Arular.kz

Сүтті қалай таңдайсыз?

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Супермаркетке бара қалсам, ең көп кідіретін орным – сүт өнімдерінің қатары. Қаз-қатар тізілген сүттің қайсысын таңдарымды білмей, дал боламын: біреуінің қорабы әдемі, біреуінің жарнамасы жақсы, біреуінің шығарылған мерзімі бүгін ғана. Оған қоса, «стерильденген, пастерленген, ультрапастерленген» деген сияқты түрлері тағы бар. Бірақ, ол жазуға аса мән бермейтінімді, тіпті неліктен жазылып тұрғанын түсінбейтінімді жасырып қайтем .

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Алдымен, қалтам көтеретін бағаға көз саламын. Сосын сүттің майлылығына, соңында мерзіміне назар аударым, кассаға қарай аяңдаймын .

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

«Сүт, сиырдың сүті неге ондай түрлерге бөлінеді, ол сүттер қандай әдіспен даярланады» деген сұрақпен Астана қаласынан 70 шақырым шалғайда жатқан «Родина» агрофирмасына қарай жол тарттық.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

«Родина» сүт зауытының эксперті Дмитрий Чайка мырза сұрақтарымыздың бәріне мұқият жауап берді. Дмитрий алдымен «Родина» сүт зауытынан шығатын сүттің сапасы қалай тексерілетінін көрсетті.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Зауытта арнайы аппаратпен сауылған сүтті жоғары температурамен, ыстықпен өңдеуге жібермей тұрып, лабораториялық тексеруден өткізіп алады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Ол үшін 100 грамм сүтті арнайы аппаратқа қойса болғаны.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?
Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Бірнеше секундтан соң кішкентай ғана мониторына мынадай ақпараттар шығады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

«Кейде аппаратқа сенбей, ескі әдіс бойынша да тексеріп аламыз. Сүттің нормаға сай екеніне әбден көзіміз жету керек,»- дейді лаборант Людмила Марталер.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Өзім де тексеріп көрдім, тексеруден кейінгі нәтиже сүт қорабында көрсетілген сандармен дәл келеді .

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Лабораториядан «рұқсат алып» шыққан сүт мына үш танкердің ішінде пастерленеді. Сүт құйылған бойда қажетті майлылық пайызы орнатылады екен. 3,2% майлылық керек болса, одан асып кеткен майды басқа ыдысқа бөліп отырады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Осылай сүт қорапқа құйылып, дүкендерге қарай жол тартады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

«Родина» сүті құйылған полиэтилен пакеттің мықтылығы сонша, үстіне шығып көргенімізде де мыңқ етпеді. «Ақтан обал ғой» деген ойымды «Көр, көр, шығып көр,» деген эксперттің сөзі шайып жіберді.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Бұл зауытта тек пастерленген сүт шығарылатындықтан жоғары температурамен өңдеудің әр түрін фотомен көрсете алмаймыз. Есесіне, эксперттен есіткен мәліметтердің өзі дүкенге барғанда біраз көмек береді.

Сүтті жоғары температурада өңдеу оның сапасына тікелей әсер етеді. Өңдеудің негізгі үш түрі кеңінен қолданылады: пастерлеу, стерильдеу, ультрапастерлеу. Бұлардың бәрі нені білдіреді?

Стерильдеу кезінде сүт 100 градуста өңделеді. Мұндай ыстықта зиян бактериялардың бәрі өледі, сәйкесінше, пайдалы бактериялар да жоғалады. Сондықтан сіз стерильденген «пайдалы» сусынды тек шөліңізді басу үшін ғана ішпесеңіз, құрамынан қандай да бір витамин табамын деп ойламаңыз. Стерильденген сүтті жарты жылдан да көп уақыт сақтауға болады. Сондықтан, жарамдылық мерзімі ұзақ сүтке көп жоламаған жөн.

Ал, егер пастерленген сүт ішсеңіз, онда әйтеуір бір пайдасы болары сөзсіз. Пастерлеу кезінде сүт 75-80 градуста өңделеді де, пайдалы бактериялар сақталып қалады. Әрине, кері әсері бар бактериялар да қалады. Пастерленген сүт 10-14 күн сақталады.

