"Абайлаңыз, сиыр!" немесе депутат боламын десеңіз

Биылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фугадан» кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз мереке демалыстарына келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түңгі 12-ге дейін билет болмай «Ханшатырдан» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді.
«Абайлаңыз, сиырдың» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды, пиар қадамдардың бірі « «Абайлаңыз, сиырға» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық бұл неткен кино екен деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты.
Киностан: Абайлаңыз, сиыр! немесе депутат боламын десеңіз
Алайда байқап қарасаңыз Баян мен режиссер Асқар Ұзабаевтың дуэті көрермендерін «Ғашық жүректегідей» қанағаттандыралмағандықтан «уаааудан» гөрі, түрлі «уау» емес піріклер жазыла басады.
Өзім «Абайлаңыз, сиырды» көріп шыққаннан кейін шынымды айтсам ұнады, не ұнамады деген пікір айта алмадым. Ұнады дейін десең ұнамаған жерлері баршылық, ұнамады дейін десең жанры комедия болғаннан соң біраз күлтіртіп алған жерлері де, кейібір актерлердің ойындары да жақсы болғандығын жасырып қалуға болмайды.
Фильмнің актерлер құрамы өте жақсы таңдалған. Бәрі халықтың сүйіктілері:
1. Азамат Сатыбалдыны жағымсыз кейіпкер ретінде бірінші рет көруім бір бөлек болса, әрдайым қазақша сөйлеп жүріп аяқ астынан орысша сөйлеп кеткенін қабылдай алмай қалдым. Азамат керемет актер, бірақ бұл оның рөлі емес!
2. Әбунасыр Серіков «как всегда в своем репертуаре» аузынан шыққан әрбір сөзі тыңдаушысын күлкіге қарқ етеді. Нағыз комедия осы кісі болды.
3. Кішкентайымызда «Перекресток». «Саранча» фильмдері арқылы ойымда жағымсыз кейіпкер ретінде сақталып қалған Азат Сейтметов бұл жолы өзінің нағыз мұғалім екендігіне сендірді.
4. Айгүл Иманбаева фильм бойы жыныма тиіп отырды. Енді біііііііііііір жағымсыз кейіпкер сөзім жоқ. Өмірде де сондай адамдар болады ғой. Өз кейіпкерін өте тамаша аша білген. Егер жағымсыз кейіпкер ешкімге шыныменде жақпаса өз рөлін тамаша сомдап шыққаны дегенді естіген едім. Сол сөз дәл Айгүлге арналғандай ойыны керемет.
5. Сием, ой, Сэм! Өзі сонда топ-томпақ қонжық сиақты. Бұл актердің түрі таныс, бірақ кім екендігін есіме түсіре алмай қойдым. Алайда Сэмді бұл фильмнің сүйкімдііііііііііі кейіпкері деп атар едім.
6. Айгүл Маратовна! Баян өз ісінің шебері ғой. Рөлін өте тамаша алып шықты. Романтикалық комедиядан комедияның элементтерін Әбунасыр Серіковтен көрсек, романтика Баянда болды.

