Телефонды қуаттаудың естен шығып кете беретін 5 ережесі

Қарыштап дамыған технологиялар ғасырында ноутбук, планшет немесе заманауи телефонсыз өмір сүру қиынырақ. Дегенмен, ең жақсысы деп танылған құрылғылардың өз артықшылықтарына қарамастан, кемшіліктері де болады. Оның ішіндегі ең бастысы –қуатының тез таусылып қалуы.

Қазіргі заманауи гаджеттер, яғни ноутбук немесе телефонның ұзақ әрі жақсы жұмыс істеуі үшін оларды дұрыс қуаттауды білу керек. Сол жайында бүгінгі мақаламызда бірнеше кеңестер ұсынамыз.

1. Әр гаджеттің өзінің қуаттағыш құрылғыларын пайдаланыңыз
Көп жағдайда қуаттағыш құрылғы мобильді құрылғыларға тікелей орналасады, ал сыртқы желілік адаптер түсетін күшті жеңілдетіп, тұрмыстық электрожелінің тоғын түзететіп отырады. Сол кезде ғана тоқ батареяға тікелей әсер ете алмайды, бірақ мұны көп адам біле бермейді. Сондай-ақ, кейбір гаджеттерде, мысалы сандық фотокамераларда іштей орнатылған қуаттағыш құрылғы болмайды, сондықтан олардың литий-иондық аккумуляторларын сыртқы қуаттағышқа орналастырады. Ал осындай жағдайда сапасыз қуаттағышты пайдалану батареяның жұмысқа қабілеттілігіне кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар ұялы телефондарға да байланысты, яғни өзге телефонның қуаттағышы Сіздің телефоныңызға кері әсер етуі әбден мүмкін. Сондықтан «родной» құралды пайдаланыңыз.
2. Құрылғыңызды қуаттағыштан уақытылы ажыратыңыз
Гаджетіңізді 50-80%-ға дейін қуаттап отыратын болсаңыз Сізге ұзағырақ қызмет ететін болады. Егер, аккумуляторды 100%-ға дейін қуаттасаңыз, оны уақытында тоқтан ажыратқан дұрыс, өйткені бұндай жағдайдың бірнеше рет қайталануы батареяның қызмет ету уақытының азаюына себеп болады. Сондықтан, құрылғыны түні бойы қуаттағышқа тығулы күйінде қалдырмауға тырысу керек.
3. Құрылғыны жиі қуаттаңыз
Ноутбук немесе телефоныңызды қуаты толық таусылып қалуына дейін жеткізбеңіз. Заманауи гаджеттерде қолданылып жүрген литий-иондық аккумуляторларда есте сақтау әсері деп аталатын әсер жоқ, сондықтан оларды қуаты таусылғанша ұстамай, жиі қуаттап отырған дұрыс. Ол Сізге көп пайда әкелмесе, зиян болмайды. Сондай-ақ, көптеген өндірушілер литий-иондық аккумулятордың жарамдылық мерзімін қуаты қанша рет толықтай өшкенінің (0%-ға дейін) циклімен санап отырады. Сапалы аккумуляторлар үшін бұл 400-600 циклге тең. Ал, литий-иондық аккумуляторыңыз ұзақ уақыт бойы Сізге сапалы қызмет еткенін қаласаңыз, телефоныңызды немесе ноутбукты жиі қуаттап тұрған абзал. Ең дұрысы, батарея қуатының деңгейі 10-20%-дан төмендесе телефонды қуаттағышқа жалғаңыз! Бұл аккумулятордың қуатының таусылып қалу циклін 1000-1100-ге дейін төмендетеді.
4. Аккумулятордың қатты қызып кетуіне жол бермеңіз
Литий-иондық аккумуляторлардың басты жауы жоғары температура, яғни оларға қатты қызып кету көп зиян тигізеді. Сондықтан мобильді құрылғыларыңызды күн сәулесінің тікелей түсетін жеріне, сонымен қатар жылу құбырларына жақын қоймаңыз немесе тастамаңыз. Литий-иондық аккумуляторларды пайдалануға болатын температура мөлшері — 40 °C-тан + 50 °C-қа дейін!
5. 90 күн сайын құрылғының қуатын 0%-ға дейін тауысып, 100%-ға дейін қайта қуаттын толтырып отыру керек
Батарея қуатын нөлге дейін тауысу сияқты, ұзақ уақыт бойы толықтай қуаттандыра беру де литий-иондық аккумуляторлар үшін зиян екенін айттық. Сондай-ақ, қалай болса солай қуаттау да өте зиянды, мысалы біз көбіне телефонды кейде USB арқылы, розеткадан, сыртқы аккумулятордан және т.б. әдістермен қуаттай береміз ғой. Осылай құрылғыны тұрақсыз қуаттандыру процесстеріне байланысты мамандар 3 айда бір рет аккумуляторды толықтай отырғызып, қайта 100%-ға дейін қуаттап отыруды және солай қуаттандырғышта 8-12 сағат ұстап тұруды ұсынады. Біздің Сізге ұсынатын кеңестеріміз осылар. Неғұрлым құрылғыңызға жақсы күтім көрсетсеңіз, ол да Сізге жақсы, сапалы қызмет көрсететініне сеніңіз!

