Моңғолиядағы "Шұғыла" журналы


140 мың қазағы бар Моңғолия мемлекетінде қазақ әдебиеті белгілі бір деңгейде дамыған. Қазақтар шоғырлана орналасқан Баян-Өлгий аймағында 1940 жылы Моңғолия Жазушылар одағының аймақтық бөлімшесі ашылып, қазақ тіліндегі мерзімді газет-журналдар үздіксіз шығып тұратын болды.
1940 жылы Баян-Өлгий аймағы «Қазақ ұлттық аймағы» болып жарияланып, сол жылдан бастап «Жаңа өмір» газеті шыға бастады. Небәрі 33 мың тұрғыны бар бұл аймақтың рухани сұранысына бір газеттің жауап бере алмасы анық еді. Сондықтан, 1957 жылы шыққан «Жаңа талап» атты әдеби журнал 13 жыл өз оқырмандарын рухани нәрмен сусындатып тұрды. Бұл журналдың мәні мен маңызы туралы филология ғылымдарының кандидаты, журналист Есенгүл Кәпқызы былай деп жазады: «Әдебиет майданында қалам тербей бастаған жас талапкерлердің қай қайсысы да журнал сүзбесінен өтіп, таразысына тартылды. Шығармасы әдеби туындыға жарамды делінгендер әуелі журналда, сосын жеке кітап болып басылды.»
1970 жылы «Жаңа талап» журналының көлемі ұлғайтылып, «Шұғыла» журналы болып өзгертілді. Журналдың «Шұғыла» деп аталуының мәні жайында сол кездегі Баян Өлгий аймағының әдебиет бөлімінің бастығы болған Даян Қалаубайұлы: « Мұның да ерекше мәні бар. Ол қазақ ақын жазушылары жаңа талапкер ғана емес, нұр шұғылалы дәуірдің адал да абыройлы жаршысы бола білудің жаңа бір қадамын бастады деген сөз» деп баса айтты.
Жалпы алғанда Моңғолиядағы қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуы «Жаңа талап» немесе «Шұғыла» журналымен тікелей байланысты. Жазбаша түрге түскеннен кейін халықтық дәстүрге бейім поэзия, проза жанры қалыптасып, драмматургия, әдеби зерттеу, сын мақалалары, халық ауыз әдебиетінің бай мұралары журнал бетінде жиі көрініс тауыпе, оқырмандарына жол тартты.
«Жылына төрт рет шығатын, бес баспа табақ әдеби альманах шағын екендігіне қарамастан аймақ өмірінің бүкіл саласына араласып отырғаны журналдың бірталай санынан айқын аңғарылады. Осы мерзім ішінде жарық көрген журналдың 20 нөмірінде жүздей адамның 10 мың жолдық өлең дастаны мен 53 әңгіме, очерк, повестері жарияланды» деп жазады Қабидаш Қалиасқарұлы «Шұғыланы шұқшия оқығанда» деген мақаласында.
«Жаңа талап» «Шұғыла» журналының 1957-1999 жылдар аралығында 150 саны жарық көрген.
Жыл 1 2 3 4
1984 2100 2100 2019 2019
1985 3500 3500 3450 3450
1987 4150 4150 4150 4150
1988 4119 4119 4000 4000
1989 3900 3900 3400 3396
1990 3520 3520 3459 3459
1991 3553 3553 3378 3378
1992 1200 1000 1000 1000
2009 1000 1000 1000 1000

