Бір жұлдызша ағып түсті...

Жайсыз хабарды естіп жаман болдық. Жазда балалар үйіне барып ролик түсірген болатынбыз.Мен әрине қатысқан жоқпын, бірақ роликті көргенде басты кейіпкер балаға жұмыстағы барлығымыз ғашық болып едік. Енді міне ол балдырған өмірден өтті дейді. Өткенде де біреулердің қолымен жасалды дейді. «Время» газетіне сенсек, баланы өлтірген. Әзірге кім екені белгісіз.
7 жастағы Асхат Сүлейменов режиссер Дамир Манабайдың «Лотерея» фильміне түсіп жатқан. Болашақта актер болуды армандаған екен. Эх, өмір үзілді, арман жоғалды…
Бөлісу:

18 пікір

meirzhan
Иманды болсын.
Істің анық-қанығы анықталмаған сыңайлы ғой.
AKY
Аянышты.
п.с.: Сапасыз ролик.
edige
Өкінішті… өте өте
19852407
балаға қойылған сұрақтардың сықпытын қарасейш, психологияңды-ай!
Tarazkyzy
бала алғысы келетін әр ата-ананың көкейіндегі сауал ғо
Onlasyn
Әзірге кім екені белгісіз.
Баламен бірге тәрбиеленіп жатқан кішкентай қыз-мыс…
sammita
видеоны көрмедім. Өткен аптада Времядан оқып, суреттерін көргем. Аянышты… періште ғой, алды жарық болсын…
Onlasyn
Ақша тауып құтырып кетті десед, бірге жатқан жетіншектер
sammita
7 жасар бала ма..(((
Onlasyn
Соны айтам ғой
sammita
тәрбиеші мен тәрбиеленуші (ұл-қызы айтылмаған) күдікті дейді-мыс.
Onlasyn
А-а-а
Ақша тауып құтырып кетті
деп қыз айтып тұрған теликтен, соны шатастырғам ғой )
Nurgisa
Қорқыныштысы, осындай жалынышты, сұмдық жағдайларды ести-ести ет, көз, құлақ… үйреніп кетті. Жаңалықтардан дамылсыз беретіндері осы. Педофилдер туралы да қаптап кетті соңғы кезде. Қоғамның азғыруынан бұрын бұл иманның әлсіздігі мен қадағалаушы, реттеуші инструменттердің жаппай немқұрайлығы ма деймін. Рухани өрлеу туралы жарыса жазатындар аз емес. Рухани ылдилау туралы жазу — табу. Өсемін деп тұрғанды өшіретін, «көсемім!» деп ұлықтаушыны сарайға көшіретін қу заман-ай.
Onlasyn
Педофилдер туралы да қаптап кетті соңғы кезде
Лібәәә, айтпа. 5-10 жылдан кейін не боларын
Janasil
Баланың өліміне кінәлі 10 жастағы қыз деп жатыр.
Tarazkyzy
иәәә, адамда (кішкентай қыз) соншалықты қатыгездік болар ма еді.«Адам адамға қасқыр» (Томас Манн) деген заман болғаны ғой