Шымкенттік қарақшы журналистер

Көптен бері ұры журналистер туралы ләм-мим демей кетіп едім. Пернетақтам қышып қалыпты бүгін
Сонымен, қарақшы газеттерді әшкерелеудің екінші маусымын ашық деп жариялаймын.

Оңтүстік Қазақстан облысында шығатын «Замана» атты облыстық газет бар. Оқуға-тұрарлық және тұрмайтын мақалақалалар мен емші-бақсыларды пиарлайтын мақалаларды жиі жариялап тұрады. Бүгіндікке сол газеттің Интернеттегі сайтынан қарақшылық жолмен алынған үш мақаланы таптым. Бұрынғы блогта жазған мақалам және кейін «Мәліметтер» мен «Ана мен бала» сайттарында жарияланған мақалаларымыз аздап өзгертіліп, өңделіп, басқа авторлардың атынан жарияланып кеткен.

Қазақстанда тіркелген қазақтілді газеттердің көбі Шымкентте орналасқан болса керек. Солардың қаншамасы Интернеттегі мақалаларды ұрлаумен күнелтіп келеді десеңізші. Оңтүстікте іліпалар бірнеше газет болса, соның бірі осы «Замана» газеті болар дейтінмін. Сөйтсем бұл газеттің журналистері мен тұрақты авторлары кейде Интернеттегі оқуға тұрарлық мақалаларды аздап өзгертіп, өз аттарымен жариялай береді екен.

Енді не істеймін? Тағы да соттасамын ба шымкенттің ұры журналистерімен? Соттасатын болсам, көмектесетін адамдар бар ма?
Бөлісу:

14 пікір

meirzhan
Авторлық құқық туралы жаңа заң тосқауыл болар ма екен. Посттың соңында шарасыздық байқалғандай болды.
Zako
Ол заңда Интернеттегі сайттардан мақала ұрлау туралы ашық ештеңе жазылмаған. Әбенов мырзаға қатты сеніп едім біздің жыртығымызды жамайды деп.
satibaldi
Соттасатын болсам, көмектесетін адамдар бар ма?
Бұрынғы Әділет Министрі Константин Колпаковты жұмыссыз жүр деп естігем.
araika
Неге мақала сөзіне келгенде тіліңіз күрмеле береді?қасақана ма
Zako
Рақмет. Түзетіп қойдым. Қате кетіпті. Арқам ұстап қалып жазып едім
satibaldi
Әдейі істейд, бұл арам пиғылдының ар жағында 2050 жылға қарай қазақтың фонетикалық айрықшалығын жою жатыр.
Zhan
Жанайқайың өте орынды. Мақаламен қоса идеяңды ұрлап кететін журналистер бар, сосын сенің не жазғаныңды аңдып жүретін жазғыштар бар, сен не жаздың, тура сол тақырыпта артынша басқа біреуден барып сұхбат алады, сұрақтарын тура сенікі сияқты қылып қоюға тырысады. Бір. Екіншіден, бір тақырыпта мәселе көтерсең тонын айналдырып, өзінше беруге тырысады. Осы мәселені анау бір әріптесім де көтеріп еді деп сілтеме жасай кетсе, бүйрегі түсіп қалатындай. Мақаланың беру формасын жымын білдірмей ұрлайтын өзіндік стилі жоқ та жазғыштар бар. Қосымша шығармашылықпен айналысып жүрсең оның да тонын теріс айналдырып, сенен идея, стиль ұрлап халтурщик екенін мойындамай, 99 пайыз еңбекпен жеткісі келетін өлермендер бар.
Негізі әр журналист іштей өзінің қабілет-қарымы қай жерге дейін жететінін, кімнен озық, кімнен қалыс екенін іштей біліп жүреді. Ал көшіріп, әр жерден ұрлап жырлап жүргендер ұзаққа бара алмайды. Күйші Жанғали Жүзбаев деген ағамыз бірде маған: «Халтураның да өмір сүруге құқы бар» деп еді мысқылдап.
Zako
сен не жаздың, тура сол тақырыпта артынша басқа біреуден барып сұхбат алады
«Жұлдыздар отбасы» журналы мен «Жұлдыздар құпиясы», «Жұлдызбен сырласу» журналдарының арасындағы бәсекеге қабілетсіз бәсекелестік
satibaldi
Ол қойня, сіңлім-ау. О ештеңе емес, шынымен ұрлықшы журналистер де бар. кабинетіңді ашық қалдырсаң бітті флешіңді тігіп кетпесе, әйтеуір степлерді қолды қылад. Бұлар енді…
Adiletshu
Ол қойня, сіңлім-ау.
AsanQaigy
Дуалап жібер оларды

суреттің қожалары — vladimir-hazan.com
Zako
«Замана» газетінің 2009 жылғы сандарында жарық көрген мақалаларды 2011 жылы «Шипа» газеті ұрлап басыпты. Ешқандай сілтеме көрсетілмеген.