Жыламашы, жарығым... (өлең)

Блог - ErzhanKhamitov: Жыламашы, жарығым... (өлең)
Суретте: лаңкесшілердің қолынан қаза тапқан Даниель Майлыбаевтың ұлы.

Бір-ақ сəтте лайланып сала берді-ау тұнығың,
Бір-ақ күнде қатайып кетті сенің жұлының.
Көз алдымда бұлдырап өтіп барады өмірің…
Не деп сені жұбатам?!
Не айтайын, құлыным…

Асқар таудың бір сəтте шөгетінін кім білген…
Бір-ақ сəтте қайғы-мұң төнетінін кім білген…
Бір-ақ күннің ішінде сəби көңіл шатынап
Өлетінін кім білген…

Ашық күнде көгіңнен қайғы жауып, құлады ар,
Жыламашы демеймін…
Жыла, ботам, жылап ал…
Енді сенің маңдайың — өмір жазған бір дастан
Ауыр оның сұрағы əр…

Кеше ғана бала едің, қайғы-мұңнан басқа əні,
Тағдыр осы…
Бір күнде-ақ сені есейтіп тастады…
Сенің əкең — хас батыр!
Жоқтап шықты түнімен
Ақтөбенің аспаны…

Өр əкенің ұлысың!
Жігеріңді жанығын!
Жетеді оған намысың, ерік-жігер, танымың!
… не деп енді жұбатам, не деп енді алдайын?
Маңдайыңнан сипайын,
Жыламашы, жарығым…
© Ақтөбелік ақын Индира Кереева

09.06.2016 ж. Қазақстан Республикасында қаралы күн! Мемлекеттік аза тұту күні!
Ақтөбедегі террористердің кесірінен зардап шеккен отбасыларға қайғырып көңіл айтамын!

Инстаграм
Твиттер
Фейсбук
Әрі қарай

Бүгін "корпоративка":)

Жыл соңы да жақын. 2012 де тәмәм болмақ, аз күнде. Бүгін біздің ұжым үшін ЖЖ. Ұжым боп тойлаймыз. Жаңа жылдық кештің бағдарламасында біраз жақсы дүниелер бар деседі білгіштер. Иншалла, мен қызмет еткен ресми 4 інші жұмыс орным, бұйырса, 3- ұжымдық кешім.
Ал, Сіздер қанша ұжымда болдыңыздар осы кезге дейін, ЖЖ дық кешті қайда тойлайссдар?
Керекинфоның Жаңа Жылдық кеші болдаы деген де идея болған еді, ол енді аяқсыз қалды.
Әрі қарай

05 маусым - Қаралы күн

«Арқанкерген» шекара бекетінде шекарашылардың қаза болуына байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасында 5 маусым ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қаза болған бауырларымыздың имандары жолдасы болсын, отбасыларына сабыр тілейміз.

Жатқан жерлерің жайлы болсын бауырлар. Тәңрі Қазақты қолдасын!




фото: С.Сейітов (Астана ақшамы)
Әрі қарай