ККК (Керуен.Кездесу.Керекшілер)

АЛЛА деп жиналдық, тәтті шәй іштік, жаман және жақсы жаңалықтар естідік, көрістік, тілдестік, күлдік, тарқастық. Осының арасында мен біреуді ренжітім те үлгердім. Кешірім сұраймын!

Суреттер ғой керегі бастысы))))

Қарақыз бен Жамиляқыз)))
Әрі қарай

Мамандығым - ...

«Мамамның мамандығы да папамның мамасындай, тфьуй — мамандығындай» © Дәрігерлер отбасынан шыққан бозбаланың сұқбатынан.

Пафосты сипатсыз дәл қазіргі қызмет[тер]іңізді жәй жаза салыңдар. Мысалы — «Мұғалім, арасында вагон түсірем».
Әрі қарай

Блогқұрылтай - 2012: Кім және неге қатысқысы келеді?

ЕСКЕРТУ: 20.01.2012 жазба толықтырылды

Сауалнама арқылы шамамен Блогқұрылтайға «Кімдер қатысады?» «Не үшін қатысқысы келеді?» деген сұрақтарға жауап алуға тырыстым. Бұл нәтижелер бірінші кезекте Блогқұрылтай форматын анықтауға жәрдемдеседі деп ойлаймын.

Бір апта көлеміндегі уақыт ішінде сауалнамаға жауап берген 90 адамға алғысымды білдіремін.

Әрі қарай

Гейлер Олимпиадасына ұлт жанашырының қате пікірі

Жақында Дания елордасы Копенгагенде өткен Гейлер Олимпиадасынан кейін танымал ұлтшыл қозғалыс көшбасшыларының бірі Марсель Көшімхан өзінің Твиттер бетінде осы ойындар туралы өз пікірін жариялаған болатын. Естеріңізге сала кетейік біздің елдің гейлері дойбыдан жалғыз қола медаль алып, қатысушы 24 ел арасында 21-ші орынды місе тұтқан еді. Әр оқиғаға өзіндік пікірімен көзге түсіп жүрген ұлтжанды Марсель Көшімхан твиттер арқылы:

"Құрама сапы түгелдей өзіміздің қаракөз қазақтардан құралмай, бұл іс болмайды. Жасасын қазақ ұландары"

деген болатын.
Әрі қарай

100 литр айран...

«Айран» деп негізі біз жақта күбіге құйып пісетін сусынды айтады, Астанаға келгеннен бері «айран»деп біздің "қатықты" айтатын болдық. ал, менің айтайын деп отырғаным сол "қатық" туралы.
Бір күні мамам біздің 50градус ыстықта шауып жүретінімізге шектеу қойып, түстен кейін ұйықтатып, сыртымыздан есікті жауып кететінді шығарды. Жапқанда қалай, енді құлып салмайды, есіктің сыртқы бетіне қағылған үлкен шегені қайырып кетеді. Ол шеге бізге проблема болып па?! мамам жоқта үйге ұзындығы 1,5-2 метрдей болып қалатын таяқты тауып алып, киіздің астына тығып қойдық(кейін сол таяқ үнемі сол киіздің астында жата беретін болды, на всякий случайға) сосын мамам бізді аңдып, терезеден қарауды ұмытты аааау деген кезде, есікті ырғап-ырғап, таяқ сиятындай етіп ашып аламыз да, шегені итеріп, есікті ашамыз. сол күйінде есікті қайтадан жауып кетеміз. өйткені, үйде ініміз бар ғой. ол оянып кетіп, мамаға барып қойса, біздің шаруамыз бітті деген сөз…
Әрі қарай

МБ немесе бір түрлі коктейль



Баян Есентаеваның «Ғашық жүректің» біріншісіндегі қарарман көрермендегіні дөп басуы ұнап еді. «Рэкетир» әкелген тың леп сияқты бір жаңашылдық байқап едім онысында. Кеше екіншісіне жұмыстан сытылып шығып барып қайтып едім.

Бұған дейін барғаныма өкініп, фильмнің бастауалды жиырма минутынан кейін тұрып кетіп қалған екі «кином» бар екен. Біріншісі бір жыл бойында әсіре жарнамаланған ана Шаолинь тәріздес тақырбас бала туралы (фильмнің атауы да есімде қалмапты), екіншісі – орыс кинематографиясындағы ең көп шығынды керектіргендердің бірі, ертегі жанрындағы Кончаловскийдің туындысы. «Щелкунчик» пе еді…
Әрі қарай

Виртуалдағы реал

Дәліз бойы у-шу. Редакцияның жұма күнгі апта қортындылар лездемесінен соңғы, әдепкі тірлігі. Кеше келер маусымның жаңа жобаларын ақырғы рет бекітіп, бүгін Дастанның өз-өзіне демалыс жариялап отырған кері. «Фейсбук» пен «Керекинфодан» басқа еш бетті ашпастан, тіпті, поштасын да тексерместен, компьютер алдына қою кофемен қонжиды. «Әсел, бүгін күн тамаша, а?». Бойын кернеген күйбеңнен ада сезімді, ойға айналдырып, пернетақтамен тарсылдатып жіберген түрі.
Әрі қарай