Жібекжолды Ойыл (+100)

Қазақстан ауылдары!: Жібекжолды Ойыл (+100)Ақтөбенің батысындағы аудан. Дәл осы жерде сәрсенбі мен бейсенбі күндері (24-25.09) Ұлы Жібек жолында қайта жаңғырған «Көкжар жәрмеңкесі» атты республикалық этнофест өтті. Картада көріп тұрғаныңыздай, Ойыл Қобда, Шұбарқұдық пен Байғанин және БҚО мен Атыраудың сәйкесінше Сырым, Қызылқоға аудандарымен шектеседі. Ал орталықтан көбіне Қобда арқылы барады. Шалғайлығы қаладан шамамен 250 шақырым — 3 сағаттай, бірақ жолы шынымен де жібек… тек арасындағы асфальт иректері мен Қобданың тым ұзақ жөнделіп кеткен жолдарын есепке алмағанда. Өйткені көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткенше, жүрегіңмен қоса қос бүйрегің селк еткеннен оянып тірі қалған – әлдеқайда қабылдарлық нұсқа. Ауданға апаратын түзу тас жол бұрынғы облыс әкімі, қазіргі сенатор Елеусін Сағындықовтың ойылдықтарға жасаған сыйлығы. Трасса қысқа мерзім ішінде тартылды. Ал шараға келсек, бұл тарихи мекен. Неге десеңіз, осында Ұлы Жібек жолы тармақтарының бірі, нақтырақ айтсақ, көне сауда орындары сақталған. Оның үстіне, бұл өңір Исатай мен Махамбет, Құрманғазы, Қазанғап, Мұхит секілді тұлғалардың кездерін жадына сақтаған. Сонымен қатар, кезіндегі рекордсмен – ақ тары атасының туған жері.
Әрі қарай

Аягөз ару

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Тұрсынғазы Рахимовтың әні
Салыстыра отырыңыздар Ерлан Рысқалидың және Жақсыгелді Кемаловтың орындауында
Ерлан тенор, Жақсыгелді баритон дауысты әнші. Менде Киви арқылы ойнап тұрғанмен сіздерде ойнамауы да мүмкін. Дегенмен шын қызықсаңыздар әннің үстіне екі рет тышқандарыңыздың сол жақ батырмасын басу арқылы жүктеу жолына өте аласыздар.



Әрі қарай