Октоберфест басталды



Мюнхенде дәстүрлі Октоберфест сыра фестивалі басталды. Қазанның 3-іне дейін жалғасады.



Былтыр 6 млн литр сыра ішілген екен. Биыл бұл рекорд бұзылуы мүмкін.



Биыл 6 млн турист келіп, 960 млн евро пайда әкеледі деп күтілуде.



Бавар қыздары мықты, 12 кружканы бірден көтере алады!



Ал, кружкалар көріп тұрғандарыңдай біздегідей 0,5 емес



Мындай шатырларда отырады жұрт.
bk
Бөлісу:

23 пікір

e_zhalgas
сілекейімді игере алмай қалдым  «Немістің салқын сырасыыыыыы» (деп әндетіп кетсең!)
asaubota
келесі жылы Блогқұрылтайды Мюнхенде өткізейік, қыркүйектің аяғына қарай
asaubota
егер КерекИнфо бір 3 мың доллардай ақша жинап, командировать етсе барып бір фоторепортаж жасап қайтуға дайынмын. паспортым және фотоға түсіретін соткам бар
Zilola
неге сыра туралы фестивальде қыздың көкірегіне көп көңіл бөлген?
asaubota
Бавар халқы фестиваль кезінде өздерінің сондай ұлттық киімдерін киеді екен. қыздарынікі алды ашықтау шығар, омырауларын сен айтқанан кейін байқап отырмын
Zilola
Ақпаратыңызға рахмет.
суретті түсіргенде де, тура үстінен түсіріпті, сондай біртүрлі екен
Janasil
Бізде де сыра сататын орындардың сыртында Көкірегі жарқырап сыра тасып жүрген қыздың суреті тұрады ғой.
meirzhan
көкірегі ашық, көзі ояу
meirzhan
Суреттер сыра туралы ғана сөйлемейді.
asaubota
бармайтын болдым Октоберфестке. 3 мың долларға енді тек 173 доллар жетпей тұр еді. кеше қатыннан ақша сұрап едім, "қайдағы ақша, қайдағы пибі, таста пибіні, ана не анау қарның шығып кетті и так, ешқайда бармайсың, отыр үйде, бала бақ" деді. обшым Германия сенің не теңің, жылтырап тұр көтеніңге келтірді

обшым кешіріңдер, бара алмайтын болдым.
Janasil
Жеңгеміз мықты екен бір ауыз сөзбен тоқтатқан. Мына суреттерді көрсе точно жібермейді ғой7
asaubota
мындай суреттерді көріп жіберетіндер де болады ма?
KILYZAMAN
Келін дұрысын айтыпты:
Хәкім шырақ, онанда қымыз бен шұбаттыжарнамалағаның әлде қайда пайдалы емеспе? Ойланшы өзің, ақылды бала едің ғой. Әлде, желілік әкімдік тақтың желігіне ішің кеуіп кеттіме? ;-)
asaubota
сыра жарнамасы емес қой. фестиваль туралы ақпарат бердім. және сыра, туризм өзіме ұнайтын нәрселер. жазбауыма еш кедергі жоқ
KILYZAMAN
Түсіндім Ареке… Мұным енді, әліде болса: Арекеңнен қай жерім кем деушілер табыла қалса, сен арқылы айтқаным деп білерсің ;-)
Mira
Қайырлы күн,
Мына жарнамадағы суреттерге қарасам, мынадай қорытындыға келуге болады:
1. кеудесін/дене бітімін сымбатты еткісі келетіндерге нағыз керек сусын!!!
2. қыз-келіншектермен демалысын өткізуді өте ұнататын жандарға нағыз керек жер/мекен!!!
3. фоторепортерлердің назары ауып кетпесе, нағыз репортаж жинауға болатын мереке/фестиваль.
4. гинестің кітабын рекордтармен толықтырушыларға — немістер бір оқпен бірнеше қоянды атады: бизнес, туризм, экономика, маркетинг, және т.б.
Бір сұрақ туындап тұр — сыраны тек әйел адамдар ғана ішеді ме?
asaubota
қыздар суреттің көркі болғасын фотограф соларды көп түсірген ғой. ал, былай қыздарға сыра ішуден бізге жету қайдааааа
Aigolek
Кыздары джынды кен 12 литр пивы 12 кг десек ар стакан 500 гр болатын шыгар (стекло екен). 18 кг ыспакойна котеру керремет ко.
Ottegin
Осы сыраны іше алмаймын, сыра емес, алкоголь деген бәлені, сол сыраның бір стақанын ішсем басым сынып қалардай болып, итше домалап ауырамын)))

Орысқа жақсы нәрсе неміске өлім әкеледі дейді-міс, ал немістің жақсы көретіні маған қиындау тиеді)))