#QazzaqDepression. Дәуіт Линч. "Мүгедектер"

— Байзыл, э Байзыл…
— Не нақ? Болмайд дейм…
— Байзыл, келіп тұрмын ғой енді…
— Қой дейм! Саған негізі үшінші группа да берілмеу керек! Аппетитің жаман! Анау-мынау тексеріс болса, үшінші группадан да алып тастайд!
— Екінші группа қылып бер енді, Байзыл…
— Лібә, антикоррупционщиктер мына жақтан (төбесін көрсетті), внутренний безопасность мына жақтан (тасының түбін көрсетті) қос қолдап ұстап тұрып, айдап жатыр! Ар жағындағы он бір мың үшін сен де нақ…
— Он бір мың бізде ақша, Байзыл! Жақсылыққа — жақсылық қайда, Байзыл? Бастығыңа жақсы көріну үшін — киіз үйімді алғанда, ау салғанда, қайығымды алғанда — бермейтін уәдең болмайды осы! А так сен — квартираға кезекке қойып берем дегенсің, исчо! Квартира қолыңнан келмейді, ол көрініп тұр. Қолыңдағы нәрсені сұрап тұрмын, Байзыл!
— Сукі, тағы бір түсіндіріп көрейінЧ. Саған үшінші группаны қалай алдық? Башпайы астына қайырылып өскен дедік. Ал сен екі күннің бірінде базарда шауып жүресің! Базар — толған құлақ. Сосын, ішівалсаң — «баражняг ақша алып, үкіметтің аузын тігіп отырм» деп лепіретінің бар. Екінші группа саған ниқоя келмейд…
— Жігіт емеспін десейші үйтіп марал оқығанша, Байзыл! Ай лібәәә, біліп едім! Бросты мойындашы, жігіт емеспін деп — мазаңды алмайм!
— Ахх… Ой лібәәә… Тұра тұршы…
— О, әне біздің Байзыл! Қазір ам алын табады Байзыл! Байзыл жігіт қой…
Байзыл Гольдштам әбден мезі еткен Қарамеңді Ейсвудқа қарап-қарап, қарап-қарап, қарап-қарап тұрды да, құлағына қал амын, кеңірдегіне қарындашын сұғып алды.
— Ой сукі, байқамай бірінші группа қылып жіберген сияқтымын — деді сосын.
— Бірінші группа елу жеті мың ба еді… — деді Қарамеңді сұлап бара жатып. Дегенде, дедім деп ойлады, әйтпесе дыбыстың орнына — қарындаш қадалған тұстан қан интонациясына сәйкес қорқ-қорқ еткен ғана болатын. Қас қылғанда қалам қадалған құлағымен құлап, жан-тәсілім етті…


















«EXPO дегеніміз не?» деген сұраққа көпшілігіміз тұтылып, лезде жауап қатуға жасқанамыз. Биыл Қазақстанда өткізілгелі жатқан дүниежүзілік көрменің тарихы терең, маңызы жоғары екенін білмедім дегенше, сауатсызбын десеңші. Осыған орай, ғылымға тікелей қатысы бар EXPO көрмесінің не екенін, қашан әм қайдан бастау алғаны жайлы аз-кем ақпар бере кеткеніміз орынды.

Сіз де: «оразаны ұйқыда өткізу дұрыс емес қылық» деген ойда боларсыз? Онда қателесіз! Ораза айында күндіз ұйықтамай сауапты істермен айналысу, құлшылық жасау өте пайдалы. Бірақ есіңізде болсын ораза ұстаған адам ұйықтамау керек деген қағида жоқ. Сізге бұл туралы мынадай жаңсақ сөздер Уатсап желісінен келген болар: «Оразаны ұйықтап өткізген адам сауапты түсінде көреді»-деген. Əрине, мені бұлай айтуға діни білімі жоқ дейтін шығарсыздар? Бірақ бұған islamdini.kz сайты жауапты əлдеқашан беріп қойған: