Болашаққа прикол ұстау

-Жаз!-деді хан жылнамашысына.
-Нені, хан ием?-жылнамашының дауысынан сұрақтан көрі жалыныш басым естілді.
«Не жазғызсам екен?» деп ойлады бір кездері Темуджин, бұл күндері Шыңғысхан атанған қысық көз хан.
-Былай жаз,«Шыңғысханның түп тамыры — қазақ! Оның ішінде Төре деп жаз.-қолын артына қайырып 12 қанат моңғол киіз үйінің ішін кезіп жүрген хан-Жаздың ба?-деп сұрағанда жылнамашының жүрегі жарылып кете жаздады.
-Жаздым…
-Боссың, апарда бүкіл жазбалардың арасына қосып қой. Қосылмаса бассыз иықпен жүргеніңді елестете бер,- Шыңғысхан есікті ашып, босаға сыртында тұрған қарауылдарының біріне ым қағып қалды.ол да бұндай шаруаларға ысылып қалған неме болатын.Жазбаны мұрағатқа қосқан жылнамашының жанын жаһанамға аттандыруға жөнеле берді.
-Жаз, былай жаз»Темучиннің арғы атасы қазақ, оның ішінде Адай" де, саусақтары үрейден дірілдеп отырған жылнамашы ақ қағазды сиямен ғана емес тарихты да бүлдіріп отырғанын сезіп отырды…
Бөлісу:

11 пікір

kokbori
Атаңа нәлет, сол кезде бәрін бүлдіріп кеткен екен ғой
aza
Еее, бәсе осылай шығар.
Janasil
Шыңғыс ханда қара пиярды жақсы пайдаланған екен ау.
Abilakim
Жан-жақты адам болған ғой.Шахмат, тоғызқұмалақ дегендерден жеңіліп көрмепті, оны жеңген адамдарды жұрттар да көрмепті.
kokbori
Жұрт қайдан көрсін, жеңгеннің басын шауып отырған болар
Abilakim
меңзегенім де сол, кей-кейде балалық мінезі ұстап «Көшпенділердегі» қонтайшы құсап далаңдап атпен ерсілі-қарсылы шабатын да болыпты-мыс
Marationok
егер көрсе Шыңғысты жеңуіне болады деп сенеді ғой
Janasil
дұрыс айтасың, көргендер Шыңғысты Дəрмен Садуақасовтың атасы дейді ғой.
Armanjan
насыбайға жаны құмар болыпты дид ел артындағы аңыз.
Adiletshu
Куәлігінде тегі деген жерге — «Тұтқабаев» деп жазылған дейт