Көктем тақырыбына арналады
Көктем… аналар мейрамы келе жатыр.Соны ойлай бастап едім, мамамды қатты сағынғанымды түсіндім. Күніне 10 рет сөйлессем де, екеуміз ас үйдің есігін жауып алып, шәй ішіп отырып,ұзақ әңгімелесетін күндерімді сағындым.
Әрі қарай



Кешелі бері Керектің бетінде «авторлық құқық… мақала ұрлығы, ұры журналистер» деп шулап кеттім. Демалысымды демалуға бөлем деп, айқай-шуға бөліп жібердім. Қарап отырсам, ұрланған мақалалардың бір бөлігіне ғана менің авторлығым жарайды екен. Бірақ басқа блогшылар мен авторлардың еңбектерін ұрлап, сол арқылы пайда тауып отырған арамтамақтардың әрекеттерін көріп, қалайша тыныш, үнсіз қалуға болатынын ұқпадым. Біреу біреудің (мысалы, біреу көршімнің үйін тонап жатыр делік) меншігіне қол салып жатыр. Айту керек қой ондайды. Айтсаң қуғындалып кететін үлкен саяси деңгейдегі мәселе емес, сіз бен біз секілді адамдардың заңсыз әрекеттері.

Оңтүстік Қазақстан облысында шығатын «Замана» атты облыстық газет бар. Оқуға-тұрарлық және тұрмайтын мақалақалалар мен емші-бақсыларды пиарлайтын мақалаларды жиі жариялап тұрады. Бүгіндікке сол газеттің Интернеттегі сайтынан қарақшылық жолмен алынған үш мақаланы таптым. Бұрынғы блогта жазған мақалам және кейін «Мәліметтер» мен «Ана мен бала» сайттарында жарияланған мақалаларымыз аздап өзгертіліп, өңделіп, басқа авторлардың атынан жарияланып кеткен.