Оқымысты әйел

Бір жігіт балық аулауды жан-тәнімен сүйіпті. Сенбі, жексенбі болса универсалды Пассатының артына қармақтары мен резеңке қайығын салып алып,қасына келіншегін ертіп балықшылығына тартып отырады екен. Келіншегі болса табиғат аясында, көлеңке түбінде кітаптарын оқитын болыпты. Осындай бір сапарда жолдан шаршап келген жігіт шатырды тігіп(жаман сөз емес), қайығын үріп болған соң шамалы көз шырымын алмақ болады. Әйелі қайыққа мініп кітабын оқып отырады. Әйелдік қызығушылығы артып ескекті есіп жағалаудан қамыс арасына қарай сәл ұзаңқырап кетіпті. Қолы талып, «сәл демалып алып қайтамын ғой» деп кітабын оқып отырса балық инспекторы келіп(бұлда қайықта, басқа қайық): «рұқсат қағазыңызды көрсетіңіз » депті. Жоқ екені белгілі.
-Айыппұл төлеңіз?
-Мен кітап оқып отырмын, балық аулауға қатысым жоқ
-Менде сізді балық аулады деуге барлық дәйектемелер бар(иегімен қармақтарды нұсқапты).
-Онда, мен «мені зорлады» деп сіздің үстіңізге арыз жазамын.
-Неге? Мен Сізге тақалғанымда жоқ,өз қайығымда отырмын.
-Менде де солай арыз жазуға негіздемелер бар-деген әйел иегімен нұсқапты
Бөлісу:

4 пікір

sigma
-Айыппұл төлеңіз?
осы гәйшниктер мен рибахрандар нәличкіқұмар.
Қармақ-сармағыңды конфесковать етеді де, өзіңе кері сатып кетеді ғой.
Aizhantabyn
қайдан ғана оқыдым осыны? Есімде жоқ…
Beytanis
«Охота и рыбалка» телеарнасынан көрген боларсың.
Abilakim
))) Ел арасында айтылатын әңгімелерден естіген шығарсың?