Асқар Ұзабаев: Мейрамбекті енді түсірмеймін



Режиссер һәм клипмейкер Асқар Ұзабаев «Время» газетіне берген сұхбатында «Сақина» қысқаметражды туындысының «Жан жүрегім — Астана» альманахына кірмей қалуының себебін, Ерболатқа неге продюсер болғанын және Мейрамбек Беспаевты киноға не себепті түсіргісі келмейтінін әңгімелеп берді.

— Әу баста мен альманах үшін мүлдем басқа оқиғаны түсіруге тиіс болатынмын. Ол оқиғада биік ғимараттардың терезесін жуушы жігіттің кеңселердің бірінде отырған қызға ғашық болатыны суреттелуі керек-ті. Біз жобаға өте жақсы келетін ғимаратты да тауып қойдық. Өзге жерде түсірудің еш мағынасы болмады. Бізге ол жерде жұмыс істеуге басында мүмкіндік берген, алайда тура түсірілім алдында рұқсат етпей тастады, себебі ғимараттың иесі Батуринаның (Елена Батурина, Мәскеудің экс-мэрі Юрий Лужковтың жары) аяқ асты бір проблемалары шығып қалған екен. Маған бір тәулік ішінде жаңа оқиға ойлап тауып, сценарий жазуға тура келді. «Сақинаның» идеясы ойымда бұрыннан жүрген болатын, тек дәл осылай асығыстықпен жүзеге асырамын деп ойламаппын. Ақыр соңында менің туындым алманахқа бәрібір кірмей қалды.

— Жаңа фильм не болып жатыр?
— Қазір «Қазақфильмде» түсірілген «Боксер» туындысын монтаждап жатырмыз. Ұйқы жоқ, күлкі жоқ, жұмыстан қол босамайды, тезірек бітіру керек, кезекте «Дети майонеза» деген уақытша аты бар студенттік өмір туралы сериал тұр. Таныс жігіттер жазып берген бұл сценарий өзіме қатты ұнайды. Менің басты талабым – бәрін жақсы жағынан көрсететін, студенттері жібектей глянец жасамау. Бізде бәрі шынайы және күлкілі. Сериал Шымкенттен, Петропавлдан және Астанадан келген үш студент туралы болмақ. Түрлі ортада өскен осы үшеудің өмірін қалжыңға сүйеп сөз қыламыз. Жеке өзімнің күлкімді келтірген бір оқиға бар: астаналық министрдың баласы институтқа түскенде, ректор факультет деканына «Сен оны аялап, әлпештеп жүру керексің», — дейді. Деканның «Төрт жыл бойы ма, не?», — деген сұрағына «Жоға! Ары кетсе 10 күн, одан кейін өзі де сабаққа келмейтін болады», — деп жауап береді. Міне, осылай кете береді.

— Клип түсіруді қойдың ба?
— Жоқ, себебі, мен осы салада нан тауып жеп жүрмін. Бірақ, қазір клип түсіруде жұмыс таңдайтын мүмкіндікке ие болдым, ал студиядағы режиссерлік тірліктің үлкен бөлігін Ернар Нұрғалиев атқарады. Біз Ресейден орындаушыларды музыкалық видеоларын түсіріп беру үшін өзімізге біртіндеп тартсақ па деп отырмыз. Олар бізде арзан әрі сапасы кем емес дүние түсіруге болатынын байқап үлгерді.

— Кезінде біздің әншілер де Өзбекстаннан шықпай қойып еді ғой.
— Ия, бірақ, өзбекстандық клиптер Abibas секілді. Ол жерде түсірілген өнім бірден білініп қалады. Қазір біздің әртістер арасында Өзбекстанда клип түсіру абырой емес. Яғни, ол жаққа барып түсірсең ақшаң жоқ деген сөз. Ал жеке өзімнің ролик түсіруге деген қызығушылығым төмендеп кетті. Оның үстіне орындаушылар да жоқ. Ерболат жобасын бастаған кезде-ақ мен тыңдауға жағымды және видео түсіруге қызықты музыка жасауды басты мақсат етіп алғанмын. Негізі әртістер мен продюсерлердің өзі не қажет екенін білмейді. Мысалы, маған бір қыз келеді де «Мен клипте Бейонсе секілді билеу керекпін» дейді. Бірақ, ол Айгүл сияқты билеп тұрса, мен не істеймін? Ал режиссердің ұсынған креативті ойлары ұнамай жатады. Айтпақшы, қазір қазақша рэп оқитын бір жігітпен жұмыс жасап жатырмын. Керемет оқиды! Мен оған тегін клип түсіріп беремін, кейін жарыққа шығарамын. Көмектескім келеді, себебі, ол керемет адам.

