Сөзі өтті

-Жұмыс бастан асып жатыр. Тынысым тарылып барады. Басым ауырып тұр, ал сен жәйбарақат компьютерде отырсың! Андағы отырысыңның жиіркеніштілігі соншалық, нервке тиесің!
-Қойшы! Не істедім саған? Өз жайымда отырмын мен! Жасайтын жұмысыңды жасай бер! Сені ұстап тұрған жоқпын! Өзімдікін сосын жасаймын!
Өстіп әркім өзінікін дұрыс қылып әлек. Шешілген ештеңе де жоқ, әрқашандағыдай құр айқай.

Жаңа ғана оның сөзі өтті. Қатты ұялып, өзімді ыңғайсыз сезініп отырмын. Үстелдің шетіндегі ақ қағазға былай жазып кетіпті:
-Сен жақсы баласың. Ақылы бар адам қатарынан деп сыйлаймын. Бірақ, компьютерге жабысып, түк істемей отыратыныңа алаңдаймын. Ашуланамын. Бұлай болмайды ғой.

Қазір дүкенге кеттім. Мен келгенде сүйікті өлеңдеріңді қосып қойшы. Талғамыңдағы әндер маған да қатты ұнайды. Керемет әндер. Әсіресе клубняк әндерің жақсы. Шифонердің есігіндегі үлкен айнаға екеуміз оп оңай сыямыз. Айнаға қарап ән айтып. билейікші. Қазір аузыммен айтсам, тағы ашуланасың.

Расында қағазға жазылған ескертулер мен ойлар, бетпе-бет айтылған ойларға қарағанда әсерлі естіледі екен. Онымен қоса, алдымдағы оның айтар сөздері орынды болғанымен, интонациясы төмен болғандықтан тыңдағым келмейтін. Даусы өктем адамдар мен даусы әлсіз адамдардың айтқанын адам екі түрлі қабылтындығы тағы дәлелденіп тұр.

Айнаға қарап айқайлап қосылып ән айттық. Жеңілдеп қалдық. Биге шорқақтаумын. Айнаға қарап өзімнен өзім қорқып дұрыс билей алмадым. Билеп үйрену керек.
Әрі қарай

О.Сүлейменовтың осы туындысының аудармасы барма екен?

Смет украл красивую молодую жену поэта Азербая. Говорят, что до этого между ними была любовь. Их догнали. Азербай должен был решить их судьбу. Спеленатого арканом Смета бросили у дверей юрты. Ухмыляющийся Алибек (сын Азербая от другой жены) в двух местах рванул ножом, и аркан кольцами упал на землю. Смет взглянул на аркан и отшвырнул его ногой. Мокрые от пота кони, всхрапывая, выискивали остатки травы возле юрты.Смет, потирая затекшие руки, глядел на черный прямоугольник двери. И тихо пел свои последние слова:
Әрі қарай

Сығандар Шәмшіні пір тұтады.

Кеше кешкісін теледидарды қарағандар болса, “Қазақтың 100 әнінде” Шәмшінің “Сыған серенадасы” әніне байланысты аз-кем мағлұмат беріп кетті. Артынша бұл тамаша әнді әнші Тоқтар Серік орындады. Ән тыңдар құлағы бар адамның бұл әнді өзінің таңдаулы әндері қатарына қосатынын сеніммен айта аламын. Ән туралы ақпараттарыңызды толықтыру мақсатында осы жазбаны іле кетуді жөн көрдім. Алдында ойланып жүргенмін, кешегі бағдарламадан соң енді “темірім қызған” секілді. Сонымен…
Әрі қарай

ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ САТЫЛАРЫ

Әліпби мәселесінің шешімі әбден кешігіп, жұртты жалықтыра бастады. Бұқара негізінен биліктің шешімін күтіп отыр. Біздің ойымызша, шешім шыққанға дейінгі істелер басты шаруа істелген жоқ: қоғам ұлттық жоба шешімінің сұлбасын да бажайламай отыр. Болашақ қабылданар әліпби жобасы қазақтілді ортаның сараптамасынан өткен бір жобаға негізделуін ұсынамыз. Жан жаққа бытырамас үшін әрі тиімді талқы үшін төмендегі материал негізге алынса деген тілек бар. Талқыңыз бен ұсынысыңызды күтеміз.
Әрі қарай

Бес тілек

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Әзәзіл, пасық, залымның
Тіліне еріп азбасқа
Әрі қарай

Неміс қазаққа қымыз жайлы лекция оқыды, Әбіләкім

Кеше Алматыда «Гастроэнтерология-2011» халықаралық конгресі өткен болатын. Қып-қызыл қызығы конгресске Ганс Цольман деген неміс қатысып, қазақтарға «Бие сүті мен қымыз өндірудің пайдасы» жайлы лекция оқыды.
Бұл қазағың тойыс немісің
Әрі қарай

Арманыңдағы зейнетақы туралы сурет түсіріп, байқауға қатыс

«Республика» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Менің арманымдағы зейнетақы» тақырыбындағы фотосурет байқауын жариялады. Фототуындылар 1 маусым мен 1 шілде аралығында қабылданады.

Үміткерлердің туындылары зейнеткерлік кезең, зейнеткерлер, зейнеттегі
Әрі қарай