Сөзі өтті

-Жұмыс бастан асып жатыр. Тынысым тарылып барады. Басым ауырып тұр, ал сен жәйбарақат компьютерде отырсың! Андағы отырысыңның жиіркеніштілігі соншалық, нервке тиесің!
-Қойшы! Не істедім саған? Өз жайымда отырмын мен! Жасайтын жұмысыңды жасай бер! Сені ұстап тұрған жоқпын! Өзімдікін сосын жасаймын!
Өстіп әркім өзінікін дұрыс қылып әлек. Шешілген ештеңе де жоқ, әрқашандағыдай құр айқай.

Жаңа ғана оның сөзі өтті. Қатты ұялып, өзімді ыңғайсыз сезініп отырмын. Үстелдің шетіндегі ақ қағазға былай жазып кетіпті:
-Сен жақсы баласың. Ақылы бар адам қатарынан деп сыйлаймын. Бірақ, компьютерге жабысып, түк істемей отыратыныңа алаңдаймын. Ашуланамын. Бұлай болмайды ғой.

Қазір дүкенге кеттім. Мен келгенде сүйікті өлеңдеріңді қосып қойшы. Талғамыңдағы әндер маған да қатты ұнайды. Керемет әндер. Әсіресе клубняк әндерің жақсы. Шифонердің есігіндегі үлкен айнаға екеуміз оп оңай сыямыз. Айнаға қарап ән айтып. билейікші. Қазір аузыммен айтсам, тағы ашуланасың.

Расында қағазға жазылған ескертулер мен ойлар, бетпе-бет айтылған ойларға қарағанда әсерлі естіледі екен. Онымен қоса, алдымдағы оның айтар сөздері орынды болғанымен, интонациясы төмен болғандықтан тыңдағым келмейтін. Даусы өктем адамдар мен даусы әлсіз адамдардың айтқанын адам екі түрлі қабылтындығы тағы дәлелденіп тұр.

Айнаға қарап айқайлап қосылып ән айттық. Жеңілдеп қалдық. Биге шорқақтаумын. Айнаға қарап өзімнен өзім қорқып дұрыс билей алмадым. Билеп үйрену керек.
Бөлісу:

7 пікір

edige
Қазір аузыммен айтсам, тағы ашуланасың.
???
boztorgai
қағазға жазылған ескертулер мен ойлар, бетпе-бет айтылған ойларға қарағанда әсерлі
әйтеке бидің қазыбек би мен төле биге жазған хаты:
о, ағалар… деп басталыпты
әсерін елестетіп отырмын
Gastarbaiter
Байғұс-ай, қазіргі заманның ауруы, Нетомания… Жалғыз сен емес осындағы белсенді «блатнойлардың» көбісі бір рет болса да компьютерде көп отырғандығы үшін бір рет болса да реалдағы бар қызықтан қалған.
Интернет арақ сияқты. Реал мен виртуалдың арасында балансыңды табуыңа тілектеспін. Басқа мықты хобби болу керек.
Біреуде сыра ішу болса, біреуде би, біреуде көрпеше тоқу сондай сияқты компқа қатысы жоқ бірдеңе болмаса қиын.
just19
Гуглға «Нетомания» деп тере қойсам, «Инетомания» деп түзеп берді.
Gastarbaiter
Джуст19 былай деп сыбырлапТ:
«Гуглға «Нетомания» деп тере қойсам,»
***
Қасқа-а-ай десейщ))
just19
Сұмдық психологогтың сұмдық диагнозымен танысайн дегем
Пікір түзетілген: 20 маусым 2011, 17:41
Gastarbaiter
www.google.com/search?q=netomania&ie=utf-8&oe=utf-8&aq=t&rls=org.mozilla:kk:official&client=firefox-a

— Дилетанттардан зайыбым шықты)