Аягөз ару

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Тұрсынғазы Рахимовтың әні
Салыстыра отырыңыздар Ерлан Рысқалидың және Жақсыгелді Кемаловтың орындауында
Ерлан тенор, Жақсыгелді баритон дауысты әнші. Менде Киви арқылы ойнап тұрғанмен сіздерде ойнамауы да мүмкін. Дегенмен шын қызықсаңыздар әннің үстіне екі рет тышқандарыңыздың сол жақ батырмасын басу арқылы жүктеу жолына өте аласыздар.



Бөлісу:

5 пікір

satibaldi
Қазақтың қоңыр дауысын әлемге естіртпеу керек, әлем білмеуі керек. Сондықтан да жар астындағы «тілектес» жауларымыз қазаққа болмасын деп, әдейі осындай плеерлер мен МП3 деген форматтар шығарған. Олар қазақтың дауысын жағымсыз естілетін қылып, әдейі программаланған. Ал сендей санасыздар соны сайттарға орнатып жүр. Sony Music пен Polygram Records-тың әледақашан қазақты сыртынан мүжіп жатқанын қайдан ғана түсінбейсің, қаракөз бауырым!!!
Abilakim
ән жайлы пікіріңізді естісек.Баритонмен әдемі естілеме әлде тенор дауысында ма? Қандай дауыс болса да әр әншінің жеткізу техникасы әр түрлі ғой.Дегенмен, бұл ән екі әншінің қайсысының табиғатына келеді?
meirzhan
Маған екі орындау да ұнады. Дегенмен Ерлан Рысқалидың орындауындағы әнді кивиден жүктеп алдым. «Аягөз аруды» тек тенорлар орындау керек сияқты.
Abilakim
Мен бұл әнді Жақсыгелді ағаның орындауында тыңдап едім алғаш рет.Кейін сол кісіден дәріс алған шәкіртттерінің бірінің орындауынан тыңдадым.көзбе-көз, құлақпа-құлақ тыңдаған соң маған жақсы әсер қалдырған.Жақсыгелді ағаның орындауындағы нұсқасын бірнеше қайталап тыңдай беретінмін.Кешелі бері Ерланның орындауындағын айналдырып жатырмын.Өзіме қатты ұнаған соң бөлісе салғаным ғой,әйтеуір біреуге керек болар деп