Дайындаған: Б.Ерман ERNUR.KZ

Қабір мәселесі

"...Өлетініңізді білгеннен кейін, жылап-сықтап, қатты уайымға салынбаңыздар..." © муллакариим, Iman.solai.de


Facebook «Алда-жалда Аидке аттанып кетіватсам» («If I die») атты скриптті орнатып алуды ұснып отыр.
Мағынасы: өлгеннен кейін жарық көруі тиіс жазба немесе видеоны орнатып, Аид патшалығына жүріп кеткеніңді растайтын 3 досыңды таңдайсың. Сен өле қалғаннан кейін 3 досың да ана жаққа аттанып
Әрі қарай

Ыңғайлы нәрсе екен өзі...

YB-642 екі USB порты мобильдік қондырғыларды қуаттауға арналған. Әртүрлі қуаттағыштардан осы бір кішкене ғана өзі ыңғайлы құралда сыйымдылық жағы жақсы ойластырылған екен. Lithium-polymer аккумуляторы өзінің 11200 мАс сыйымдылығымен қолданушысына үздіксіз телефонды қолдануға, мәтін теруге және ойнауға мүмкіндік береді.
Әрі қарай

Демалыс кезіндегі қажеттілік.

Табиғат аясында демалушылар, сол сияқты саяхатты жаны сүйетін адамдар — енді қайжерде болмасын тамақ әзірлеу мақсатында жасалатын уақытша ошақтағы жылудан түзілетін энергия арқылы өздерінің әр түрлі электрондық гаджеттерін қуаттай алатын болды…

TES NewEnergy Corp атты Жапондық компания Hatsuden-Nabe кәсртөлін(кастрюля) ойлап тапты, бұл ыдыс жылу энергиясын электр өрісіне айландыра алады. Осылайша балық сорпасын даярлау немесе шәй қайнату мақсатында жағылған оттың пайдасы еселене түспек. Ол ыдыстан енді кез келген (USB-лік кіндігі бар) девайстық аккумляторды қуаттай аласыз.
Әрі қарай

Нанғысыз - жаңа құрал!

Sound ID 400 Bluetooth-гарнитурасының салмағы 8 грамм көлемі 53,5х15,5х7,5 мм. Бұл гарнитура Environmental Mode технологиясын қолдайтындықтанз аксессуардың иесінің қоршаған дыбыстан бөлек өз дауысын да естуге мүмкіндік туғызады. DSP процессоры
Әрі қарай

Зағиптарға арналған электрондық кітап

Брайл шрифтін жоғары технологиялармен сәйкестендірудің әр түрлі мүмкіншілктерді қамтитын концепттері бұрынырақта пайда болып отыратын, соның арасындағы ең ыңғайлысы деп танылып отырған түрі жасалды…
Оңтүстік кореядағы Seon-Keun Park, Byung-Min
Әрі қарай

Ресейде күнэнергиясынан қуатталатын қуаттаушы құрылғы пайда болды... (еріксіз тавтология :-) )

08:00 | 29 апреля 2011
Ресейде Oyama сауда маркісіндегі қуаттағыштар жарық көрді. олардың арасында күннен қуатталатындарыда бар...
Әрі қарай

АОС өте ұтымды планшетті көрсетті

15:52 | 17 наурыз 2011

АOC компаниясы планшеттер нарқына өзінің 8-дюймдік планшетімен шықты. Ол планшетте 600 МГц жиілікте жұмыс істейтін Rockchip орналастырылған, Wi-Fi-модульі, 4 Гб-тық флеш-жадысы бар.
Планшеттің mini-USB-порты және microSD
Әрі қарай

USB-портты батарейкалар...

USB-порттан қайталап қуатталатын батарейкалар

Кімнің болсада батарейкаларды қайта қуаттау мүмкіншілігін бір есіне алып сондай жаңалыққа құштар болып жүргені аныққой. Ендеше сол арман орындалды. Мына суреттегі батарейкалар USB-порты арқылы қайта
Әрі қарай

Банкомат-жинақсандықша

Балаларға арналған банкомат-жинақ сандықшасы жасалды. Монеталарды қабылдап және керекті соманы беру функиялары қарастырылған. Мақсат — балалардың жастайынан қажетіне керек қаражатты өз бетінше жинап және үнемдеп қашылауды
Әрі қарай

Флешка - диктофон

Назарларыңызға аты тым ұзақ «2GB Flash Drive Memory Spy Audio Digital Voice Sound Recorder» цифлік флешка диктофонды ұсынбақпын. Бұл флекшканың ішінде шпиондық цифрлік диктофон бар. Гаджеттің 2Гб жадысы бар, бұл тек аудиожазуға ғана емес құжаттар сақтауыңызға болатын ыңғайлы құрал.

Бағасы $19.99 екен. Стол үстінде жатып 5 метлік аумақтағы дыбыстарды сапалы жаза алады. Барлық дыбыстық файлдар WAV форматында жазылады. Ішкі жадының көлемі 4,5 сағаттық әңгімені сыйғыза алады. Жалғыз айыбы оның ішкі 120mAH Li аккумуляторы 1,5 сағатқа ғана жетеді екен.
Әрі қарай

Карандашқа айналатын қағаздар!

Сыртынан қарағанда бұл қондырғы принтерді, шредер болмаса қалам ұштағышты елестетеді. Қондырғының жасалу мақсаты мүлде бөлек. Бұл гаджеттің көмегімен сіз керек емес қағаздан карандаш жасап алуыңызға мүмкіндік туғызады. Ол шін қағаздың бір бетін осы құрылғыдан өткізсеңіз болды, бірнеше минуттан соң карандаш аласыз.
Көлемі кіші болғандықтан, бұл гаджет қолдануға өте ыңғайлы және қарапайым.

Авторлары: Дизайнеры Ченжу Руан, Лю Юаньюань, Хинвей Юань и Чао Чен.
Әрі қарай