Әлемдегі ең керемет студенттік жатақхана
Ол Даниядағы Копенгагеннің Орестаде ауданында орналасқан.
Тиетген деп аталатын студенттер қалашығы арнайы үлкен ауламен қоршалған. Ғимараттың іргесі 2006 жылы қаланыпты. Жеті қабатты үйде жалпы аумағы 26 800 шаршы метрді алып жатқан 360 бөлме бар.
Ауланың ішкі жағына кірсеңіз, терезеден бөлмелер анық көрініп тұрады. Себебі, барлық 360 бөлменің терезесі ауланың ішіне қарата салынған.
Жатақханада ас үй маңызды орындардың бірі ретінде саналады. Алайда, әр 12 бөлмеге біреуден келетін тамақ дайындайтын жердің барлығы 30-ды құрайды. Олардың әрқайсысында 4 тоңазытқыш, 2 газ-плитадан орналасқан.
Ұйықтайтын бөлмелердің үлкендігі 26-33 шаршы метрге тең. Сондай-ақ, отбасылы студенттерге арналған екі адамға арналған (45 шаршы метр) 30 бөлме бар. Білім алушының жағдайын ойластырған оқу ордасы жатақхананың барлық бөлмесін балкон, жуынатын бөлме, дәретханамен қамтыған.

23 пікір