"Интернеттегі қазақ тілін дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Шілденің 20-шы жұлдызында Алматыда ″Қазақстанның Интернет Қауымдастығы″ және “GSM Kazakhstan” ұйымдастырған ″Интернеттегі қазақ тілін дамыту жолдары″ туралы дөңгелек үстел өтті. Басты пікірталастар казақ тіліндегі контентті дамыту, сайттарды басқару жүйелерін қазақ тіліне аудару және веб-терминдер сөздіктерін құру төңірегінде өрбіді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жетекшілік етіп, спикер ретінде Жаржан Құлмырза, Руслан Минулин, Рауан Кенжеханұлы, Асхат Еркімбай, Рамазан Ерсұлтан, Владимир Төреханов қатысты. Ең бірінші айтылған мәселе интернеттегі қазақ тілді контентті көбейтуге мемлекеттің атсалысуы болды.

Мұрат Әбенов үкімет бөлген 500 млн теңге қаржының сәтсіз жұмсалғанын мәселе ретінде айшықтады. Осынша мөлшерде бөлінген ақша бар-жоғы 2 сайтты әзірлеуге жұмсалыпты. Бұдан басқа интернеттегі қазақ тілді контент дамуына кедергі болған жайт техникалық мүмкіншіліктер, бүкіл гаджеттердегі қазақ әріптерінің болмауына байланысты жоғары көтеріліп отырған латын әріптеріне көшу мәселелері күн тәртібінде тұрғаны айтылды. Алайда талқылау барысында осы кемшіліктерді жоюдың нақты жолдары да аталды. Олардың арасында контент басқару жүйесі арқылы сайттарды қазақ тіліне аудару жұмыстарына назар аударылды. Бұл тәжірибеге орай “Worldpress”, “Drupal” сайттары арқылы аударма жүзеге асты және жаңа “KazakhGlossary” атты веб-терминдер сөздігі жарық көрді. Бірақ бұл жаңалық жұрт назарына салынғаннан кейін ең бірінші болып “ 100% аударманың % үлесінде тиімділігі қаншалықты?” деп сұрақ қойылды. Бұған жауап ретінде бұл жұмыс әлі жүргізіліп жатқандығы, даму барысындағы процесс екенідігі айтылды.

Өз кезегінде, қазақ тілінің әлеуметтік желілерде дамуына үлес қосып жүрген Руслан Минуллин өзінің “ Let’s speak Қазақша ” жобасының мазмұнын ортаға қазақ тілінде салды. Осымен қатар талқылау үстіне ҚМЭБИ студентерінің Facebook әлеуметтік желісінде “Сөйле” атты қазақ тілі тобын құрғаны және олардың тек он-лайнда емес, сонымен қатар офф-лайнда да қазақ тілінде карым-қатынас жасайтыны айтылды. Қазақша Уикипедиа да өзіне көмек ретінде әр адамның өз қолымен сапалы мақала салып үлесін қосуға шақырды. Қазіргі кезде ағылшын тілінде Википедианың құрамы 3679000, орыс тілінде 738324 мақаладан тұрса, қазақ тіліндегі жас уикипедиадағы мақалалар саны 59776. Оның келешегі әр азаматқа байланысты дейді мамандар.

Асхат Еркімбай жұртшылық алдына көңіл аударарлық мәселені “билингвалды қоғам” деп танытты. Яғни сайттардың көбі орыс және қазақ тілінде болғанымен, жұртшылық сайттардың қазақ тілі бөліміне кіріп көріп, жұмысын орыс тілді бөлімінде жалғастыратынын айтты. Бұған дәлел болғаны “Air Astana” сайтының қазақ тілді бөліміне катысушылар үлесі жылына 5% құраса, бүгінде сайттың қазақ тіліндегі порталынан мүлдем билеттер сатылмайтыны. Бұған себеп халықтың қазақ тілді сайттарға сенімсіздік басым болғаны. Бұған себеп қазіргі кезге дейін қазақ тілді сайттардың жазылу форматында қате көп болғаны.

