20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Испан примерасының екінші айналымы турнир көшін бастаған командалардың ұпай жоғалтуымен басталды. Валенсияға қонаққа барған Каталондықтар күтпеген жерден ұпай жоғалтса, Мадридтік Атлетико өз алаңында Севильядан келген командаға тісін батыра алмады, ал Реалдықтар турнирдің аутсайдері Бетиске қонаққа барып, голдан тау тұрғызып қайтты. Толығырақ төменде айтатын боламыз:
Әрі қарай

Бірде былай депті...

Бірде былай депті…
Шотландия ақыны Роберт Бернс бірде Лондонда Темза өзенінің жағасында серуендеп жүріп, жақсы киінген бір етжеңді адамның суға құлап кеткенінің куәсі болады. Сол сәтте бір бала суға қарғып түсіп, әлгі адамды құтқарып қалады да, жаңағы адам балаға ұсақ тиындар ұсынады. Бұны көргендер қатты ашуланып, жаңағы жуаннан өш алмақшы болады. Бірақ Бернс оларға кедергі жасап: — Тимеңдер! – дейді, – ол өзінің құнының қанша екенін біліп тұр…
Бірде неміс жазушысы Теодор Фонтане редактор болып қызмет істеп жүргенде, біреудің бір топ өлеңдерімен қоса қосарланған хатын алады. Онда былай деп жазылыпты: «Мен өлеңдерімдегі үтірді әдейі қоймай отырмын. Керек деп тапқан жеріңізге өзіңіз қоя беріңіз». Сонда Фонтане: «Келесі жолы кілең үтірлерді ғана қойып жіберіңіз, ал өлеңді мен өзім-ақ жазам» деп жауап жазып, қолжазбасын қайтарып жіберіпті.
Бірде Жюль Верннен:
— Сіздің қай мезгілде қиялыңыз шарықтау шегінде қызмет атқарады? – деп сұрағанда, атақты фантаст бірден:
— Таңертеңгілік, ұйқым ашылмай – тағы да бірер минут жата түсу үшін себеп-салдар ойлап табарымда, — деп жауап беріпті.Блог - Jasmin: Бірде былай депті...
Әрі қарай

Ең алғашқы телефон

Блог - Asem-K: Ең алғашқы телефон

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр
Әрі қарай

Өнер

Мектепте оқып жүргенімде жазған едім, небәрі 6 не 7 сынып шығар

Өмірдің соқса дауылы,
Іздейміз пана шатырды.
Кішкене ғана сол шатыр,
Өнерлі қолмен соғылды.
Әрі қарай

Дүниеде мен сүйетін бір адам бар

Осы өлеңді бір жерден жазып алған едім, авторын білмедім,өзіме қатты ұнайды

Блог - Asem-K: Дүниеде мен сүйетін бір адам бар
Достарым не болғанын сұрамаңдар,
Шалқысам, асқақтасам сынамаңдар.
Жүрегім еріп кетті, еріп кетті,
Дүниеде мен сүйетін бір адам бар.
Әрі қарай

Қызықты деректер

1. Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан.

2. Бірде-бір елде әскери сәлем сол қолмен берілмейді.

3. Антарктиданың халықаралық телефон коды — 672.

4. Капитан Кyк Жердің барлық бөлігіне аяқ басып, Антарктиданы ғана көрмеген бірінші адам.

5. Батысафрикалық матами тайпасы футболды адамның бас сүйегімен ойнағанды жақсы көреді.

6. Ағылшын кітапханаларында көбіне Гиннестің рекордтар кітабы ұрланып тұрады.

7. Шимпанзелер төбелестен кейін әр уақытта ымыра ретінде бір-бірлерінің еріндерінен сүйіп тұрады.

8. Монаконың ұлттық оркестрі мемлекеттің әскерінен көп.

9. Сахара шөлінде 1979 жылдың 18 ақпанында қар жауған.

10. Канада ауданы жағынан Қытайдан, ал Қытай АҚШ-тан үлкен.
Әрі қарай