Африкада бильярд ойыны чемпионаты

Бүгін Африка тайпалары арасында бильярд ойынының чемпионаты басталды — деп хабарлайды папуаснюсь ақпараттық агенттігі.
Бұл дүбірлі додада кабил, туарег, шавия, бени-мзаб тайпаларынан үздік шыққан бильярдшылар сайысқа түсуде.

Әрі қарай

Әндерден үзінділер

Сәлем баршаңа! 
Бүгін vk.com/sen_ushin группасына жазып жүрген жазбаларыммен бөлісейін деп едім
 
1. «Cенің махаббатың өмірдегі бар байлығым болса, өмірдің соңына дейін ешкімді қаламас едім» 
Justin Timberlake — Untill the end of time
(if your love was all I had 
In this life 
Well that would be enough 
Until the end of time)

2. «Маған тағы бір мүмкіндік берші, сен үшін басқа өлең жазуға»
 Justin Timberlake — Another song
«Give me another chanceTo write you another song»



джастин
 
3.«Сені жоғалсам, мен үшін күн жоқ»
 
Bruno Mars — It will rain
«there'll be no sunlight,
If I lose you, baby».
4. «Сені мәңгі сүеймін деп серт беремін»

Bruno Mars — Rest of my life
«I promise to love her for the rest of my life»
Bruno
 
5. «Мен көре алмадым, мен сене алмадым. Мен тек сезе білдім»


Marc Anthony — You sang to me
 «I didn't see it, I can't believe it… Oh but I feel it»
anthony
 
6. Менде екеуміздің әлемімізге билет бар

Savage Garden — To the Moon And Back
«Got a ticket for a world where we belong»
savage
 
7.«Кейде махаббат шексіз, кейде ол мәңгі бақытсыздық»
Adele — «Someone like you» әнінен үзінді
 
adele
Баршаңызды халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын
Және сіздерді vk.com/sen_ushin группасына жазылуға шықырамын
Әрі қарай

КЕШІР



Адастым ба, білмеймін, алжастым ба,
Қуанышым мұң болып алмасты ма?
Қонса ұшпас бақыт іздер пенденің,
Өзі мәңгі тұрақтап қалмас мұнда…

Қуанамыз ие болсақ жақсы атқа,
Асығамыз тез жетуге мақсатқа.
Қол жеткеннің бәрін тастап кетеміз,
Ұзақ жылдар сарылумен тоссақ та.

Әрі қарай

Ең соңғы тұрағың...

Алаңсыз ойнаған жүгіріп,
Есте ме балалық кездерің?
Қас қағым сәтте-ақ ғайып боп,
Зуылдап өтерін сезбедің.

Жоқ онда жасанды қылық та,
Бұлақтай тұп тұнық көздерің.
Сыңғырлап күлгенің сүйкімді,
Балдан да тәтті еді сөздерің.

Бағалай білмедің бірақта,
Есейіп кетуді көздедің.
Оңаша қалғанда ойланып
«Ес біліп, ер жетсем тез» дедің.
Әрі қарай

Ал әзірге күлесің!..

Көз сап қара шексіз мына ғаламға,
Бұл жалғанды мақта, мейлі жаманда.
Жұтар ауа, ішер су да сен үшін,
Не жетпейді, не жетпейді адамға?!

Болғаныңмен ақыл, сана иесі,
Неге Алланы еске алмаймыз жиі осы?
Айуаннан аумай қалған ашкөз боп,
Адамзаттың аянышты күйі осы…
Әрі қарай

Моңғолиядағы "Шұғыла" журналы


140 мың қазағы бар Моңғолия мемлекетінде қазақ әдебиеті белгілі бір деңгейде дамыған. Қазақтар шоғырлана орналасқан Баян-Өлгий аймағында 1940 жылы Моңғолия Жазушылар одағының аймақтық бөлімшесі ашылып, қазақ тіліндегі мерзімді газет-журналдар үздіксіз шығып тұратын болды.
1940 жылы Баян-Өлгий аймағы «Қазақ ұлттық аймағы» болып жарияланып, сол жылдан бастап «Жаңа өмір» газеті шыға бастады. Небәрі 33 мың тұрғыны бар бұл аймақтың рухани сұранысына бір газеттің жауап бере алмасы анық еді. Сондықтан, 1957 жылы шыққан «Жаңа талап» атты әдеби журнал 13 жыл өз оқырмандарын рухани нәрмен сусындатып тұрды. Бұл журналдың мәні мен маңызы туралы филология ғылымдарының кандидаты, журналист Есенгүл Кәпқызы былай деп жазады: «Әдебиет майданында қалам тербей бастаған жас талапкерлердің қай қайсысы да журнал сүзбесінен өтіп, таразысына тартылды. Шығармасы әдеби туындыға жарамды делінгендер әуелі журналда, сосын жеке кітап болып басылды.»
1970 жылы «Жаңа талап» журналының көлемі ұлғайтылып, «Шұғыла» журналы болып өзгертілді.
Әрі қарай

Алғашқы махаббатты аңсау

Кеше түнде керекке романтиковидиколарды көп салыпжіберіппін. Өйткені алғашқы махаббатымды аңсап, сезімге беріліп отыр едім. 8 наурыз, көктем, дәл осы уақытта болатын құбылыстар осыдан 5 жыл бұрын мені өмірдегі ең сұлу қызға сезімімді сездіруге әкеп соқтырды. Махаббат трассасында Авария болды…

Біздің ауылдың қызы емес. Көрші ауылдыкі болатын. Маңайдағы ауылдардың ішінде біздің школ ең авторитетный болғасын осында оқуға кепті. Менің бақытым да бақытсыздығым да сол кезден басталды. Біз балалармен перемена арасында өзіміз болып терезенің алдында болтоваттап тұратын әдетіміз. Бір кезде қарасам келе жатыр… Пенделердің арасындағы періште… Бір көргеннен ғашық болдым обшем.!♥
Әрі қарай

Болашаққа прикол ұстау

-Жаз!-деді хан жылнамашысына.
-Нені, хан ием?-жылнамашының дауысынан сұрақтан көрі жалыныш басым естілді.
«Не жазғызсам екен?» деп ойлады бір кездері Темуджин, бұл күндері Шыңғысхан атанған қысық көз хан.
-Былай жаз,«Шыңғысханның түп тамыры — қазақ! Оның ішінде Төре деп жаз.-қолын артына қайырып 12 қанат моңғол киіз үйінің ішін кезіп жүрген хан-Жаздың ба?-деп сұрағанда жылнамашының жүрегі жарылып кете жаздады.
-Жаздым…
-Боссың, апарда бүкіл жазбалардың арасына қосып қой. Қосылмаса бассыз иықпен жүргеніңді елестете бер,- Шыңғысхан есікті ашып, босаға сыртында тұрған қарауылдарының біріне ым қағып қалды.ол да бұндай шаруаларға ысылып қалған неме болатын.Жазбаны мұрағатқа қосқан жылнамашының жанын жаһанамға аттандыруға жөнеле берді.
-Жаз, былай жаз»Темучиннің арғы атасы қазақ, оның ішінде Адай" де, саусақтары үрейден дірілдеп отырған жылнамашы ақ қағазды сиямен ғана емес тарихты да бүлдіріп отырғанын сезіп отырды…
Әрі қарай