Есе қайтару немесе кек алу...

Менің ағам бар. Есімі Кенжехан. Мен мектеп табалдырығын аттағанда ол жоғарғы сыныптардың бірінде 9-шы сыныпта ма, 10-шы сыныпта ма оқитын. Қасында сыныптас Дархан деген досы болатын. Екеуі өте бұзық еді. Қазіргі оқушылар сынып-сыныпқа бөлініп төбелесіп жүретіні олардың заманында да бар еді.Бірде ағамның ғашығы Ботаға көрші үйдегі 11 сыныптағы Қайрат ғашықтық сезімге толы хат жазыпты. Ол хат менің ағамның қолына түскен.
Содан көршінің сұмырай ұлы Қайраттан кек алу операциясы басталып кетті.
Сондағы ағамның ойлап тапқан қаскөйлігі үйіміздің жанындағы көрші үйдің ауласын бақылауға мүмкіндігі бар асханамыздың төбесінде жатады. Бірде Дархан болады қасында, бірде мен болам. Шымкенттің 40-50 градустық ыстығында асхана үйдің шатырында тапжылмай жатудың азабын мен де көргем. Сондағысы Қайратты аңду… Бір күні іске көшкен ағам маған майыстырса сынатын сым берді. Ағамның үйретуімен оқ жасауды үйрендім. Сонымен мен жасаған оқпен рогатка деген бір атқыш қарумен Қайрат далаға шықса атады. Арақашықтық ұзақ болған соң ба, көөөөөөөппп атқан оқтардың біреуі ғана нысана Қайратқа дөп тиеді. Ал ол ауласын басына көтеріп жылайды. Көбінде оның бақшада жүргенінде ғана тигізе алады ағам. Сәл жақындау еді. Біздің оғымызды көрмейді ау, үйіндегілерге «мені ара шақты» деп жылайды. Күліп қойсақ, бізді байқап қояды. Күлкіден жарыла жаздап төбеден түсеміз. Ағамның құпиясын ашып қоймауым үшін, ағама тиесілі тәттінің бәрі менің үлесіме тиетін. Апам баласын «бауырмашыл жүрегіңнен айналдым» деп еркелетуші еді. Апам қайдан білсін қызының шантажынан. Кәмпиттерін ағам бермесе, апама, ең арысы Қайратқа айтып берем деп қорқытатынын…
Ағамның қазақ интернеттеріне кірмейтіні қандай жақсы… Біліп қойса, сазайымды тартқызады. Қазір де сол Қайраттан қорқады ма екен сол ағам…
Ой, Бота-ай!!! Бізді осынша әуреге салған…
Әрі қарай

Тағдыр тауқыметі

Жұмыс бабымен іс сапарға аз да болса шығып тұрамыз. Сапар барысында түрлі көріністердің куәсі боламыз, қызықты оқиғаларға кездесіп жатамыз. Кешегі күні барған іс-сапармыздың маңызы ерекше болатын. Сондықтан да, жолға біршама дайындықпен аттандық.

Жол-жөнекей әңгіме дүкен құрып отырып, бет алған орнымызға (жабық мекеме) түскі астың уақытында келіп жеттік. Келген беттегі көріністер. Ішке кіруге өтініш қабылдайтын тар есіктің алдында кезек күтіп отырған азаматтар. Бірінің анасы, әпкесі, қарындасы, ағайыны, туысы, ағасы, інісі арасында ақ жаулықты әжелеріміз, қарттарымыз да бар. "Іштен шыққан шұбар жылан" деп, қоғамға қауіпті сотталғандардың артынан іздеп келіп отырған беттері. Сырттай қарағанда аянышты. Жұмысын тастап, үйдің қым-қуат бітпейтін шаруасына қарамастан, ұзақ жол жүріп келіп отырғандары, не қоғамға берері жоқ, отбасында да қарабет болып, мемлекетке қаншама шығын (ТМ сотталған бір азаматқа күніне 3500 теңге шығын кетеді екен) әкеліп отырған адамдар. Қоғамда болып жатқан түрлі жантүршігерлік оқиғаларды естіп, жаңалықтардан көріп жатасың. «Алла сақтасын» деп жағаңды ұстайсың ол кезде. Бірақ, сол қылмысты істеп жатқан адамдар да анадан жаратылған, бір отбасының мүшелері. Бірақ, оны қалай адам қатарына жатқызасың. Айуан екеш айуанда өз баласын өлімнен қорғай жанұшыра айқасады. Бірақ, бұл жерде мүлдем басқа жағдай орын алып жатқан жоқ па? Адамшылыққа тән емес әрекет жасайды, оның азабын өзгелер тартады. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» дейді қазақта. Жақсы ит құрлы қадірі қалмады емес па онда, Анасын әлекке түсіріп, артынан келтіріп, оны қанша уайым-қайғыға қалдырып жатса…

Есік алдында кіріп-шығып жатқанда болған жағдайлар. «Соңғы тиынымды санап келіп отырмын»- деп әйелі сөйлеп жатыр. Сонда, азын-аулық тапқан табысын (мына заманда жұмыс істеп, қаражат тауып көр) бала-шағасының аузынан жырып, өздерінен жырақ отырған адамға бару үшін жұмсап отыр. Одан не пайда? Ол сөзді естігенше өлгені артық емес па? Тірі өлік дей ма мұндайды.

