Қонақта салған голдың "дәмі" тәтті болады

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдері де басталып кетті. Бұл іріктеу кезеңі еліміздің осы додаға түскен футбол клубтарына әзірге сәттілік әкелуде. «Астана» ФК санамағанда әрине. Футболшыларымыздан тек жеңіліс күтіп үйреніп қалған біздер бұнда батпан құйрықты күтпеген едік. "Өтсе «Ақтөбе ғана өтер», «Шапса біразға дейін солар ғана шабар» деген самарқауық та болды. «Ертіс» командасынан «Левскийге» екі гол соғатын ерлікті ешкім күтпеді мысалы.
Әрі қарай

Суперкубок – «Ордабасыда», «Шахтер» қалды егіліп...


«Шахтер» қақпасы маңындағы қауіпті сәттердің бірі
(Суреттер kff.kz сайтынан алынды)

Күні кеше «Астана аренада» еліміздің қос майталман дружинасы – «Ордабасы» мен «Шахтер» суперкубокты сарапқа салды. Жыл сайынғы дәстүрлі бұл дүбірлі дода ел біріншілігінің шымылдығын ашушы футбол спектаклі екені әмбеге аян.

Шымкенттіктер сақадай сай еді. Оңтүстіктен командасының шын жанкүйерлері жолдың қашықтығына қарамастан, ат терлетіп жеткен. Көмірлі алқап та қарап қалмапты,

Әрі қарай

Қайғыра көңіл айтамыз...

Қарағанды облысының әкімдігі облыс халқының атынан «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлеріне кешегі өткен кездесуде сүйікті командаларының 1 доп айырмасымен жеңіліп қалғанына қайғыра көңіл айтады…

Әрі қарай