— Екінші Ерболат бола ма?
Ерболат – толығымен ойдан шығарылған, жасанды жоба. Мен продюсерлерге аса қиын іспен айналысып жатпағандарын дәлелдегім келді. Ә деп іске кіріскенде, продюсерлер миығынан күлген. Бірақ мен оларды «Мен қазақпын» композициясымен естерінен тандырдым да, «Біздің жігіттер» арқылы мүлде сілейтіп тастадым. Осыдан кейін олар маған өлең жіберіп, қайсысына клип түсірейік деп сұрайтын болды. Әлі күнге солай істейді. Ал мен білмеймін. Оларға не керек екенін қайдан білейін.

«Біздің жігіттер» клипін Интернетте зорлық-зомбылықты насихаттады, қазақ пен қазақты ит құсатып төбелестіріп қойды, бұлай істеуге бола ма деп әбден жерден алып, жерге салды.
— Шешен жігітті ұрды деген сөз де бар. Бұл таза маркетинг қой. Ерболатпен жұмыс бастағанда мен махаббат туралы ән айту, басқалармен бірдей болу деген сөз деп айтқанмын. Клип те сондай. Егер біз Қазақстан туын сондай бір отансүйгіштік сезіммен көтеріп жатқан жігіттерді көрсетсек, ешкімге қызықсыз болар еді. Адамдарға бұрын алдарынан шықпаған дүниені ұсыну керек. Шымкент пен түрлі аймақ қазақтарына Ерболаттың өлеңдері өте қатты ұнайды, олар ләззат алады. Ал екі-үш білімі бар қала қазақтарына мұндай дүние ұнамайды. Бір нәрсені түсіну керек, бұл – сатуға шығарылған өнім. Болды, басқа ештеңе емес.

«Ғашық жүректің» жалғасын түсіруден неге бас тарттың?
— Себебі оқиға бірінші бөліммен бітті және мен оның жалғасына сенбедім. Екінші серия маған кәсіби тұрғыдан ештеңе бермес еді. Мен өспес едім.

— Ал, сол Есентаевамен бірлесіп қолға алып жатқан «Тракторист» сені өсіре ме?
— Әрине! Неге екені мен бұл фильмнің Қазақстанда 2 миллион доллар жинайтынына сенімдімін. Ол – қай жағынан алып қарасаң да коммерциялық, есепке негізделген, «салқынқанды» жоба. Көрермен жылайтын жерде жылайды, күлетін жерде күледі. Оқиғасы мынау: «Газпромның» ресейлік олигархына күйеуге шыққалы жүрген қалалық сәнқой әйел (осы жері менің ерекше мақтанышымды туғызады, өзім ойлап таптым) қазақ ауылына тап болады. Есін жоғалтқан, өткен өмірі жадынан өшкен ол жергілікті тракторшыға ғашық болады. Екеулеп олар ауылды көтере бастайды дегендей. Бұл жерде ауыл шаруашылығы мәселесі де, шала қазақтар да, махаббат та бар. Сәнқойды Баян Есентаева, ал тракторшыны Берік Айтжанов ойнайды.

— Берік тракторшы емес қой.
— Есесіне ол — актер. Беріктің актерлік шеберлігіне мен Құдайға сенгендей сенемін. Айтжанов киллерді де, қарапайым механизаторды да ойнай алатынын дәлелдегісі келеді. Мен маған қажетті дүниені жасай алмайтын әншілермен жұмыс істеуден жалықтым. Мысалы, Мейрамбек секілді: ол тек Мейрамбекті ойнайды, себебі ол Мейрамбек қой.

— Авторлық кино туралы қандай жоспарың бар?
— Мен осы коммерциялық жобалардың бәрімен өз арт-хаус фильмдерімді түсіру үшін айналысып жүрмін. Біздің елде киноны тек өз ақшаңа ғана түсіру мүмкін екеніне көзім жетті. Саған келіп «Бауырым, сен мықты екенсің, сенемін саған! Мә, ақша, керегіңе жарат» дейтін инвестор жоқ. Осы себепті қазір мен кейін шығармашылықпен еркін айналысу үшін капитал жинап жатырмын.

