Ұры журналистер авторлық құқықтың не екенін біліп жатыр
Кешелі бері Керектің бетінде «авторлық құқық… мақала ұрлығы, ұры журналистер» деп шулап кеттім. Демалысымды демалуға бөлем деп, айқай-шуға бөліп жібердім. Қарап отырсам, ұрланған мақалалардың бір бөлігіне ғана менің авторлығым жарайды екен. Бірақ басқа блогшылар мен авторлардың еңбектерін ұрлап, сол арқылы пайда тауып отырған арамтамақтардың әрекеттерін көріп, қалайша тыныш, үнсіз қалуға болатынын ұқпадым. Біреу біреудің (мысалы, біреу көршімнің үйін тонап жатыр делік) меншігіне қол салып жатыр. Айту керек қой ондайды. Айтсаң қуғындалып кететін үлкен саяси деңгейдегі мәселе емес, сіз бен біз секілді адамдардың заңсыз әрекеттері.
Осы кезге дейін соттасып, сотта жеңген ешкім жоқ арамызда. Бірақ айқайдың арқасында кейбір баспалар аяқтарын тартып, істей алмаған соң газеттерін сатып жіберген. Біреулері шығаратын мақалалары болмай тоқтап қалды, кейбір ұры журналистер жартылай жұмыстан шығарылыпты-мыс. Демек, сотта жеңіп, қалтамызға тиын түспесе де блогшылардың кім екенін, авторлық құқықтың не екенін қаншама ұры журналистке түсіндірдік қой.
Менің елдегі демалысымның бір айы ұры газеттердің заңсыз әрекеттерін әшкерелеумен, оларды айыппұл төлеуге көндірумен өтті. Бірақ көрген бір де бір басылым болмады. Олай болса, сот арқылы шешейік деп шештім. Шымкенттен кетіп қалған соң соттан да ештеңе шықпады. Бірақ көрер күнім бар болса, ұры газеттерді қолымнан келгенінше, жағдайдың болғанына қарай, сотқа беріп, олардың айыпты екендіктерін заң жүзінде дәлелдеп, айыппұлын төлетіп алу туралы ниетімнен қайта қоймадым. Уақыты келгенде көре жатармын.
Бір-екі блогшының айқайымен ондаған, тіпті жүздеген ұры журналистке қарсы тұру физикалық тұрғыда мүмкін емес сияқты. Сондықтан сіздер де "Әй, қойшы, ұрласа ұрлай берсін" демей, заңды бұзып, құқықтарыңызды аяқасты еткен ұры журналистердің заң бойынша тиісті жазаларын алулары үшін әрекет етуге шақырамын. Жалғыздың үні шықпас дегендей, бірікпесек, бірігіп жиындар өткізбесек, тиісті органдарға шағымданбасақ, Интернеттен мақала ұрлаушыларға тосқауыл бола алмаймыз.
Соттасу деген міндетті түрде материалдық шығын өндіріп алу емес қой. Сот арқылы айыпты жақты көпшілік алдында өз кінәсін мойындауға мәжбүрлеп, басылымдары арқылы бұқара алдында кешірім сұрауға міндеттеуге болады. Ондай масқараны көрген басқа да журналистер біреудің мақаласын заңсыз түрде пайдалануға болмайтындығы туралы біліп жүреді. Сөйтіп мақала ұрлығы 100% жойылмаса да, айтарлықтай азайып қалады деп сенемін. Тек бірлік керек, немқұрайлылықты қойып, ұрылардың ұры екендігін заң жүзінде дәлелдейік. Ол деген біреудің басын жарып, көзін шығару емес. Бірігейік! Идеяларыңыз болса, жазыңыздар. Бұрындары да ой тастағандар болды. Қолданылғаны бар, қолданылмағаны бар, қалай десек те, нәтижеге жетіп жатырмыз.
Аман болайық!

2 пікір