Таныс болыңыздар: VKM
VKM — Мен, Жұмағұлова Малика, Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Хайрузовка кентінде ,1991 жылдың 13 наурызында дүниеге келдім.5 жасымда жанұямыз Өскемен қаласына көшіп келді,1998-2007 жылы 38 мектеп-гимназиясында оқыдым.2007-2008 жылдары ҚХР Харбин қаласында қытай тілін оқып-үйрендім.Қазір Қазақстан Америка Университетінің (КАСУ) ақырғы курсында оқимын және «ЭйрАстана» компаниясында менеджер болып жұмыс істеймін.— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қытайда оқып жүргенде казнетке келдім. Мынандай кезекпен: Мәссаған-Жастар-Кездесу-Керекинфо)))
Кездесуде Гаста мен Аршат ағаға ренжіп кетіп қалғаным есіме түсті)))



Жақында, «Алтын Келін» сериалын(Корея) көргенім жайында айтып едім сіздерге, сериалдың көп бөлігін, келіні, келін курсында оқиынтын тұсы бар. Сонда олар қандай курсқа барды дейсіз ғо, шайды қалай құю, стол басындағы өзін ұстау, еріне қандай меню дайындау(яғни көбіне ауруларына байланысты), сервис, т.б. 
