Arular.kz

Kental - Халкым vs Noha-tu cafe

Жаңа Жыл кешіндегі бір бағдарламадан Кенталды алғаш рет көрдім. 3 сөйлемнен тұратын әні ұнады. Мен үшін жаңалық болды бұл. Ютубтан клибін тауып алдым. Ол да ұнады. Тек өкініштісі бұл өзінің шығармасы емес екен. Оригиналы бар екен. Оны өзі клиптің тақырыбына жазып та қойыпты. Оригиналын да тыңдадым. Кенталдікіндей әсер етпеді. Сіз де қарап көріңіз.

Аңсау

Досымжан-аңсау Syaat Medeuov аңсау

Аңыз Ару

Назарларыңызға «Аңыз Ару» әнін ұсынамын. Біріншісі «Алматы» тобының (1988ж) әншісі Батыр Шүкеновтың орындауындағы нұсқа. Almata — Anyiz Aru (1988) Бұл әнді кейінгі жылдары конкурстарда жас әншілер жиі орындап жүр. Соның бірі екінші нұсқадағы Ербол Алшынбаев Erbol Alshyinbaev — Anyiz Сондай-ақ, Қуаныш Байбеков деген жігітте орындайды екен.Салыстыра отырыңыздар Kuanyish Baybekov — ANYIZ ARU

Аягөз ару

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Тұрсынғазы Рахимовтың әні Салыстыра отырыңыздар Ерлан Рысқалидың және Жақсыгелді Кемаловтың орындауында Ерлан тенор, Жақсыгелді баритон дауысты әнші. Менде Киви арқылы ойнап тұрғанмен сіздерде ойнамауы да мүмкін. Дегенмен шын қызықсаңыздар әннің үстіне екі рет тышқандарыңыздың сол жақ батырмасын басу арқылы жүктеу жолына өте аласыздар.

Жезекше және "Үнсіз жүрек"

Қайрат Нұртас орындап жүрген "Үнсіз жүрек" немесе "Үнсіз махаббат" әнінің алғашқы нұсқасын тауып алдым инет беттерін шарлап жүріп. Марқұм Ержан Серікбаев ағамыздың орындауында, сөзі мен әні де сол кісінікі деп ойлаймын. Салыстыра отырыңыздар:

Қай қыз әдемі?

Дәуренбек Аркенов.Сырнай. Қосанова Айгүл.Домбыра КешYou. Эстрада

Түнгі сыр

ҚР халық артисі, (профессор)Қайрат Байбосыновтың орындауындағы «Түнгі сыр» әні Досымжан Таңатаров пен Ардақ Балажанованың орындауындағы «Түнгі сыр» әні