Жиналыс соңында Рамазан Ерсұлтан өзінің сапалы аударымдарға көмек беретін оқытушы скринкасттарымен көмекке келді. Бұл скринкасттардың қарапайымдылығын олардың 2-3 минуттан аспайтын видео екені дәлелдейді. Жаз мезгілінің аяғына дейін Қазақстан Интернет Қауымдастығы 70-ге жуық скринкаст шығаруды жоспарлап отыр.

Үш сағатқа созылған дөңгелек үстел барысында талқылаулар өте мазмұнды және сапалы өтті деп айтуға болады. Спикерлер бір-бірін сынау арқылы дұрыс жол таба білді деген сенімдеміз. Және интернетті қазақ тілді контенттің тағдыры оған бей-жай қарамайтын адамдардың қолында екеніне көзіміз жетті.
Әрі қарай

“Мінбер” қорының журналистерге арналған тренингтері өтті

24-25 маусым күндері Астанада Назарбаев университетінде еліміздің әр өңірлерінен келген журналистер үшін “Мінбер” журналистерді қолдау қоры тренингтер өткізіп, жаңа медиа технологияларын үйретті.

Әрі қарай

Кибершайханалықтармен реал кездесу


Кеше Асхат бастаған Кибершайхана авторлары Neweurasia-лық жігіттермен кездестік. Американ Крис кітаптың редакторы, ал неміс Оливер дизайнері екен. Кітап идеясы және техникалық тұстары төңірегінде жақсы сұрақ-жауап диалогтар болды. Кейін астаналық блогшылардың штаб-пәтеріне айналған Тағам кафесіне барып сұхбатымызды жалғастырдық. АҚШ пен Еуропадағы БАҚ, интернет, жалпы қоғам туралы пікірталастық. Асхатқа рахмет, ерінбей аударып отырды бәрін.
Астаналықтар бұл жолы да «белсенділіктерімен» көзге түсті.

P.S sammita-ны көрдім :)

сурет: qazaq.kz
Әрі қарай

"Кибершәйхана" кітабының тұсаукесері. Фоторепортаж

Кеше кешкісін Астанада Қазақ блогосферасының іргесін қалаушы Асхат Еркімбайдың ұйымдастыруымен Орталық Азияның блоггерлері туралы “Киберчайхана. Виртуальные беседы из Центральной Азии” атты кітаптың тұсаукесері болды.



Әрі қарай

Блогшылар "Нысанаға" ілікті

Керекинфода “ Блогшылар “ Азаттыққа” шықты” деген тақырып болған еді… Қарап жүрмей, “ Нысанаға” да ілігіпті “құрғырлар”. Әрине, осы аттас әзіл отауының емес, “ Жетінші арнадағы” жұлымыр бағдарламаның нысанасына…

Әрі қарай

Блог-құрылтай: қызықты суреттер мен видеолар

19-20 наурызда өткен Блог-құрылтайға қатысып бір серпіліп қайттық Алматыдан. Тіліміз дамымайды деп қақсай бергеннен гөрі осындай шаралар ұйымдастырсақ бәрі де алға басар еді.



Асхат пен оның командасына көптен-көп рахмет айтамыз! Алла істеріне разы болсын!

Сол Блог-құрылтайда үлгергенімше түсіріп, "Қазақ" Интернет-журналына мынандай материалдар салып едім, тамашалаңыздар:

Блог-құрылтай: Қалып қойған суреттер мен видеолар

Блог-құрылтай: Старт-апта кім жеңді?

Блог-құрылтай: белсенділер де марапатталды

Блог-құрылтай: Жанарбек Ақыбиұлының сөзі

Блог-құрылтай: үздік блоггерлер кімдер? (жалғасының жалғасы)

Блог-құрылтай: үздік блоггерлер кімдер? (жалғасы)

Блог-құрылтай: үздік блоггерлер кімдер?

Блог-құрылтайдың 2-күнінен фоторепортаж

Блог-құрылтайға қатысушылардың пікірлері – 4

Алматыдағы Блог-құрылтай. 2-күн

Блог-құрылтайға қатысушылардың пікірлері – 3

Майталман блоггер Нұрғисаның Блог-құрылтайға жыр-арнауы

Блог-құрылтайға қатысушылардың пікірлері – 2

Қазақ блог-құрылтайы өтуде.

