Өз ақымды жібермейтін қазақтардың қатарындамын. Шындық үшін шырылдамасқа болмас. Асау бота асауланып, өткен жолы мені уақытша «керекке» кірмейтін қылыпты. Бұл жолы да асауланып «керекке» керек емессін демейді деп үміттенем. Олар қаншама боқауыз сөздерді жазса да керектен кетірілмейді, қисық сөйлеп, жұртты мазақ қылса да, мәз мейрам. Аршатқа ақша берген бе әйтеуір ауыздарынан шыққан сөздері айды дірілдетеді. Бірақ, мен сияқтылар бір екі пост(ораза жазылмайды) жазса, Асау бота ермелікке салынып, біреулердің сөзін қолдап Алдаспанды уақытша керегіне кіргізбейді.
1807 жылы әлемде бірінші рет PR біріккен сөзі пайда болды. Оны тарихқа енгізген Томас Джефферсон болды. Джефферсонның ойы бойынша пиардың негізгі мағынасы – адамдарды дұрыс таңдау жасауға сілтеу болатын. Осылайша тәуелсіздік декларациясының авторы және Америка президентінің арқасында жаңа ұғым пайда болды. Бұл ұғымның мағынасын және дұрыс қолданысын 1906 жылы Айви Ли өзінің «PR ерекшеліктерінің декларациясында» ашты. Сол мезеттен бастап Айви Ли PR әкесі атағына ие болды.
Қазіргі кезде PR бөлек ғылым түрі ретінде жоғарғы оқу орындарында оқытылады. Қазақстанда әйгілі «клуб пиаршы» элитті клубы жұмысын жалғастыруда. PR маманы қазіргі заманның ең престижді және сәтті мамандығы болып танылады. Алайда кейбіреулер пиаршы клубында отырған адамдарды менменшіл тәтелер мен ағалар деп кінәласа, пиар мамандарын халықтың құлағына өтірік ілетін кәсіпқойлар деп атайды. Қазақстанда PR тұрмақ, оның иісі де жоқ деп айқай шығарады. Ал жоғарғы оқу орындарының оқытушылары «Қазақстанда пиар оқытылады, бірақ бірде бір қазақстандық оқулық жоқ» деп дабыл қағады.
Жоғарғы аталған мәселелердің барлығына байланысты болмақ, осы жылы Қазақстанның атақты пиаршигі, «Шахар» медиахолдингінің бастығы, Қуат Домбай ең бірінші мемлекеттік пиар оқулығын шығарған болатын.Оқулық атауы назар аударарлықтай естіледі: «Қазақстандағы шіренбеген PR». Кітап авторының айтуы бойынша: Қазақстанда пиар тек өз мемлекетімізге тән ерекшеліктерге толы, сондықтан оларды бөлек атап өтү керек. Кітап өз жағынан қызықты суреттер мен карикатураларға бай және өзінің мазмұнына кітап авторының пиардағы 8 жылдық тәжірибесін қамтиды.
Қазақша пиардың дәмін қалай тату керек екенін айтып беретін кітапты жақын арада оқуға жоспарладым. Оқығаннан кейін өз пікірімді халық назарына шығарамын.
Қазақша пиар дәмді ме?
Сіз қалай ойлайсыз?
Пиар маманы күнімен құттықтаймын!
Бір жігіт балық аулауды жан-тәнімен сүйіпті. Сенбі, жексенбі болса универсалды Пассатының артына қармақтары мен резеңке қайығын салып алып,қасына келіншегін ертіп балықшылығына тартып отырады екен. Келіншегі болса табиғат аясында, көлеңке түбінде кітаптарын оқитын болыпты. Осындай бір сапарда жолдан шаршап келген жігіт шатырды тігіп(жаман сөз емес), қайығын үріп болған соң шамалы көз шырымын алмақ болады. Әйелі қайыққа мініп кітабын оқып отырады. Әйелдік қызығушылығы артып ескекті есіп жағалаудан қамыс арасына қарай сәл ұзаңқырап кетіпті. Қолы талып, «сәл демалып алып қайтамын ғой» деп кітабын оқып отырса балық инспекторы келіп(бұлда қайықта, басқа қайық): «рұқсат қағазыңызды көрсетіңіз » депті. Жоқ екені белгілі.
-Айыппұл төлеңіз?
-Мен кітап оқып отырмын, балық аулауға қатысым жоқ
-Менде сізді балық аулады деуге барлық дәйектемелер бар(иегімен қармақтарды нұсқапты).
-Онда, мен «мені зорлады» деп сіздің үстіңізге арыз жазамын.
-Неге? Мен Сізге тақалғанымда жоқ,өз қайығымда отырмын.
-Менде де солай арыз жазуға негіздемелер бар-деген әйел иегімен нұсқапты
Баяғыда вешір дегендер болатын. Қазірде бар шығар ауылдарда. Бірақ баяғыдай емес. Біз вешір жасағанда бізге келіп тілек айтады деп 1974-ші жылғылардан бастап әр қайсысына «Пщеничный» мен «Агдамнан» дайындап қоятын едік. Біздің (84тердің) вешірге 74-терден бастап 86-ларға дейін кіріп шығар еді. Біз де сол кездерде біразына кіріп шығатынбыз. Қазір олай емес. 89 отыр ма, басқа ешкім бармайды ол жерге. Сіздерде білмеймін, бізде қазір осылай жағдай.
Ғалым ағаймен әңгімеміз жараса кетті. Әңгімеге арқау болған Сарыарқаның Ұлсыз Целина науқанындағы жыртылған жерлердің проблемасы. Мамандығы жер, топырақ зерттеумен байланысты екен. Алдыңғы жылдары ма, оның алдыңғы жылдары ма, тіпті оның алдындағы жылы ма, арабтар Қазақстан территориясындағы «жарамсызданып» қалған, жыртылған арам шөп өсіп кеткен жерлеріңді жалға алып, өңдеп (лібә Қысық Қытайлар да осындай әңгіме айтты ғой, қазір түріктер де осындай әңгіме шығарып жүр) өнімін өзіміз аламыз, есесіне жерлеріңді көркейтеміз деп. Миллион қазақты аһ ұрғыза алатын бір еврейдің қулығын көрмедік пе, ыраб-иеврией бір туған. Құрысын, ертең біздің жер деп шығып жүрсе бәле болмайды деп ешкім кепіл бермейді.
Ғалым ағамыз жарамсыз деп менсінбей қарайтын жерлерді қайта өңдейтін тәсіл ойлап шығарыпты. Қазір тәсілін шыңдап жүр екен. Өте секрет, ешкімге айтпаймын дейді. Бірақ маған айтып қойды, есесіне мен ешкімге айтпаймын.
Лібә, осынша кең жатқан жердің бәріне мал жайып, мал шаруашылықты ата кәсіппен ұштастырып дамытса ғой, мүмкін мұнаймен, шикізатпен ғана күн көрмей, осы жолмен де қаржы айналдыра алсақ деп арманға беріліп кеттіппін. Біреулер тойып секірсе, біреулер тоңып секіреді дейді.
Кезінде ата-бабаларымыз тегіннен тегін мал шаруашылығын дамытқан жоқ қой. Егер егіншілік сияқты шаруамен айналысса, арқаның аңызақ желі егістікті ұшырып әкететінін білді. Бірақ шынымен де жел ұшырды. КСРОның белді ғалымдары қателесті. Солардың уәжін тыңдап, халықтан күллі малды тәркілеп әкеттіп, егінмен асыраймыз деп ойлаған. Тарихтағы алапат жұт орын алды.