Айқынның өлеңдерінің мәтіні неге айқын болмай тұр?

Жақында Кенжебек Жанәбіловтың орындауында «Адалдық өткелі » атты әнін тыңдап отырып досыма, мына әннің сөздері қандай керемет деп тамсанып айтсам, досым «білмейм ән текстіне назар аудармаймын, маған әдемі әуен болса болды» деп жауап қайтарды.Соған қарап қазіргі жастардың барлығы әннің мәтініне назар аудармайтын болған ба, не тыңдап жүргендерінен өздері де хабарсыз ба деп ойладым.Өйткені қазір қазақ эстрадасында мәтіндері сапасыз, мәнсіз әндер көбейіп кетті.Мысалға, Қазақ эстрадасының «жарық жұлдызы» Айқын Төлепбергеннің жаңа (мүмкін ескі болар, мен жақында естідім) «Сен барда » деген әнін естіген боларсыздар. Сәл бұрынырақта дәл осы әншінің «ПаҺ паһ» деген әнінің сөздері белгілі қоғам қайраткерлері мен ақындар тарапынан қатаң сыналып, басы дауға қалған болатын. Бірақ Айқын мырзаның бұл оқиғаға қатты қайғырып қапаланбаған ұқсайды. Неге десеңіз келесі әндерінің сөздеріне аса қатты мән бере қоймапты. Төменде «Сен барда» әнінің сөздеріне қараңыз





Сұлу жүзіңнен, нәр аламын мен
Мас болып калып, тәтті деміңнен
Бұйра шашыңнан айналдым еркем
Қара қасың жерге төгілген.

Алғашқы үш жолға қатты сын айтпай ақ қояйын, ұйқастыру жағынан Қалқаман Сариннің деңгейінен жер мен көктің арасындай арақашықтықта болса да әйтеуір мәні бар сияқты. Ал төртінші жол. Қара қастарың жерге төгілен. Бұл жолдарды кім жазса да сұлулық салонында қастарын жұлдыртып жатқан қыздарға қарап шабыттанып отырып жазған болу керек. Басқа анықтау таба алмадым.

Жүрегім тулап, кеудем от болды
Күйіп, жанып турып, күлі шыгып, тұт болды.
Жаным балқыды, жаным айыққандай
Саған ғашықпын айтам жасқанбай.
Жаным айыққандай, тұт болды деген сөздің мағыналарын түсінбедім. Қазақ тілінің сөздік қорында жаңа ұғымдар еніп кеткен бе?

Сен барда, батырмын
Сен барда, ақынмын
Келші, келші күлімдеші
Әніммен, тәніммен мен ғашықпын

Қайырмасына no comments

Қос жанарыңнан,қиғаш қастарың
Беліңнен қылдай, жаным балқыды
Қара шашыңа жарасып бұрымың
Қуантар көзді тәтті қылығың
Ерніңнен сүйсем кұмарым қанбас
Ақыл есімнен тандырады, мені біраз
Махаббатым да сен, жүрегім де өшпес
Ағын сумен жуса дағы кетпес.

Хмм қара шашыңа жарасып бұрымың… Шаш ол шаш, бұрым сол шашты сәндеу үлгісі. Бұрым сол шаштың өзінен жасалып отырса, ол қалай шашқа жарасуы мүмкін? Әдетте мына шаш үлгісі саған жарасады деп айтады емес пе? Шаш үлгісі адамды сұлуландырады, ажарландырады, бет пішінін өзгертеді. Белгілі бір шаш үлгісі шашқа емес адамның өзіне жарасу үшін жасалады. Сондықтан бұл жерде тал бойыңа жарасады бұрымың десе орынды болады.
Жалпы әннің мәтінін тұтастай алып қарайтын болсақ, бірінші класс оқушыларының жазған шимай шатпағы секілді.Қазір сыншыл ақындар Төреғалидің әндерінің текстіне тиісіп жүр. Бірақ бұрын айтыскер ақын болған Төрештің әндерінің сөздері, мынаған қарағанда шедевр.
Жарайды мен кәсіби критик емеспін. Сөздің жілігін шағып, майын ішкен тіл мамандары, ақын- жазушылар бұл әннің мәтінін талдап кеп жіберсе қателер шұбырып шығатыны күмәнсіз. Айқынның әндеріне мәтін жазатын кісі не шегеді екен?)))
Әрі қарай

«Қазақстан дауысына» қатыстың ба?