Қазіргі уақытта жоғары температурамен өдеудің ең сапалы түрі ультрапастерлеу болып табылады. Бірнеше секундқа ғана созылатын термоөңдеу кезінде сүт 125-138 градусқа дейін қайнатылады. Бұл процесте зиян бактерияның бәрі жойылады да, пайдалылары қалады.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Сүт таңдауда назар аударыңыз! Құрғақ сүт порошогынан жасалған сүттің қорабында "қайта қалпына келтірілген" (восстановленное — ресми аудармасы осылай екен) деген жазу тұру керек. Порошоктан жасалған сүт — сүт емес, сусын. Сондықтан өндірушілер қулыққа басып, сүттің "қайта қалпына келтірілген" екенін ашып жазбай, артына, кішкентай етіп, көзге түсе бермейтін әріптермен жаза салады. Әрине, ол — тексеріс бола қалса, «міне» деп, көрсете салу үшін ғана тұрған жазу.

Сүттің қорабына мұқият қараңыз Тетрапакеттегі сүтті таңдамас бұрын ақырын қысып көріңіз. Ауа шығып тұрса, ол сүтті алған жеріңізге қоя салыңыз. Ең сенімді қорап — шыны ыдыс.

Сақтау мерзіміне назар аударыңыз. сақтау мерзімі ұзарған сайын сүттің шыдамдылығын арттыру үшін түрлі тәсілдер қолданылады: крахмаль, ас содасы, түрлі антибиотиктер қосылуы мүмкін. Сондықтар бір не жарты жыл сақтауға болатын сүтті алмаған дұрыс.

Блог - aikarakoz: Сүтті қалай таңдайсыз?

Бәрінен де тиімдісі — базарда сатылатын "қолдың сүті" дерсіз. Ол сүттен келер қауіп те аз емес. Сүтті құйып беретін баклажканы қайдан алатынын, оны қалай тазалайтынын білмейсіз, қоқыстың арасынан жинап келуі де мүмкін. Ол ыдысқа бұрын сүт не айран құйылған болса, қақпағында, қуыс-қуысында қалдықтары жуылмай қалып кететінін өзіңіз де аңғарып отырсыз. Сондықтан сүтті сенімді жерден өз ыдысыңызбен алыңыз.

Таңдаған сүтіңіз құнарлы, ағзаңызға пайдалы болсын!

