Бірде былай депті...

Бірде былай депті…
Шотландия ақыны Роберт Бернс бірде Лондонда Темза өзенінің жағасында серуендеп жүріп, жақсы киінген бір етжеңді адамның суға құлап кеткенінің куәсі болады. Сол сәтте бір бала суға қарғып түсіп, әлгі адамды құтқарып қалады да, жаңағы адам балаға ұсақ тиындар ұсынады. Бұны көргендер қатты ашуланып, жаңағы жуаннан өш алмақшы болады. Бірақ Бернс оларға кедергі жасап: — Тимеңдер! – дейді, – ол өзінің құнының қанша екенін біліп тұр…
Бірде неміс жазушысы Теодор Фонтане редактор болып қызмет істеп жүргенде, біреудің бір топ өлеңдерімен қоса қосарланған хатын алады. Онда былай деп жазылыпты: «Мен өлеңдерімдегі үтірді әдейі қоймай отырмын. Керек деп тапқан жеріңізге өзіңіз қоя беріңіз». Сонда Фонтане: «Келесі жолы кілең үтірлерді ғана қойып жіберіңіз, ал өлеңді мен өзім-ақ жазам» деп жауап жазып, қолжазбасын қайтарып жіберіпті.
Бірде Жюль Верннен:
— Сіздің қай мезгілде қиялыңыз шарықтау шегінде қызмет атқарады? – деп сұрағанда, атақты фантаст бірден:
— Таңертеңгілік, ұйқым ашылмай – тағы да бірер минут жата түсу үшін себеп-салдар ойлап табарымда, — деп жауап беріпті.Блог - Jasmin: Бірде былай депті...
Бөлісу:

3 пікір