Құнарлы жер

Ғалым ағаймен әңгімеміз жараса кетті. Әңгімеге арқау болған Сарыарқаның Ұлсыз Целина науқанындағы жыртылған жерлердің проблемасы. Мамандығы жер, топырақ зерттеумен байланысты екен. Алдыңғы жылдары ма, оның алдыңғы жылдары ма, тіпті оның алдындағы жылы ма, арабтар Қазақстан территориясындағы «жарамсызданып» қалған, жыртылған арам шөп өсіп кеткен жерлеріңді жалға алып, өңдеп (лібә Қысық Қытайлар да осындай әңгіме айтты ғой, қазір түріктер де осындай әңгіме шығарып жүр) өнімін өзіміз аламыз, есесіне жерлеріңді көркейтеміз деп. Миллион қазақты аһ ұрғыза алатын бір еврейдің қулығын көрмедік пе, ыраб-иеврией бір туған.  Құрысын, ертең біздің жер деп шығып жүрсе бәле болмайды деп ешкім кепіл бермейді.
Ғалым ағамыз жарамсыз деп менсінбей қарайтын жерлерді қайта өңдейтін тәсіл ойлап шығарыпты. Қазір тәсілін шыңдап жүр екен. Өте секрет, ешкімге айтпаймын дейді. Бірақ маған айтып қойды, есесіне мен ешкімге айтпаймын.
Лібә, осынша кең жатқан жердің бәріне мал жайып, мал шаруашылықты ата кәсіппен ұштастырып дамытса ғой, мүмкін мұнаймен, шикізатпен ғана күн көрмей, осы жолмен де қаржы айналдыра алсақ деп арманға беріліп кеттіппін. Біреулер тойып секірсе, біреулер тоңып секіреді дейді.
Кезінде ата-бабаларымыз тегіннен тегін мал шаруашылығын дамытқан жоқ қой. Егер егіншілік сияқты шаруамен айналысса, арқаның аңызақ желі егістікті ұшырып әкететінін білді. Бірақ шынымен де жел ұшырды. КСРОның белді ғалымдары қателесті. Солардың уәжін тыңдап, халықтан күллі малды тәркілеп әкеттіп, егінмен асыраймыз деп ойлаған. Тарихтағы алапат жұт орын алды.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше