20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Испан примерасының екінші айналымы турнир көшін бастаған командалардың ұпай жоғалтуымен басталды. Валенсияға қонаққа барған Каталондықтар күтпеген жерден ұпай жоғалтса, Мадридтік Атлетико өз алаңында Севильядан келген командаға тісін батыра алмады, ал Реалдықтар турнирдің аутсайдері Бетиске қонаққа барып, голдан тау тұрғызып қайтты. Толығырақ төменде айтатын боламыз:

«Бетис» — «Реал Мадрид» 0:5 (0:3)

Голдар: 0:1 — Роналду (10), 0:2 — Бейл (25), 0:3 — Бензема (45+1), 0:4 — Ди Мария (62), 0:5 — Мората (90)

Ассистенттер: 0:1 — Ди Мария; 0:3 — Модрич; 0:5 — Роналду

«Осасуна»: Андерсен; Дидак, Чика, Паулао, Амайя; Севилья (Хуанфран, 62), Л. Рейес (Каро, 78), Матилья, Баптистао, Молина, Кастро (Вадильо, 56)

«Реал Мадрид»: Д. Лопес; Карвахаль, Пепе, С. Рамос (Начо, 73), Марсело; Х. Алонсо, Ди Мария (Ильярраменди, 69), Модрич, Роналду, Бэйл; Бензема (Мората, 77)

Арбитр: Игнасио Иглесиас Вильянуэва

Ескерту: С. Рамос (19), Севилья (27), Вадильо (74), Чика (77)


Мадридтіктер алаңға төмендегі құраммен шықты:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Бұл матч Реал тарихында өзіндік ерекшелігімен есте қалатыны белгілі, көптеген цифрлық нәтижелерге жетті, айта кетсек:
— Бұл Карло бапкердің карьерасындағы 500-ші жеңісі болды
— Француздық шабуылшы Бензема Реал үшін 100-ші голына көрімдік сұрады, жаман көрсеткіш емес.
— Реалдың үшінші капитаны, қорғаушы Марсело Реал үшін 250-ші ойынын өткізді.
— Реалдың көптен бергі бас ауруына айналған қорғанысы бұл жолы да сыр бермеді, мінекей осымен 5-ші ойын Реал қақпасын голдан сақтап қалды

Реалдықтар бұл матчта өздерінің керемет ойынын көрсете алды, соғылған голдардың өзі адамға таңдай қақтырмай қоймайды, мысалы:
Роналдудың алғашқы голы, қақпашы түгілі қорғаныстағылар бұл соққыны күтпеген секілді:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Бейлдің кезекті стандарттағы голы, сізге қызықты статистиканы ұсынсам: Бейл Реалға келгелі бес айып добын орындап, соның үшеуін голға айналдырған, ал Роналду үш гол соғуы үшін жиырма төрт(!!!) мәрте айып добын тепкен.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Бенземаның 100-ші голына керемет жағдай жасап берген Модричтің ерен еңбегін айта кеткен жөн болар, қараңыз, бір ғана қимылмен Бетистің үш бірдей қорғаушысын қапыда қалдырды, мұны шеберлік дер едім. Бұл Модричтің соңғы 4 матчтағы 3-ші нәтижелі пасы болатын, хорват биыл керемет бабында екені қуантады:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Ендігі кезекте көп көріне бермейтін Ди Марияның сирек соққыларының бірі, меніңше ең әдемі гол осы секілді. Бұрынғы Реалдың галактикос заманын еске түсірді, елестетіп көріңіз: Бекхэмнің бұрыштама добын айып алаңының сыртынан Роберто Карлос күтіп алып, өзінің керемет сол аяғымен қақпашыны қапы қалдырды. Бұл гол сол заманды еске әдемі түсіре білді:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Реалдың жас шабуылшысы Мората төңірегінде соңғы уақытта көптеген алып-қашпа әңгімелер көбейіп кеткені белгілі, кешегі матчта Роналдудың ыңғайсыз тепкен добын(мүмкін пасы) кәдесіне жаратып, Реал үшін 3-ші голын соқты.

Матчтың бас қаһарманы ретінде Модричті айтар едім, соңғы уақытта Анчи бапкердің тактикасындағы мызғымас фигураға айнала білген хорваттықтан келесі ойындарда да осындай нәтиже күтеміз. Осы матчтан соң Реалдықтар туринр кестесінің көшбасшыларынан 1 ғана ұпай қалып келеді.
Матчан аздап фотошолу:
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Мессидің жарақатынан айығып, қатарға қосылғанына балаша шаттанған каталондықтар Валенсияда жергілікті Левантемен ойында ұпай жоғалтады деп кім ойлаған?! Алайда, бұл футбол, доп-домалақ демекші, кез-келген командаға тоқтау болары анық. Мессиге өз формасына келуге уақыт қажет болар, алайда Барселона тек Мессиден тұрмайтынын Мартино бапкер дәлелдеді емес пе?
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Леванте – Барселона 1:1 (1:1, 0:0)

Голдар: 1:0 – 10 Винтра, 1:1 – 19 Пике.
Леванте – Навас, Винтра, Наварро, Хуанфран, Карабелас, Симао, Диоп, П.Лопес, Иваншиц (С.Пинту, 87), Эль-Жар (Родригес, 56), Р.Гарсия (Эль-Адуа, 72).
Барселона – Вальдес, Монтойя, Пике, Маскерано, Альба, Бускетс, Хави (Донгу, 84), Фабрегас (С.Роберто, 73), Санчес, Месси, Педро (Тельо, 77)


Кейінгі уақытта көпшіліктің ойынша Мадридтің №1 командасы саналып жүрген Атлетиколықтар осы турда білгенінен жаңылды, соңғы уақытта тәп-тәуір ойнап жүрген Севильяны ұта алмады. Алаң иелері өздерінің қарапайым шабуылдағы ойынын көрсеткенімен, сәттілік жетіспей жатты. Ал Севильяның соққан жалғыз голы күмәнді пенальти нәтижесінде орын алды.
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Атлетико – Севилья 1:1 (1:0, 0:1)
Голдар: 1:0 – 18 Вилья, 1:1 – 73, пенальти Ракитич.
Атлетико – Куртуа, Хуанфран, Миранда, Годин, Филипе Луис, Габи, Коке (Соса, 88), Р. Гарсия, Туран, Коста, Вилья (К. Родригес, 81).
Севилья – Бету, Коке, Фасио, Пареха (Гамейро, 46), Ф. Наварро, Каррису, Иборра, Витоло (Марин, 64), Ракитич, А.Морено, Бакка (Рейес, 84)
Бөлісу:

5 пікір

Olzhass
Хедира көрінбей кетті.
Adiletshu
Жарақат алды. Жарты жылсыз шықпайды деген
Ispek92
Жарақаты бар, Әлем чемпионатына баруға талпынып жатыр, алайда үлгермейтін секілді…
sozak
Кришти мен Ди Марианың голдары… сөзсіз. Кримге құтты болсын дейміз Модрич себепті.
Beytanis
Интрига жеңешем тірі десеңші.