Блог-құрылтайдың баспасөз мәслихаты өтті

Блог-құрылтайға қатысушылардың пікірлері – 1

Қазақ тарихындағы тұңғыш Блог-құрылтай басталды

Әрі қарай

Астана блогшылары. Алғашқы кездесу

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының “аттанына” салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз
. Жиналдық. Кеше “қағаз толғатып, кәзет туатын” күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. “Алматыдан Асхатарнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..” деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, “Шербеттің” ұзын үстелінің қос қапталын

шылғи блогшылар “басып алыпты”. Араларынан әзер дегенде адам сиярлық орын таптым Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесуОң-солыма мойын созып қоямын, алдымда “Қазақтелекомнан”, ақпараттық жүйелер дирекциясынан Ержан Нүсіпбеков деген ағамыз, төр басына қарай Парламент депутаттарының арасындағы жалғыз “штук” блогшымыз Мұрат Әбенов отыр екен. Одан бергісі, өзіміздің Бекжан Толыбай, Ерлан Оспан, Аршат Оразов, Айжаннұр туған сіңлісі Айсұлумен, Фазылбек Әбсаттарұлы (“Жас қазақ үні” газетінің бас редакторының орынбасары), Виктория (Қарақыз), ерлі-зайыптылар Нұрғиса Асылбек пен Кәмшат Тасболат, Рауан Сәбитұлы (“Сақшы” газетінің бас редакторы), Рахат Жақсыбайұлы (КZ жобасы), Әйгерім (Dabai.kz), әрине, өзіміздің Өрімтал болды. Бетіме бөрткен шығардай ұялатын жерім – мен танымайтын, танысқанмен қазір аты-жөнін ұмытып тұрған 5-6 қыз жігіт болды (кешіре гөріңіздер). Әрине, Дәруішөлгеннің “01-ші” демократы Амангелді Құрметұлы (“Тамшы”), “Алаш айнасындағы” Бүркіт Нұрасыл (“Ақиық”), Салтан Сәкендердің (“Жүрек сөзі”) қатыса алмағаны қабырға майыстырды. Қайтесіз енді… Мұрат Есжан (“Тұспал сөз”) Алматыда, Серік Мұратхан (“Көкжал”) Токиода, білесіздер. Жарайды, жиырма ауыз тәтті шай мен пиццадан ала отырып, қырық құлақ Асхаттың блогкэмп форматын түсіндіргеніне қарай түріліп, тыңдады. “Кімнен кейін кім сөйлейді”, “КИМЭП-тің әжетханасы қайда?”, “кофе-брейкте көк шалап беріле ме?” деген сұрақтар миымызда туып үлгермей жатып, жауабын беріп тастады. “Кім, кім?” Асхат! Очм, Ұлыстың ұлы күніне қарай болатын құрылтайымыз сайлаудың қарсаныңдағы перфоманс, я саяси-діни ұрандар айтылып, ұрыс-ушудан жарысатын жер емес екенін жеткізді. Бұл жай ғана блогшылардың бас қосып, презентациялары арқылы пікір алмасып, білгенімен бөлісетін жиыны. Артық ештене тілемеңіз де, күтпеңіз де…
Әрі қарай

Астаналық блогшылар, аттан!

“ Аттан” деп атқа қонатындай төтенше жағдай туып тұрған жоқ. Тек “ блогшылардың бабасы” дейтін Асхат Еркімбай бұйыртса, Астанада бір күн болады. Ол бір күні, ертең емес, арғы күннің ертеңі, общым7 ақпанда біздің қалада болады деседі “ Дабайликс” ақпарат агенттігі. Соған қарсы жиналсақ, бас қосып,Блогкэмптің форматын түсіндіріп берсе деп отырған ойымыз бар. Өзі де сол мақсатпен келемін деп кеше түсімде аян беріпті.
Әрі қарай