Ана мен бала фитнес-жаттығулары
Егер балаңыздың салауатты өмір салтын ұстанғанын қаласаңыз, ең алдымен өз іс-әрекетіңіз арқылы үлгі бола біліңіз. Себебі, бала көбінеки Сіздің айтқан ақылыңызды емес, күнделікті жасап жүрген іс-әрекетіңізді қайталайды. Өзім де бала тәрбиелеп отырғандықтан, босанған Аналарға керек болады деген кеңеспен бөліспекпін.
Сәбилі болып, «семіріп»…
Жүктілік кезінде шамамен 10-15 келі салмақ қосатыныңыз айдан анық. Сол себепті босанғаннан кейінгі дене бітіміңіз өз көңіліңізден шықпауы әбден мүмкін. Бастапқы бір-екі айда артық жаттығу жасай алмайсыз. Бала емізетіндіктен диета ұстау, жүгіру, велосипед тебумен айналысуға да болмайды. Бірақ бұрынғы қалпыңызға келу үшін қандай әрекет болса да жасауға дайынсыз. Мұндай жағдайда Сізге кім, не көмектеседі деп ойлайсыз? Әрине, сәбиіңіз!
Ана мен бала фитнес-жаттығулары қалай жүзеге асады?
Сәбиіңіз екі айдан асқан кезде гинеколог-дәрігердің рұқсатын алып, дене жаттығуларын жасай бастасаңыз болады. Мұндай жаттығудың ерекшелігі – қандай жаттығу жасасаңыз да періште –сәбиіңіздің қолыңызда болуы. Ал артықшылығын сұрар болсаңыз, жіпке тізгендей етіп айтуға болады:
1. Ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі;
2. Баланың спортқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
3. Жаттығу барысы 40-45 минуттан аспайтындықтан, бала зерігіп те үлгермейді.
4. Жеке жаттығу кезіндегідей «Балам жылап қалды ма екен?!» деп уайымдамайсыз, себебі ол көз алдыңызда болады.
5. Жаттығулар Сізге ғана емес, оған да көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Сіз артық салмақтан арыла бастасаңыз, оның бұлшық еттері мен буындары дамиды.
Ескерту. Ширату, айналдыру, қолын созу сияқты іс-қимылдар балаңызға ұнамаса, жаттығуды ары қарай жалғастырмаңыз.
Неден бастау керек?
1. Ана үшін сағат 15.00-16.00 шамасы (бұл уақытта зат алмасу қызметтері қарқынды жүреді), ал бала үшін емізгеннен кейін 40 минут өткендегі кез жаттығу жасауға қолайлы уақыт.
2. Жаттығу жасайтын бөлмені бір желдетіп алыңыз.
3. Үстіңізге өзіңізге ыңғайлы киім киіп алыңыз.
4. Сүрініп не тайып жығылмас үшін жаттығумен айналысатын орыннан басы артық заттарды алып тастаңыз.
5. Айғай-шуы жоқ әдемі әуен қосып, билеңіз. Билегенде бөпеңізді қолыңызға көтеріп жүруді ұмытпаңыз! Балаңыздың былқ-сылқ еткен басын міндетті түрде кеудеңізге жақын ұстаңыз.
6. Әуенмен бірге әндете жүріңіз. Бұл Сіздің жүрек қағысыңызды қалыпқа келтірсе, балаңыздың қуануына, көңілді болуына септігін тигізеді.
7. Оқыс қимылдармен балаңызды қорқытып алмаңыз.
8. Күн өткен сайын балаңыздың салмағы ауырлай беретіндіктен, жаттығуды шамадан тыс көп жасамаңыз. Бүкіреюден және жаттығуды шектен тыс көп жасаудан сақтаныңыз.
9. Әр жаттығуды көп дегенде 10 реттен, ал уақыт өте келе 15-20 ретке дейін көбейтесіз.
Ал енді үй жағдайындағы ана мен бала фитнес-жаттығуларын бастайық!
1. Үш рет терең тыныс аламыз. Ол үшін демді ішке жинап, сыртқа шығарамыз.
2. Аяқты алшақ қойып, оңға, солға қарай созамыз.
3. Аяқты алшақ қойып, денемізді оңға, солға бұрамыз.
4. Дәл осы қалыпта тізені кезек-кезек жоғары көтереміз.
5. Екі аяқты кезек-кезек екі жаққа көтереміз.
6. Тік тұрған қалыпта екі тіземізді кезек-кезек артқы бағытқа қарай бүгеміз.
7. Екі аяқты алшақ қойып, екі тізені кезек-кезек бүгеміз.
8. Баланы мойынға отырғызып, екі аяқты барынша алшақ ұстап, жартылай отырып-тұрамыз.
9. Баланың екі қолтығынан ұстап, жоғары-төмен көтеріп, түсіреміз.
10. Баланы екі аяғынан ұстап, қолдарымен жүргіземіз және жоғары-төмен тербетеміз.
13. Баланы қолымызға ұстап отырамыз және тізерлеп отырған күйі жартылай отырып-тұрамыз.
14. Дәл осы қалыпта екі жаққа кезек-кезек бір жамбастап отырамыз.
15. Жерге жатамыз. Тізені бүгеміз. Бір қолымызбен баланың кеудесінен, екінші қолмен екі аяғының ортасынан ұстап жоғары-төмен тербетеміз.
16. Баланы аяқтың тізеден төмен бөлігіне жатқызып, жоғары-төмен тербетеміз.
18. Дәл осы қалыпта, бірақ тізені денеге қарай бағыттап тербетеміз.
19. Баланы ішіңізге отырғызып, жамбасыңызды жоғары-төмен бағытта көтеріп, түсіресіз.
20. Дәл осылай, бірақ бір аяғыңызды созған күйі жамбасыңызды жоғары-төмен бағытта көтеріп, түсіресіз.
21. Аяқ-қолыңызды бос қойып, емін-еркін демалып алыңыз және бастапқыдағыдай үш рет терең тыныс аламыз.
Басыңыз аман, деніңіз сау, жан дүниеңіз таза болсын!

10!
Фотолардың сапалары арасындағы контраст қана ләззат алып оқуға кедергі болды. Ал былай — керемет жазба!
Қабырғадағы фотодағы Зарина қайда кеткен?
Сәттілік!
негізі ше репортаждан гөрі пайдалы кеңеске көбірек келеді. бірақ үй жағдайында реп ретінде қабылдап көрейік. сурет немен түсірілгені маңызды емес, негізгі ойды анық беріп тұр. тек арты таза фонда болса және сурет сапасын білдірмеу үшін түрлі инстаграми эффектілердің бірін қолданып жіберуге болар еді ;)