Қазіргі шығатын «Шұғыла» журналының бас редакторы, жауапты хатшысы ақын Сұраған Рахметұлы. Бас редактор орынбасары Ербақыт Нүсіпұлы болса, техникалық редакторлары Еркінбек Бөденұлы, Төлеубай Қапышұлы.
«Шұғыла» журналының Поэзия, Әдеби зерттеу, Дастан, Жыр желкені, Естелік, Абайтану сияқты тұрақты айдарлары бар. 79-82 бет мөлшерінде шығады.2009 жылғы № 1 санына талдау жасайық.
№ 1 санында «Әдеби зерттеу» айдарында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының профессоры Серкі Асылбекұлының «Қилы заман» тағылымы кішігірім зерттеу мақаласы жарық көрген. Мақала барысында Әуезовтың «Қилы заман» повесінің негізгі идеясы жайында сөз қозғап, « Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай секілді батырлары, сол батрлардың көкіректеріндегі арман мен үміттерін қара қазан, сары бала қамы үшін жасаған өнегелі істерін келер ұрпаққа жеткізер Мұхтар Әуезов секілді дана жазушысы бар халықтың келешегі кемел, өрісі кең болуға тиіс. Біздіңше «Қилы заманның», оның авторының болашаққа аманат етпекші болған басты тағылымы осы» деп қорытындылайды.
«Поэзия» айдарында Жанат Боқашұлы деген ақынның «Менің Кереметім», «Жалған атақ, өскен мәртебе», «Соғақ» сынды бірнеше өлеңдері жарияланған. Мысалға, «Менің Кереметім» атты өлеңінде мен үшін ең керемет Еуропа емес, Ри да емес.
«Ал, менің,
Бір кереметім сол жалғыз:
Туған жерім, туырлықтай үй дей алам!» деп түйіндесе, «Соғақ» өлеңінде:
«Адамзаттың құт мекені болғаның
Соғақ мекен
Бұл ұлыңның қиялы,
Сонау жылдар елестерін жияды.
Тас мүсіннен,
Жаңғырады андыздап,
Түріктердің тұлпарының тұяғы» деп жырлайды. Осы жерде болған тарихи оқиғаларды санамалап келіп: «Қалай сені жырламаймын сол үшін,
Ғасырлардың,
Асылдардың соңысың.
Өр Алтайдан Абақ Керей ауғанда, ел
Сенен тапты,
Атамекен қонысын.» деп ерен сезіммен аяқтайды. Бұл жерден ақынның туған жеріне, еліне деген тасқын сезімін байқай аламыз.
«Дастан» айдарында Моңғолияның халық әдебиетшісі Мағауия қажы Сұлтанияұлының «Көк Түріктің Көкжалы» деген дастаны жарияланыпты.Дастанды «әуп, біссмилә» деп Алла атымен бастап одан әрмен бейнелі сюжеттерімен Мұстафа Кемалдың туғанынан бастап, халқына деген ерен махаббаты мен еңбегі өз кезегімен жырланады. Қысқа мазмұнды дастан бес тараудан тұрады.
«Жомарт жердің төсінде,
Көк түркілік Бөрілі,
Көркем Байрақ толқуы,
Әр түркінің ойында,
Әйгілі болғай әр бір кез» деп түркілік идеяға тоғысуға үндейді және
«Кемал ойын нұр тұтып,
Түркі елі гүлдеуде.
Енді елу жылдан соң,
Түркі ықпал етеді.
Алты ағайын Түріктің,
Арыны сонда өтеді» деп түркілердің мерейінің үстем болатынын болжап, дастан аяқталады. Сондай ақ «Проза» айдарында Ербақыт Нүсіпұлының «Мойынсұну», Айболат Дәлелханның «Жалғыз жапырақ» атты әңгімелері жарияланса, «Тылсым дүние» айдары Камалашұлы Биқұмар атындағы түркітану орталығының директоры Өмірбек Биқұмарұлының ғылыми танымдық «Кісі киік хақында» деген көлемді зерттеу мақаласымен толыққан.
«Жас жүрек жайып саусағын» деген жастар шығармашылығына арналған айдар «Шұғыла» журналының оқырман аудиториясының жас ерекшеліктерінің әр түрлілігінен хабар бергендей. Бұл айдарда Семейгүл Әлімханқызы мен Балдырған Қуатқызының сыршыл, нәзік лирикадан үн қататын топтама өлеңдері жарық көрген.