Қарт әжені көзім шалды. Мейірім мен мұңға толы қарт жанар… Ненің азабы дерсің. Бірақ, тоғыз, тоғыз күн көтеріп, жарық дүниеге әкелген перзентін, көзі тірісінде қайда қияды. Сол әже ұлын дүниеге әкелгенде осындай болсын деп ойлады дейсіз бе? Мүмкін, жаңылды, қателік болды, тағдыр солай жазды, мүмкін жала жабылып кетті деп ойларсыз. Бірақ, оның темір тордың ар жағында отыруы факт емес па? Мейлі ол қандай жақсы азамат болсын бостандықта. «Балам, түрің не болып кеткен, әбіржіп. Шығам дегенше, ретке келші, айналайын» деп айтқан сөзін естігенде, жүрегіммен езіліп кеттім. Ана көңілі шіркін пәк қой. Неге, сонда, үлкен басымен, жаман әрекетке барар кезде, ең болмаса Анасын ойламайды екен. Сонда, шыныменде тасжүрек, қатыгез болғаны ма?

PS. қысқа көзбен көріп, білгенім осы. Онда әңгімелесіп отырып, естіген сұмдықтарды айта беруге ауыз бармайды. Жап-жас, мектепті бітіргеніне жыл толмаған жігіттер бірнеше жылды мойындарына іліп, кетіп жатыр. Сонда бесіктен белі шықпай жатып не көрді дерсің. Обал-ақ. Егер, аяғыңды шалыс бассаң, ешкім кешірмесі анық. Сондықтан да, осы жүрген бейбіт де еркін күнімізге шүкіршілік жасауымыз керек.
Әрі қарай

Android быратан


Заманына қарай аты өзгерген ағамның сыныптасы. 1983 жылы дүниеге келгенде азан шакырып қойған аты Қалдыбектің сол заманғы саясаттың "құрбаны" болып Андроп атанды. Үйдегілер айтып отырады сол 80 жж «Андропов» деген арақ болған. Алдыңғы күні күндіз үйде шай ішіп отырғанда ағамның қалтафонына біреу қоңырау шалды. «Алло» деп жауап қатқан ағам Андроп сен ба? десе, үйдегі інім Андроидпа дегені))) Сөйтіп, қазіргі техника дамыған заманда аты тағы өзгеріске ұшырап Андроид атанды))))))
Әрі қарай

Мендегі бір бастама: "CӨЗ.KZ" әлеуметтік жобасы.

СӨЗ.KZ жобасы — бұл ұлы ойшылдардың, данышпандардың, Аллаһ (Субаһанаһу уә Тағалә) пен оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) даналыққа толған асыл да көркем сөздерін әлеуметтік желілерде әдемі суреттермен таратып, мотивация жасау. Жастардың ойына ой қосып, оларды даналыққа жетелеу

СУРЕТТЕРДІ ДОСТАРЫҢЫЗБЕН БӨЛІСІП, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАТУЫҢЫЗ СҰРАЛАДЫ.

Әсіресе басты өтініш: ВК-да отыратындар болса топқа тіркеліңіздерші. Әйтпесе адам слыйшком ап-аз(
Әрі қарай

Домбыра Пати Жаңаөзенде екінші рет

Ассалаумағалейкүм, ағайын!09.05.2013 ж. Жаңаөзен қаласында 2 – ші рет Домбыра Пати өтті. Жеңіс күнімен қатар келгендіктен, Жеңіс күні туралы Джалғасов Нұрболат бауырымыз бір ауыз айтып өткен болатын. Екінші рет өткізіліп отырған Домбыра Патиіміз әдеттегідей «Жалын» жастар орталығының алдында өтті. Біраз жамағатта жиналды, өткендегіге қарағанда. Тәтті күймен, әсем ән тыңдап демаалып қайтты. ИншАллаһ Жаңаөзендіктер Домбыра Патиді дәстүрге айналдыратын болады.
Басталар сәттен көрініс
Басталар сәттен көрініс.





Мына кішкентай қызда Домбыра Патиімізге өз үлесін қосуға келіпті. Күй тартып, ән айтып берді. Есімі Мөлдір екен. Риза боп қалдым. Осы қыздың келгені мені қуантып тастады. Алла ғұмыр жасын ұзақ қылсын. Бақыт тілеймін.

Жолымов Әбубәкір бауырымыз әдеттегідей ән салып жатырған кез.

ЖАҢАӨЗЕН. Домбыра Пати. 09.05.2013 жыл.
Балтабаев Серік блог sbaltabai.yvision.kz/
www.youtube.com/channel/UCTOI-9TgefWMAoOKbcUUBeA/videos
Әрі қарай

Ринат Темірболатұлының жобасы: "Қазақтың сөздәйегі"

Айқап.kz сайтының дизайнері — Ринат Темірболатұлы деген жерлесім өзінің Фейзбуктегі парақшасында түрлі, әдемі, әрі өнегелі суреттерді өзі жасап, жариялап тұратыны бар. Әсіресе "Қазақстың сөздәйегі" атты нақыл сөздер топтамасында Алаш арыстарының тәрбиелі, әрі мотивациялық сөздерін дизайнерлік шеберлігімен үйлестіріп жасаған суреттері қатты ұнады. Соларды сізбен бөлісуді жөн көрдім:
Әрі қарай

Karttarym - asyl kazynam!

Bugin karttar uyinde «ZHAS OTAN» zhastar kanatynyn zhanynan kurylgan «Ardagerlerdi ardaktaiyk» eriktiler tobynyn kezekti ardagerlermen kezdesui otude. Bugan deyin bul top ardagerlerdin uyine barip komek korsetilse, bugin merekelik koncert otkizip zhatyr.
Әрі қарай