Мақаланың түпнұсқасы автордың рұқсатымен «Время» газетінен алынды.
Авторы — Төлеген Байтүкенов
Аударған — Дінмұхамед Зиядин
Бөлісу:

20 пікір

patick
Рахмет, көп нәрсе білдім
qisyq
Ел үшін ғой сол бәрі…
meirzhan
Тақырыпқа қарап Мейрамбек туралы көп айтылды ма десем
a63a1
менде солай меңзегем. қызықты ақпарақ екен
a63a1
үстіндегі екеуі неге бір бірімен сөйлесіп отыр?
qisyq
Кешір, Мейіржан…
meirzhan
Әрине, Қисық. Себебі сенің бүгін туған күнің ғой!
TERISKEY
sauir ayina 1 ay uakit bar emes pe, Meke?
meirzhan
Фейсбукшілердің патша көңілі қаласа, бүгін-ақ туған күні бола салады ғой
Janasil
Шымкент пен түрлі аймақ қазақтарына Ерболаттың өлеңдері өте қатты ұнайды, олар ләззат алады. Ал екі-үш білімі бар қала қазақтарына мұндай дүние ұнамайды.
 мынамен не айтқысы келді екен.
Gastarbaiter
Базар жоқ Тезкама риза болдым. Блоггерлер мен идеялы жігіттердің барлығының құлақтарына платин сырға…
Елім үшін, халқым үшін деп бұтақты жемей, кедеймін зато ұрлық жасамайм деген отмазканы қойып, қозы өсіріп сатсаңдар да қаззақтың ұлы дәстүрі тиын істеумен айналысыңдар. Маслоу бойынша, адамның, әсіресе шығармашылық адамының өзін өзі жеке тұлға ретінде жүзеге асыруы ең жоғарғы армандарының бірі, өмірінің мәні. Қажетті қор жинап алғанда мақтануға тұрарлық дүние жасаймын десең де, ақшаның көтін қуып мәңгі коммерциялық әрекет қуам десең де өзің білесің. Стартап, презентация жасаған кезде алдымен соны ескеру керек. Талай идея ақшасыздықтан құрыды. Талай ақша идеяның нашарлығынан құрыды.
satibaldi
Талай идея ақшасыздықтан құрыды. Талай ақша идеяның нашарлығынан құрыды.
Лібәд, празы дүниеге келд. Дачы!!!
Gastarbaiter
Өзгерте беруге болатын әмбебап паста ғой. Талай бөтелкелес арақ жоқтықтан қашып кетті, талай арақ бөтелкелес нашарлығынан құрдымға кетті.)))
satibaldi
Жалпы пормуласы да белгілі ғой: сөйлемнің басы — сөйлемнің аяғын инверт жасап тұрса болды.
Бірақ соны өзін пайдалана білу де хуйнер боп тұр, нақтың.
rauka
Ерболаттың клиптерінің авторын таныдык, жақсы аударып, беріпсің!
Zhanylai
«Жан жүрегім — Астана» альманағы ұнады… 10 режиссердің 10минуттық сюжеті — 10 түрлі қорытынды шығарасың. Бірақ 10 сюжеттің екі-үшеуі қазақша. Жасұлан Пошановтікі таза қазақша.
araika
«Тракторист махаббаты»-н күтетін болдық, бір жылдары хит болған әлгі ән орындалар ма екен, қызық? Кино әлемінде кезінде "Қымызхана"-ның қымызын ішіп жүретін Әділ Ахметовті мықты актер дер едім. Айтжанов айтпаса да…
Zilola
Кезiнде бул томпашка КВНде ойнаушы едi го ия
omarbirat
Иә, Нұртас, Сәбиттермен бір командада ойнады. Иняздың жігіттері ғо
punk
— Ия, бірақ, өзбекстандық клиптер Abibas секілді. Ол жерде түсірілген өнім бірден білініп қалады. Қазір біздің әртістер арасында Өзбекстанда клип түсіру абырой емес
Бұл, анық енді… Дау жоқ, )))