Масқара

«Анау бала, қолын қара — Кір қожалақ, қап–қара!
Тырнағы өскен,
Шашы көптен
Алынбапты–ау,
Масқара!»
©


Қыздарға не масқара? Қыздарға бәрі масқара. Суретке түсерін түсіп алып, сосын «ищщәкәпір, алыптысташ!» деп, тұяғымды жеп, жалынып отырғаны. Қазір жынД әккі болвалдық нақ: жеке өзім отырыста түсірілген суреттермен, фотоаппаратпен және оның флэшімен ізім-қайым жоғалып кетемін. Қойымды табасың нақ кештен кейін! Әйтпесе, небір тарихи сәттер қайсыбір қатынның шашына бола жойылып кетед.
Очм, біз баяғы сол: қатындарға өз суреті неге ұнамайтынын түсінбейміз. Херқисса, бір күні жігітал фотоаппарат алдым нақ. Мәзбін шешесс: енді мен заманауи адаммын. Дым көрмеген көргенсіз құсап, со фотоаппарат сатқан дүкеннен бастап, екі қадам сайын суретке түсіріп келе жатырм. Көздерімді қысып, типінақ, жарық-түс баланстарын жынД түсініп қоятын адам құсап келе жатырм. Видеоға да түсіруге болатынын білген кезде, қуаныштан тіпті шатыр кетті: енді, ойша деректі фильмге сценарий ойлап кеттім.
Сүйтіп келе жатқанда, алдымнан бұрынғы кластас қатын Зина шыға келд. Үстінде — халат, аяғында — тәпішкі. Қолында — шылапшын. Шылапшыннан жөке және қылтияды. Жөкені кір сабын оралған целофан басып тұр. Неткен картина! Фотоаппараттың камерасын қостым да:
— Мынауың не жүріс нақ? — дедім.
-И қасқааа, өш и, жынды и, түсірме, түсірме! — дейд. Бірақ бәрібір видеоға жазылып қалатын болғасын, өзін қалпына келтірватыр.
— Қайдан келе жатырсың?
Зина (камераға алақтап):
— Әжемнің үйінен. Сүт әкеле жатырм, не шаруаң бар, құрыш!!!
— Қайда сүтің? Сүт әкеле жатырсың ба, сүт ішіп келе жатырсың ба? Моншаға түсіп келе жатқаның көрініп тұр ғой, шыныңды айта бермейсің бе? — дедім де, тап сол жерде бұттан кеттім нақ. Құдайым берді нақ! Ой лібә, Кеннедидің соңғы кадрларына ие болған адамша қуандым нақ. Осының несіне ұялады екен қатындар деп қоям ішімнен. Кейін түсінгендей болдым.
Лібәд, кілең алқашатаңанә жұмысшылардың атынан базарға барып (вагоншықтың кішісі болғанша, иттің күшігі бол), 20 рулон әжетхана қағазын алып шықтым. Көктышқақ болып кеткен жоқпыз нақ: өзбек әкәләр әжетхана қағазын лакпен қатырып, үйдің сыртына салатын ою-өрнекке қалып жасайд, ептілер. Енді менің картинам: иегіме дейін тірелген туалет қағазы, екі пакетте — тағы бесеуден, түр әбіржіп кеткен, көздер ашулы. Тап осылай базар шығаберісінен ауылдың қаңғыбас пяншіктері шарт-шарт суретке түсіріп алд нақ!..
Кейін ауылға қайтқанда, халық пойыздан түсе сала саусағын шошайтып күлді ғой нақ, ұяттан тасыма дейін қызарып жүрдім сосын бір ай бойы…
Бөлісу:

15 пікір

AKA
«ищщәкәпір, алыптысташ!»
AKA
Эпиграф күшті екен! :))
e_zhalgas
өзіңді есіңе түсірді ме? :)
AKA
Тазалықты қалай сақтайтынымды жазбай-ақ қойдым…
balzaminka
бүгін айнаға қарасам, шашым жынды болып тұр екен. Суретке түсіру керек деп бірнеше рет түсіріп алыппын :) Өзге түсірем десе ат-тонымды алып қашар ем
Zhan
қуасың )))))))
balzaminka
ондай сәттің болатыны өтірік емес қо :)
Aikona
«ищщәкәпір, алыптысташ!»
млин, қыздарды зарттеп тастапсың ғой :). Айтпақшы, түсіргішіңіз құтты болсын!
Abilakim
қолтықтан кеттім))))
Gulistan
Суретке түске бойда қасыңа шауып келеді ғой "Қайсы, қайсы?" деп:) сосын ұнамаса, «Ой, позор, өшір плиз» деп жалынғаны, соның қисық бетіне бола бір тұтастай бір шедевр құрбан болатын кездер көп.
Gastarbaiter
«Лібәймайттың қатыны, мынадан басқа да жақсы суреттерім бар еді. Құлағымнан күн көрініп, зауыттан қуылып, азып тозып жүрген суретімді қазитке бергені онесі-ай!» — деп қазанаманы оқып тұрған Аққуаң атаның әруағы бір аунап түсті.
Aldeken
әйелдер салмағын өлшегенде инстинктивті түрде ішін тартып тұрады деген прикол бар ед. Суретке түскенде де сондай болады-ау деймін.
Gastarbaiter
Еркектер сурет тұрмақ, бір қатын жылтың ете қалса ішін тартып алады:)))
Aldeken
іш тартқан кезде автоматты түрде тілдері ұзаратыны тағы бар )))))))))))
KILYZAMAN
20 рулон әжетхана қағазын алып шықтым. Көктышқақ болып кеткен жоқпыз нақ: өзбек әкәләр әжетхана қағазын лакпен қатырып, үйдің сыртына салатын ою-өрнекке қалып жасайд,
— тарқата түссейші осы жерін…