Музыкалық сайыстарды жай ғана конкурс, бастысы — жеңіс деп есептейтіндер, меніңше, ұтса да ұтылады, ұтпаса да ұтылады. Қазір шоудың заманы, «темірді қызған кезінде соқ» немесе конкурс қана емес, трамплин деп біл.
Әрі қарай

Twitter желісіндегі жұлдыздардың сауаттылық деңгейі

«Бізде шоу-бизнес жоқ, бәрі той бизнеске айналып кеткен © Қазақ қоғамы»

Блог - Ispek92: Twitter желісіндегі жұлдыздардың сауаттылық деңгейі
Бізде әупірімдеп, сүйретіліп келе жатқан шоу-бизнес бар. Шоуын қайдам, бизнесін керемет дамытып жатыр…
«Ән мен атақтың жолында күнін де, түнін де қаладан-қалаға жетумен өткізетін жұлдыздарымыз кітап оқи ма екен осы?» — деген ой келеді. Оқитын шығар… ұшақта, пойызда уақыт табуға болады.
Уақыт демекші, жұлдыздарымыз әлеуметтік желілерде өз аккаунтын жүргізуге уақыт тауып жүр. Әсіресе, Twitter әлеуметтік желісінде көп олар, биыл көбейді.
«Біздің жұлдыздар да шетелдік жұлдыздармен иық тіресіп келеді, интернетті пайдаға асыра алады» — деп, марқайып қаламыз. Сосын түңілеміз. Тіпті еңірейміз. Болмаса, күлесіз.
Әрі қарай

Кеш жарық

Соңғы кезде біздің телеарналарда әншілер мен әнге қатысты бағдарламалар көбейді. Соның бірі өз форматын жиі өзгертіп отыратын «Кеш жарық» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның соңғы нұсқасы қызықтырақ екен. Екі әнші бір-бірінің репертуарынан ән орындайдыф екен.Мен тек кешегі бағдарламаны ортасынан, соңғы екі әншілердің сайысқанын жерінен бастап көріп қалдым. Бұнда да сыртай отырып алып әншілерді сынау, мақтау бар екен. Обшым, жалыққанша көруге болатын тәрізді. Ұлжан Айнақұлова атты әнші апай жалпы өзіме ұнай қоймайтын.Кеше Айқынынң әнін тамаша алып шықты. Айқынның орындауындағы сол әнді толық тыңдамаған екенмін,Ұлжан апайдың орындауында тамаша шықты. Бұл бағдарламаны көріп жүргендер бар ма?
Әрі қарай

Ерлан Оспан, IT маманы: Жаңалықты телеарнадан емес, микроблогтан ертерек білеміз

  • KazNET

— Ерлан, сарапшылар жыл ба­сында «2011 жылы қазақ интер­нетінің дүмпуі болады» деп болжап еді. Сіздің ойыңызша, қазақ ин­тернетінің өрістеу динамикасы көңіл көншітіп жатыр ма? Қазірше бұл сала көбіне тек өзіңіз сияқты энтузиастардың арқасында тілін қазақшаға бұрап жатқан жоқ па?
— «Сарапшылар» неменеге сүйе­ніп «дүмпу» болжағаны мен үшін жеті қат жердің астындағы құпия. Серпілістің қандай алғы­шарттарын көріп, «дүмпу» туралы қорытындыға келді екен? Ал қазақ интернетінің өрістеу қарқынына келетін болсақ, мұнда әділдіктің шыңы орнаған деп білемін: біз қандаймыз — интернетіміз де сондай.
Қазақтілді интернетті дамытуға құзырлылар да, құлықтылар да кей­де арты шаманизмге ұласатын әрекеттер жасайтын сияқты. Ақшамен көмкерілген дауылпазды сабалаған топ отты айналып жүгі­ріп жүр. Барлығы аласұрып, бір тылсым формула іздеуде.
Әрі қарай