ОТТАЙ БЕРЕДІ ОСЫРАҚ ШАЛДАР...



Қаланың атауын өзгерту туралы хабарды естігенде, «сандырағы» шығар деп сақалдылардың, тіпті де елемеген едім. NEWS деген тіркесі бар ақпарат таратушылардың тілшілері тыпырлап жаза бастағанда, кәдімгідей ойланып қалдым. Твиттердегі парақшама түртіп қойып ем, бірлі-жарым саясаттан хабары бар жандар және сол «біздің» өңірдің тумалары ғана әңгімеге араласты.

Амиржан Косанов‏ @akossanovkz Қара алтыным жеті қаттан қазылған, Билік басы көп бәлеге шатылған.Мұнаймен де, қанменен де жазылған Өзенім-ау, айналайын атыңнан!

@Aidos_Sarym: Атыңнан айналайын Бекет Ата, Атыңды қоймау керек десем болма қапа...
Әрі қарай

"Көксау" Ғалымжан

Назарларыңызға Ғалымжан Жолдасбай атты жас әншінің халық әні«Көкжөтелге» түсірген тамаша клибін ұсынамын. Клип өзіміздің елімізде түсірілген. Мен 5 деген баға берер едім, міне қазақтың жылқысы, міне, қазақ қыздары, міне қазақ жігіті деп көрсетуге тұрарлық. Міне, Батыс ән мектебінің өкілі!
Әрі қарай

Анар Мұстафина: Қазақ интернетін дамытуға азды-көпті үлес қосқаным анық

Ақзерені таныстырудың қажеті жоқ шығар. Мынау, «Нұр Астана» газетіне шыққан сұхбаты.

– Анар, блог ұғымын қалай түсіндірер едің? Блогшы қандай болуы керек?


– Жалпы былай қарастырсақ, блог – бұл онлайн-күнделік. Бұрын адамдар ішкі ойлары мен толғандыратын сұрақтарын қағаз бетіне түсірсе, қазір блогқа жазады. Ал сол жазбаларын танымайтын адамдар оқып, оған пікір білдіріп, қолдау көрсетсе ол тіптен қызық бола түспек. Блог тақырыптарының аясы тек жеке өмір қызығушылықтарымен шектеліп қалмай, әлеуметтік, саяси тақырыптарды да талқыға салып, олардың шешімін табу да блог ұғымының тынысын кеңейтеді. Өйткені Интернет шексіз, сіздің жазғаныңызды құзырлы органдар да оқып отыруы әбден мүмкін. Ал қазақ тілді блогосфераның бұдан басқа тағы бір міндеті бар, ол қандай тақырыпта блог жүргізсе де, интернетте қазақ тілін насихаттау, дамыту.

– Блогингті азаматтық журналистикаға теңеп жатамыз. Қазір блогерлер арасында журналист секілді зерттеу жүргізетіндері бар ма?
Әрі қарай

Саудагер 3: Тәубе

Сана мен сезім: Саудагер 3: Тәубе

«Артембазар» деген базар жақта күніне 300 теңгеге жалданып жұмыс істеуге болад деп естідім. © Satibaldi

Әрі-үнемдеп бері үнемдеген, алдыңғы жұмысымның соңғы айлығы да таусылды. Шүкірфонымды кепілдікке тастап, ақша алайын деп едім, әттең үш күн бұрын «Жомарт-Ломбардтқа» өткізіппін…

— Апай, саламатсыз, анау күнтізбелеріңіз қаншадан? — дедім.

«Есектің көтін жу да мал тап» деген. Бірақ жақын маңда зообақ жоқ, ал қолымнан келетін жалғыз амал тап сол сәтте тек сауда қылу еді. Қалтамды сығып 300 теңге шығарып, жақын маңдағы дүңгіршекке беттеген сәтім еді.
Әрі қарай

«Жаужүрек мың бала» фильмінің бас актерларынан қысқа сұхбат


Мамыр айының үшінші жұлдызында үлкен экрандарға жол тартатын Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Жаужүрек мың бала» фильмі басты рөлдердегі жас актерларымен ерекшеленеді. Киностан.кз Сартайды сомдаған Асылхан Төлеповпен, Қорланды ойнаған Құралай Анарбековадан, Таймастың бейнесін көрерменге жеткізген Аян Өтепбергеннен қысқа сұхбат алған болатын.
Әрі қарай

Сейітқали Меттерних. "Исаның Екінші Келуі"

"Қорқыңдар, қорқыңдар! Өзім де бұтыма жіберіп бара жатырм, сендер де қорқыңдар!"-деп кейіді ол Сонда". © Евангелие от Амандық, стих 87:11.

— Ата, мынадай квартирант табылса мұрнымды кесіп берейін! — деді оператор қатын Дәуіт Духовныға қарап.

-Мен не деп жатырм, солай теріп берсейш, қалғаны өзімнің шаруам. Әрі қарай кеттік. "...Ішімдіктің кез-келген түрін ішпеуі, темекі шекпеуі тиіс. Үйге кешкі сағат сегізге дейін кіріп, таң атқанда сағат бестен бастап кетуге рұқсат. Үй телефоны пайдалануға берілмейді.
Әрі қарай

Ронюскэ Мұртаза. "Таңдау"

О'Делл Қадырдың тасын қатырып, ой үстінде жүргеніне төртінші күн. Ал оқу ісі жөніндегі орынбасардың орны бос тұрғанына — төрт апта. «Сонымен кімді қоятын болдық?» деп, ректор санаторийден қоңырау шалып тұрады. Күніне алты-жеті рет. Ертеңге дейін шешім шығармаса болмайды. Бірақ.
Әрі қарай

"Дала сазы"- ол не?


Иа, иа, иа "Ғаламартты" тұрақты оқитын оқырмандар, достар бұл сұрақтың жауабын бірден айтар .
Дегенмен, өзім басы қасында жүргендіктен де қысқаша жаза кетейін . Менің ұйымдастыру жұмыстарына қатысып жатқан алғашқы жұмысым ғой, толқу да жүгіру де көөөп .
Көрме туралы қысқаша:
Әрі қарай