Құдай жынды қылмасын...

«Жазым болса быламыққа тіс сынар» деген бар емес пе? Бүгін сол мақалдың дәмін сездім. Тісім сынбасада, тіс тазалау үстінде көзім жетті. Басынан бастайыншы…
Бүгін таңертең жұмысқа тұру үшін, кеше кешке 23.00ден аса бере жатқам ғой. Содан, қалта телефонымның оятқышы белгілі уақытта оятты. Ұйқылы-ояу жүріп, тісімді жумақ болдым. Тіс пастасын алып тісімді ысып жатқам.Шамалыдан соң қан аралас көпіріктердің тамып жатқанын байқадым. Қызыл еттің қанауы дегенде білем, дәл бұлай қанамайтын тісімнің еті. Аузым аши бастады, кәдімгідей ашып ауырды. Аузымды сумен шайып жатырмын, қан тоқтайтын түрі жоқ. Не керек, тіс щеткамды шайып орнына қояйын десем… Тіс щеткасы дегенім сақал қыратын станогым!
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Қазақтың дәстүрлі 3 әні

Қазақтың бай ән қазынасының ішінен тамаша 3 дәстүрлі әнді ұсынамын…
«Дедім-ай-ау» бала күнімнен сүйіп тыңдайтын әнім...
Дедім-ай-ау
Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
дедім-ай-ау
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,
дедім-ай-ау

Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.

Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,
дедім-ай-ау
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,
дедім-ай-ау.

Қайырмасы.

Әміре Қашаубаев Парижде орындап, Еуропаны бағындырған ән...
Ағаш аяқ
Атандым мен жасымнан ағаш аяқ
Жас жанды ақсақ етті аямай-ақ
Салдықтың салдарынан ақсақ болып
Жүргенім қолыма ұстап жалғыз таяқ

Әй, қалды-ау, қалды-ау
Әй, қалды-ау, қалды-ау
Қыз қалды ойбай
Қыз қалды-ау
Қара жол ма дегенім
Шұбырынды із болды-ай, ойбай

Ала жаздай нәр татпай
Іздегенім қыз болды-ау, ойбай
Қыз қайда, ойбай, қыз қайда?
Шіркін-ай есіңе ал,
Алсаң ал, алмасаң қой
Сенсіз өлер деймісің
Шіркін-ай, шіркін-ай
Үкілі кәмшат бөркің-ай
Ой-пәлі-ай
Ей, пәлі-ай!
Осылай ма едің
Қыз бала-ай!

«Гауһартас», орның бөлек әнсің сен...
Гауһар тас
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!

Қайырмасы:
Беу-беу гауһар тас,
Құсни, құрдас,
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас.

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл гәріс белін буған.

Қайырмасы.

Басасың аяғыңды, ырғаң-ырғаң,
Салдырап шашбауың мен алтын сырғаң.
Жай жүріп щаттанасың әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай мойын бұрған.

Қайырмасы.
Әрі қарай

Шешендерді іріктеу №6: Қазақстан экономикасына туризмнің пайдасы жоқ!


Мынаны да қарай отырыңыз


Yesman — Пікірді жақтайды.
Noman — Тақырыпқа кері пікірді жақтайды.

Өткізілу уақыты:
Сейсенбі. 16-шы қыркүйек, 2011 жыл.
Жеңімпазға біреу 2000 бірлік ұсынғалы отыр.
Әрі қарай

Елбасы туралы ертегі

Соңғы күндері Роза Ақболатова деген кісі жазған Елбасы туралы ертегі кітап жайлы жиі айтылып жүр. Бақандай үш кітап — «Менің президентім Ақпатша», «Елбасы – Нұрсұлтан», «Золотые яблоки Даригуши». Бұл кісі осыдан 3 ай бұрын бізге де келген еді. Осы туралы жазсаңдар деп кітабын тастап кеткен. Жақында БАҚ беттерінде гулей бастаған соң, не нәрсе деп сөреде жатқан әлгі кітапты парақтамаймын ба. Айтарға сөз жоқ. Авторы жақсы ниетпен жазған шығар. Бірақ, өз басым Президенттің атына нұсқан келтіретін дүние деп ұқтым. Күлкің кеп әрі түңіліп оқисың. Дүмшеліктің де түр-түрі болады екен-ау…
Әрі қарай

Пақыр...

Неліктен іркіліп қалды,
Жүрісі өнбеген пақыр.
Ешкімге зияны жоқ ед,
Ал оны жазалап жатыр.

Жүрісі өнбеген пақыр,
Бірдеңе бүлдірді мекен?
Ол бүгін өлмейді бәрбір
Үйренген бәріне көтен

Жүрегі нәзік те қатты,
Қайтесің бүгінгі күйін.
Өмірді сүріп ақ мәнсіз,
Мас болып қалады жиі.

Балаққа жабысып батпақ,
Мент біткен тоқтатар оны.
Құлдырап адами құны,
Бітер ме киноның соңы.

Адасса адами жолдан,
Жаратқан, жанын ал оның.
Болсаңшы басқаға Қорған,
Құртып жүр қаланың «фонын»
Әрі қарай

Бір жұлдызша ағып түсті...

Жайсыз хабарды естіп жаман болдық. Жазда балалар үйіне барып ролик түсірген болатынбыз.Мен әрине қатысқан жоқпын, бірақ роликті көргенде басты кейіпкер балаға жұмыстағы барлығымыз ғашық болып едік. Енді міне ол балдырған өмірден өтті дейді. Өткенде де біреулердің қолымен жасалды дейді. «Время» газетіне сенсек, баланы өлтірген. Әзірге кім екені белгісіз.
7 жастағы Асхат Сүлейменов режиссер Дамир Манабайдың «Лотерея» фильміне түсіп жатқан. Болашақта актер болуды армандаған екен. Эх, өмір үзілді, арман жоғалды…
Әрі қарай