Енді фильмге келсек.
Фильмнің басы сонааау 1993 жылдан басталады. Ол жылдар мен әлі кііііп-кішкентай сәби болғандықтан есімде жоқ. Алайда Қисық өз рецензиясында жақсы деген баға беріпті. Алайда басы батыстық молодежный фильмдердегідей группадан біреуді алып алып соншама мазақ ететіндігі ұнамады шынымды айтсам. Шыны керек біздің қоғамда соооондай жабайылық жоқ қой.
Фильм басталғаннан соң 10-15 минут өтер-өтпес басты рөліндегі Айгүл (Баян Есентаева) Аққайнар ауылына келген кезінде, кондуктор қыз «Орталыққа барамыз! Ұзынағаш! Ұзынағаш! Үш орын!» деп айқайлап жатқанда орнымнан тұра қалып сол автобусқа отырып туған ауылым Ұзынағашқа кетіп қалғым келді
Ауылды, ауыл халқын, ауылдың қиыншылықтарын: кедір-бұдыр жол, сеть ұстамайды, мектептерде сыныптар қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталмаған деген сынды шындықты көрсеткен. Иә, қазіргі уақытта одан да жақсы ауылдар бар, бірақ шынымен де осы уақытқа дейін сеть жоқ ауылдар да баршылық екені өтірік емес. Алайда Айгүл әжетханаға барамын деп «Далекоооо за огородом» кетеді ғой сонда не үшін етті әжетхананың жанына жайып қойғаны (жалпы жазда етті солай жайып қойғанды өзім көрмеппін), ал малдың бастарын әжетханаға кіретін есіктің алдына іліп қойғанын шынымды айтсам дым түсіне алмады . Жалғыз қыз түнде, қараңғыда, қайдағы бір жоқ жерде жалғыз кір жуып, жайып жүр. Қыз баласы түнде суға бармайды, жалғыз жүрмейді деген қайда қалды??? 
Алдында кейбір актерлердің ойнағандары ұнады дедім ғой. Фильмде басты рөлдерде өз істерінің шеберлері ойнағанымен де жасандылық, мәтінді шынайы өмірді көрсетіп жатқаннан соң шынайы емес жаттанды айтатын кездер жиі кездеседі. Ең кішкентай мысал ауыл әкіміне әйелі «Неге маған гүл алмайсың?» деп айқайлап ұрысқанда не деп тұрғаны бір түрлі түсініксіз, «Неге маған гүл сыйламайсың?» десе бір жөн. Көзге түсіп қалатын осындай ұсақ-түйектер бааааар.
Қызық жерлері де жоқ емес ауыл әкімінің қызығынан өзге Айгүл Маратовнаға ғашық болып қалатын кавбой жігіттің «ерліктері», мұғалімнің баласының бұзақылықтары, Сэмнің бастан кешкендері дегендей есте қалар сәттер жетеді.
Фильмнің дыбысыталуында ақаулары бары шындық.
Фильмнің соңы хэппи энд болғанымен Марленнің түзелмейтіні өкінішті болды.
Фильмнің саундтректері ұнады! Әсіресе Арман Дүйсеновтың «Сен жайлысы»

Қорытынды: Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, ОРЫСша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рахмет айтамыз!
Не дегенімен фильм түсіру кез-келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да жаман, нашар деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда іштері ашығаннан соң солай бағалайды да, неге біздікілер солай жасай алмайды екен деп кеййді. Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ деп ақталады да қояды «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылда-жылда көрермендердің көңілін қалдыра берейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын

P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтседе рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды  Шындығында бүгін сетьке шыққан Арман Дүйсеновтың «Сен жайлысы» әсер етті
Әрі қарай

Асқар Ұзабаев: Мейрамбекті енді түсірмеймін



Режиссер һәм клипмейкер Асқар Ұзабаев «Время» газетіне берген сұхбатында «Сақина» қысқаметражды туындысының «Жан жүрегім — Астана» альманахына кірмей қалуының себебін, Ерболатқа неге продюсер болғанын және Мейрамбек Беспаевты киноға не себепті түсіргісі келмейтінін әңгімелеп берді.
Әрі қарай

Қазақстандық боксшының өмірі жайында фильм түсірілуде



Қазақ боксшысының спорттағы өміріне арналған «Жол» («Боксшы жолы») атты фильм түсірілуде. "ҚазАқпарат" агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес фильмнің премьерасы 2012 жылға жоспарланған.

Фильмнің режиссері Асқар Ұзабаевтың ("Ғашық жүрек или коктейль для звезды") айтуынша, көркем фильмдегі басты рөлдерге бекітілген жігіттер кәсіби актерлер емес. Олар елімізде өткізілген кастинг арқылы іріктелген.
Әрі қарай