Смайлдар қосылды

Сайтқа смайлдар қосылды. Yahoo смайлдар тобынікі. Тексеріп көріңіздер, бәріңізде істеп тұр ма екен.




Көлік құралын тіркеуден шығару үшін бір төлемдер жасалады (ресми қалай аталатынын ұмытып қалдым). Жалпы сомасы 2-3 мыңның айналасы. Өтеген батыр кентінің маңайындағы жолполға барғанымда бұл жердегі төлемдер «БТА Банк» терминалы арқылы жасалатын болып шықты. Терминалға жақындағаным сол-ақ, бір жігіт жетіп келді: «Аға, былай төлейсіз, бүйтесіз, мынаны басасыз», — деп көмектесіп жатыр. «Жолы болар жігіттің...» деген мәтел есіме түсіп, шаруамның аздап жеңілдегеніне қуанып та қалдым. Сөйтсем, бұл жігітті ешкім кеңесші етіп тағайындамапты, сол маңайдағы ұсақ-түйек сататын дүңгіршектің сатушысы екен. Адамдардың аңқаулығын пайдаланып, осындай қызмет көрсетеді де, терминалға салынған ақшаның артылғанын өз телефонына лақтырып отырады. «Жә, енді көмектесті ғой», — деп өзімді жұбатып, үндемедім. Десек те, далаға кеткен 300-400 теңгеге ішім күйіп бара жатыр, әрі әлгінің қулығына аздап ашуым да келді. Бар айтқаным:
Көлігімді салыстырудан өткізіп, номерді ағытып, құжаттарымен қоса офицерге тапсырдым. Полицей:
Іле ауданының есебінен шыққаннан кейін, жұрт мақтаған — мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына тарттым. Бұл мекеменің қарапайым ХҚКО-нан ерекшелігі — тек қана автомобилистерге қызмет көрсетіледі. Барлық процедуралар бір жерге топтастырылған демесеңіз, қызмет көрсету жүйесі әлі де жетілдіруді қажет етеді. Дәлірек айтсақ — персоналдың білімін, тәрбиесін әлі де жақсарту керек. Жә, бүгінгі әңгіме ол туралы емес.
Көлікті қайта тіркегенде келесі төлемдер жасау керек:
«Аяғына кірген тікен сүйкімді балақанның мазасын әбден алған сынды. Қабағы шытылып, аузы әнтек ашылып тікенді алып тастауға барынша тырысып отыр. Скульптураға қарап «сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» деп жанұшыратын қамқор анасы қайда екен» деген ой келеді. Бір жағынан, тікен мына өмірде ол жеңуі керек соңғы кедергі емес...»









































