линклейтер үздік режиссер атанды. Бірақ академиктердің арасында есі дұрыс адам қалған болса Алехандро Гонсалес Иньярритуға немесе Уэс Андерсонға дауыс берілулері керек деп есептеймін. Екеуі де биыл «Оскарға» лайықты. Менің түйсігім — Алехандро Гонсалес Иньяррит үздік шығады-ау деп тұр.

Шет тіліндегі үздік фильм

Номинанттар:
— «Ида» («Ida») — Польша
— "Левиафан" — Ресей
— «Мандариндер» («Mandariinid») — Эстония
— «Тимбукту» («Timbuktu») — Мавритания
— "Ерсі оқиғалар" — Аргентина

Мен тек «Лефиафанды» ғана көрдім. Ол картина биыл «Оскар» алып жатса, «Түһ, несіне беріп жүр» деп өкініш білдіретіндер саны аз болатынына сенімдімін. «Левиафан» биыл жеңіп алуға боларлық сыйлықтар мен жүлделердің біршамасын алды. Жаңа Ресей тарихында алғаш болып «Алтын глобусқа» да ие болды. Америка Ресей билігінің шамына тию үшін осы картинаға «Оскарды» ұстатып жіберуі әбден мүмкін.

Үздік визуал эффектілер

Номинанттар:
— "Капитан Америка: Қысқы жауынгер"
— "Маймылдар ғаламшарының таңы"
— "Галактика сақшылары"
— "Интерстеллар"
— "Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері"

Былтыр техникалық жетістіктеріне беретін (монтаж, эффектілер, т.б.) «Оскарлардың» барлығын дерлік "Гравитация" жеңіп алған болатын. Биыл техникалық жағынан өте керемет жасалған фильм бар болса, ол — «Интерстеллар». Ғалымдар тіпті «Интерстеллар» үшін теорияларды визуализациялау кезінде байқаусызда жаңалық та ашып алыпты. Киноның құдіретін көрдіңіз бе?! Биыл визуал эффектілерден «Оскар» алуға бәрінен бұрын «Интерстеллардың» мүмкіндігі жоғары деп есептеймін.

Бар болжамым осы. Қалған номинацияларды өздеріңіз нетіп аларсыздар. Америка киноакадемиясының 87-ші марапаттау шарасы 2015 жылы 22 ақпанда таңда өтеді.

Қосымша:
«Алтын глобус-2015» жеңімпаздары
«Оскар-2015» номинанттары
Әрі қарай

"Аспан балалары" - адамға арналған ода

1997 жылы Оскардың «Ең үздік шетел фильмі» номинациясын ирандық режиссердің «Аспан балалары» атты туындысы жеңіп алады. Фильм бірнеше отандық телеарналарымыздан көрсетілді.
Фильмнің басы: Үшінші сыныптағы Әли қарындасы Зухраның туфлиін жөндеуден алып, үйге қайтар жолында аяқ астынан жоғалтып алады. Енді не істеу керек? Қарындасы мектепке бара алмайды ғой. Анасының ауруынан әкесінің ғана тапқан-таянғанына зорға күн көріп отырған отбасы жаңа аяқ киім ала алмайды. Әли Зухрамен келісімге отырады, екеуі оның кедиін кезек-кезек киетін болады: Зухраның сабағы — таңертең, Әлидікі одан соң басталады. Алайда мұндай жағдайда мектепке уақытында жету үшін желаяқтай жүгіруің қажет…
Фильмнің басты ойы балалардың періштедей тазалығы, кедей адамдардың адалдығы, қиын сәттерде де Адам болып қала білуі.
Табиғи ойналған, таза да тұңғиық осы туындыны балаларыңызға, немерелеріңізге көрсетсеңіздер, нәтижесін, балаға тигізген әсерін келесі күннен-ақ байқауға болатынына уәде бере аламын.
Кішкене суреттер ұсынайын:
Мынау нағыз Адам — Әли:

Әли қарындасы Зухрамен:

Тағы да Әли мен Зухра:

Фильмнің постері:

Зухра Әлидің кедиін киіп, мектепте жан-жағындағылардан ұялып, аяғын тығып тұрады:
Әрі қарай

"Оскар"-ды формулаға сай түсіргендер алып жатыр

Көп фильмдерді қарап отырып, байқайсың, әдейі «Оскарға» арнап түсіретіндей. Көбіне олар қызықты немесе аса бір терең фильмдар да емес. Бірақ олар артхаус та болып кетпейді. Өзінше бір пәлсапасы бар, шытырмандау, адамгершілік құндылықтары типа жасырылып түсірілген, міндетті түрде «серьезный» фильм болады. «Старикам тут не место», «Повелитель бури», жақындағы "«Арго» операциясы",«Черный лебедь», номинант болғандардан «Начало», «Мне бы в небо», «Жизнь Пи» тағысын тағылар.
Қазақтардан «Шал» сондай фильм. Әрі касса жинайтын, әрі «ақылды» мувилар модада қазір.
Оның қасында 90-жылдары әртүрлі, шынымен арнайы «Оскар»-ға үміттеніп түсірілмеген фильмдер жеңімпаздар атанған еді.
Әрі қарай

«Оскар» лауреаттарының алғашқы сөздері



«Оскар» алған лауреат сахнадан шығып бірден журналистер отырған баспасөз бөлмесіне тап болады. Барлық БАҚ-тың көзқұртына айналған бұл бөлме масс-медиа үшін таптырмас жер, себебі, дәл осы орында жеңімпаз алғашқы таза әсерлерімен бөліседі, шынайы бейнесін көрсетеді, қуанышын жеткізеді. 2012 жылғы Оскардың лауреаттары айтқан алғашқы сөздерді назарларыңызға ұсынамыз.
Әрі қарай

“Оскар – 2010″. Оза шауып, бәйге алғандар белгілі болды


2011 жылдың 27 ақпанында болған 83-ші салтанатты шарада 2010 жылдың  “Оскар” алған фильмдері белгілі болды. “Оскармен” марапаттау рәсімі әдеттегідей АҚШ-та, Лос-Анджелес қаласында орналасқан Кодак театрында өтті. Барлығы 24 категория бойынша үміткерлер тізімі осы жылдың 24 қаңтарында жарияланған болатын.
Шараны белгілі актерлар Энн Хэтэуэй мен Джеймс Франко жүргізді. Номинациялар бойынша “Король говорит” фильмі жеке дара көш бастады, ол 12 категорияда сынға түсті.
Әрі қарай