Кей суреттер интернеттен алынды.
" data-width="600" data-numposts="5">

32 пікір

avatar
Мәні бар репортаж
avatar
Керемет ақпарат, Эльвира!!! Үлкен, рахмет!))) Білем деп ойлап келіппін, білмейтін кейбір нәрселерімді.))) Мое молоко алушы едім, срочно зерттеу керек болды))))
avatar
Шымкентте бұларды таппайсың, Астана мен қала маңын әрең қамтамасыз етіп отыр. Шымкентте сүт өнімдері проблема, жақсы емес((
Төлебидің балмұздағынан басқа)) Ностальгиииияя
Соңғы түзету:
avatar
Леңгірдің балмұздағы ұнайды маған)
avatar
сол ғой жәнім, Төлеби ауданы орталығы Леңгір қаласы))
avatar
Кәйдән білейін, сен ғой Чымкенттің келіні, әхәхәхә
avatar
Korkem нен күтеміз, сол Ленгердің балмұздақтары туралы, Бірінші мамыр
avatar
Сайрам мен Көксәйек( Георгиевка) елді мекендерінде де сүт зауыттары бар. Сапасы былай болады. Бірақ дворға келетін өзбек кеннайлар мықты конкурент оларға)
avatar
двордан көшеден сүт алмаймыз. ауылда сатады литрі 100 т, Қолдың сүті тым майлы балаға. 2.5 пакеттегі болмаса.
avatar
майлылғы жетісіп тұрғаны шамалы, су қосады))
avatar
шын сөзім, тек осы «Родина» өнімдерін аламын, ешқашан кідірмеймін сүт бөлімінде, бұл болмаса Петропавлдың «Зенченко» сүт өнімдерін. Родинаның немісі мен Зенченко украин ағаның фермасына, сүтінің сапасына бәлен жыл бұрын көзім жеткен. Сөреде көп тұрмайды, тез өтіп кетеді. Кешегі өнім деген атымен жоқ, күнде свежий.
Рекомендеймін. Бағасы да арзан анағұрлым. Президенттің өзі осы екі облыстың сүт фермасын мақтайды, үнемі барып тұрады. Ауылын айтсаңшы, керемет.
avatar
Ауылында қаззақ жоқ пәшти, айтпақшы
avatar
қаззақтарды көп алмайды жалқау, жалпы жұмысқа тұру қиын, таңдайды, есесіне барлық (барлық!) жағдайын жасайды. Өзің де көрдің ғой,
avatar
ееее, үйдің сүтіне не жетсін
avatar
Жақсы, бірақ зарблады алғасын.
avatar
Енді тек «Родина» ішетін болдық, ә?
avatar
Мемлекет бекіткен техрегламенттер айтылуы керек еді.
avatar
Сүттің қауіпсіздігі туралы ма?
avatar
Бәрі туралы, упаковкасынан бастап, ненің сүт, ненің сүт өнімі болып саналатыны туралы… тағысын тағы. Оқысаң өте қызық, сүттің кейде сүт еместігін біліп таңқаласың.
avatar
оқып не қылам оны өзіміз әзірлейміз, бекітеміз)) любойын сұрай бер) Жалпы техрегламенттің бәрі осылай аталады «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» т.б…
Бәрі туралы, упаковкасынан бастап, ненің сүт, ненің сүт өнімі болып саналатыны туралы
осы ғой техникалық қауіпсіздік.
avatar
Ыыыы))) Сізден сұхбат ала салу керек еді сүт тақырыбында)
avatar
көрші Жәмила апайдың сүті жақсы, тойс сиыры жақсы ма сондай бірдеңе содан аламыз
avatar
Бірақ, ол жазуға аса мән бермейтінімді, тіпті неліктен жазылып тұрғанын түсінбейтінімді жасырып қайтем .

Вангаланам: «Сұрақ белгісін қойсаң, бір жерің түсіп қала ма?» © Даркназгүл, өз сайтында. \\

Соңғы түзету:
avatar
бағаны тұрақтандыру тобында болғаным бар, өткенде. шымқаладағы бір сауда үйінде күніге жиі тұтынатын азық-түліктерге баға мониторингім жүргізем. Бірінші күні әлі есімді. Макарондардың бағасын жазып болған соң, сүт өнімдеріне өттім. Тетрапакеттегі «Петропавловское молоко» деген өнімді сөреге тізіп қойып әр-түрлі бағамен сатып жатыр. нақтысы 3 түрлі баға. Өзімше бірдеме таптым деп қоям)))))) Сатушының бірін шақырып «неге бұлай?» дедім. «Сүттің майлылығына қарасаңызшы» дейді. Сонда барып білдім))))))
avatar
Менің де жиі алатын сүтім «Петропавловское молоко» 6%, басқа сүттермен салыстырғанда, ең қоюы осы, әрі бағасы да жақсы.
avatar
Біз ішу үшін Мое молокоға үйренгенбіз, бірақ сонымен қатар қалада тұратын таныс апайдың кешкі сауған сүтін алып тұрамыз. Оны айран жасау үшін. Балаларым енді ұйыған айранды ішіп үйренген, өте жақсы көреді, әрі зиянсыз деп те естігем, ал қалған сүтіне пісіріп жатқанда кішкене, өте кішкене лимон қышқылын сеуіп қайнатсаңыз керемет ірімшік пайда болады, дүкеннен алынған ірімшіктерге қарағанда дәмдірек те, пайдалырақ та, әрі қоспасыз,,,өте жақсы көреміз.
avatar
"сүт туралы нені білуіміз керек?" қызыққандар үшін пайдалы ақпарат.
avatar
Кей суреттер қай суреттер?))
avatar
Мен үшін жаңалық — Ультрапастерленген. Енді қарайтын боламыз)

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.