АОС өте ұтымды планшетті көрсетті

15:52 | 17 наурыз 2011

АOC компаниясы планшеттер нарқына өзінің 8-дюймдік планшетімен шықты. Ол планшетте 600 МГц жиілікте жұмыс істейтін Rockchip орналастырылған, Wi-Fi-модульі, 4 Гб-тық флеш-жадысы бар.
Планшеттің mini-USB-порты және microSD слот карты бар. Планшет Android OS 2.1. ке негізделген жүйеде істейді. Планшеттің бағасы 250 доллар.AOC және «Марвел-Дистрибуции» біріккен конференцияларында көпшілік назарына ұсынылды.
Бөлісу:

15 пікір

Zilola
Қз-да неше болар екен бағасы?
saken
екі есе қымбаттатқанның өзіңде бес жүз У.Е. болатын шығар.
Орташа алсақ алпыс мың теңгенің маңында болады деп ойлаймын.
Zilola
онда жуырда ала қоймайды екенмін :(((
saken
Қытайларға үміттенсек ше?
Zilola
қытайларға үміт артпасам да, мені ойлап шығарып қойған да шығар әлдеқашан :)))
негізі мұндай дүниені кезінде шетелге шыққандарға джинсыға тапсырыс беруші еді ғо, сол сияқты шетелге шығып жүргендерге айтып алдыртпаса, қз-да сатып алуға шама жоқ.
Arhun
Пай, шіркін, осы зат қолыма түссе ғой!
askerbek
Планшеттің көкесі Apple фирмасыныкі ғой.
balzaminka
Қасымдағы көршімде бар, бірақ Самсунгтікі. Наушник болмаса сөйлесу ыңғайсыз ғой деймін, бар минусы осы шығар )))
Gastarbaiter
Әуесқойлар мен мода қуушы офистік планктонға арналған функционалы мен күші бағасына татымайтын бір сезондық стильдік ойыншық деп ойлаймын. Бәлкім стереотипім шығар)
saken
өте ыңғайлы зат екенін байқадым. Ұшақта кино көріп отырған біреуді көріп. Ноутбукты зіл қара тас зат деп ойлайды екенсің сол кезде :))
Gastarbaiter
еркек болған түріңді ай...3 келіні зіл деп. Алпамыс аталарың естісе дамбалымен бетін басып жерге кіретін еді)))
KILYZAMAN
Қасқырбайкерау, неге ырылдадың? Мәселе салмағында емес, ыңғайлылығында болса ше?
Gastarbaiter
Әзіл — деген құбылыспен таныс болыңыз Қилеке)
KILYZAMAN
Өз еліміздеде жасала бастапты мына жерде
ardakkatarbayev
Жаңа ғана жаңалықтардан Googleден басып Apple озыпты, әлемдік деңгейде деген хабар естідім. Айпад жетістігі болар…