Көктем тақырыбына арналады

Көктем… аналар мейрамы келе жатыр.Соны ойлай бастап едім, мамамды қатты сағынғанымды түсіндім. Күніне 10 рет сөйлессем де, екеуміз ас үйдің есігін жауып алып, шәй ішіп отырып,ұзақ әңгімелесетін күндерімді сағындым.
Мамам қандай мейірімді болса да, кейбір сәттерде өте қатал бола алады.Сол туралы біраз сөз.
9 сынып оқып жүргенде, ол маған хат жіберіпті.Постскриптумымен: осы хатты принтерден шығарып, жұмыс столыңдағы әйнектің астына салып қой деп.Мен оқып алып,2 сағат күлген шығармын. Қалай күлмейсің? Екеуміз 1 үйде тұрамыз, ауызша да айтып жүрген сөздері, тек соны ерінбей жазып,әдемілеп, хат қылып маған жібергені.
Кешке жұмыстан келді.«Мам, ты даешь. Зачем ты все написала?» дедім. Ол күлген жоқ. "Қызым, күлетін түк те жоқ, мен саған жаман болсын демеймін, көз алдыңда тұрсын. Ол миыңда, клетқалық деңгейде қалады.Бір үйдің үлкенісің, артыңнан ерген сіңлің бар, сен жақсы болсаң, ол да жаман болмайды" деді…
Осы анамның хатын мен Қытайға да алып кеттім. Кейін жаңа үйге көшіп жүргенде, жоғалып қалды. Тек кеше есіме түсіп, почтамды ақтарып отырып тауып алдым(мен өзіме маңызды деген хаттарды өшірмеймін).
Егер менің өмірім-программа максимум болса, мына программа минимумды мен аяқтаған сияқтымын. Мамамнан келесісін сұрау керек шығар
bk
Бөлісу:

16 пікір

aikarakoz
мамамды қатты сағынғанымды түсіндім.
осы уақытқа дейін түсіне алмай жүрмедіңіз?
Aizhantabyn
не забудь дегендегі 1,3,5,7 деген не сандар)?? Супер екен)))
VKM
понедельник, среда, пятница, воскресенье
Gulistan
Мен де қызыма ерінбей осылай жазар едім. Мэрилин Монро бір естелігінде былай деп жазып кетіпті: "Егер қызыңыз болса, оған күн сайын әдемі екенін айта жүріңіз".
Өзіңнің қорғаушың бар екенін сезіну — тамаша сезім. Бірақ біреуді қамқорлаған да одан кем бақыт емес.
VKM
Рахмет, Гүлстан!
aza
Ата анаңның қадірін балалы болсаң білерсің деген екен баяғылар… Не айтқысы келді екен? Соңын әдемі түйген екенсіз, ВКМ, разымын!
Serzha
эээ Айдананы малявка деп жынды қылдыңбанеее?!

Слушайся апашку..
әртеуір тәтешка демесеңіз болды
VKM
Серьга рахмет.Айдока қазір малявка емес. Үлкен қыз
aikarakoz
Маамааа
ВКМ, рахмет! осы постты оқып, мамама бір зандап қойдым
VKM
 бір соцжарнама бар еді ғой. Позвоните родителям деген)
TERISKEY
kizik jane ote kerekti malimetti jazba mamaniki! Keyinge arkez este juretin, tarihi mani bar munday narselerdin