Моңғолия қазақтарының «Байөлке» ақпараттық порталы. Редакторы Нұрболат Өнерханұлы.
Портал Басты бет, Жастар, Заң, Көкейтесті, Сұхбат, Тарих, Топ мақалалар, Әдебиет, Әлеумет, қаазақ радиосы, Қайдасың бауырым деген айдарлардан құралған. «Қайдасың, бауырым?» айдарында атынан ақ ақпарат беріп тұрғанындай көз жазып қалған туыс, дос жарларын іздеушілер толық мәліметті пікір түрінде қалдырып, байланыс жасай алады. Жақындары табылып жатқан жағдай да, осы сайт арқылы мәлімет береді. Сайтта бүгінгі күннің өзекті мәселелері, әр түрлі танымдық ақпараттар жарияланады. Сонымен бірге «Алтын қор» айдарынан МХР-ның Халық әртісі Қибатдолда Жұмапиұлының, Мұрат Пұштайұлының сөздеріне жазылған елге, туған жерге, ата қонысқа деген сағынышы бейнелеген әндер топтамасын тыңдай аласыз.
1965 жылы әуелi күнiне 15, кейiн 30 минуттық хабар таратыла бастаған. Қазiр 1 сағаттық эфирiн бермей келедi. Осы радио қазақ өнерiнiң алтын кенiн сақтап келе жатқан бiрден-бiр алтын қор. Бұл жерде көне сарындағы сыбызғы және домбыра күйлерiнiң сан мыңдаған қорларын тауып алуға болады. Баян-Өлгий радиосының күн сайын эфирден түспеуiне Моңғол үкiметi кепiлдiк берiп отыр. Себебі Моңғолияда мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жалғыз ақпарат құралы.
2009 жылдан берi осы ақпарат орталығы жанынан «Өлгий» телеарнасы ашылды. Бұл телеарна аптасына екi реттен екi сағат хабар таратады. Бұл телеарна тек аймақ орталығы Өлгий қаласына ғана көрсетiледi. Баян-Өлгийге қазақ газеттерi мен журналдары келмейдi. Олардың көз қуанышы болып отырғаны тек қазақстандық телеарналар. Эфирiнiң 50%-дан астамын орыстiлдi бағдарламаларды иеленетiн қазақ телеарналарының барлығы дерлiк мұнда спутник арқылы көрсетiледi. Сондай-ақ, 24 сағат қазақша сөйлейтiн Үрiмжi телеарнасын да тамашалай алады. Алайда, Үрiмжi телеарнасының төл туындылары тым аз, көбi қытай тiлiндегi хабарлардың аудармасы болғандықтан, қытай идеологиясы жүрiлiп жатқандығының белгісі. Бұл телеарналар Өлгий қаласының тұрғындары мен Баян-Өлгиймен жапсарлас бiрнеше ауылдың көзайымына айналып отырғандығы мәлiм. Ал, алыс ауылдарда мұның бiрi де жоқ, яғни халық ақпараттық вакуумде тiрлiк етедi десек те болады. Баян-Өлгийдегi қазақтардың тең жарымы сол алыс ауылдарда тұрады.
« Соңғы жылдардағы рухани жұтаңдық, Қазақстаннан баратын газет-журналдардың тоқтап тұруы, баспахана iсiнiң жолға қойылмауы, мектептердегi бiлiмнiң Моңғолияның бiлiм стандарттарына сәйкестендiрiлуi, ондағы азғана қазақтың бiртiндеп ассимиляцияға ұшырауына жағдай жасап отырғандай. Ендi он жылдан кейiн «қаймағы бұзылмаған» қазақы тiрлiк онда да қалмайтын секiлді» деп журналист Есенгүл Кәпқызының өз алаңдаушылығын білдіруі бекершілік емес. Десе де бәз біреулер ойлағандай емес, шетелдегі қандастарымыздың да қазақ әдебиетінің, рухани мәдениеттің дамуына өзіндік үлес қосып жатқандығын, өзіндік әдеби, мәдени ортасы бар екендігін көре аламыз.
Бөлісу:

19 пікір

Aya
Қытайдағы қазақтардың да «Шұғыла» атты журналы бар.
Marationok
Қытайдағы қазақтардың да «Шұғыла» атты журналы бар.
Сонда екеуі бір ме? Сосын, әліпбиі қандай, қайдан көруге болады?
serjan
Төте жазумен шығады, басқада қазақша журналдар өте көп ол жақта.
Gulistan
Төте жазуға әбден төселіп алған-ау, мен «буксовайттап» қалам
Aya
Жоқ, екеуі екі басқа. Біреуі Қытайдан, біреуі Моңғолиядан шығады, Маратионок! Қытайдағы төтеше, Моңғолиядағы кириллицамен басылады.
Marationok
Қайдан алуға болады журналдарды? Ғаламторда іздеп көрдім, таппадым.
Aya
Ғаламторда нақты мәлімет жоқ ешқандай. Ұлттық кітапханада да жоқ екен.Таныс ағайдан әзер дегенде сұрап алған едім үш күнге деп
Marationok
Соны енді, фотоаппөратпен түсіріп алуға болатын ма еді? Әлде сканерлеп қоюға? Біз де оқитын едік… реті келсе сканерлеп қоя аласыз ба?
Aya
Ойланып көрейін, не заттың да игілікке жарағаны абзал ғой… Бәлембай бет қой ол, мен студент деген әңгіме, жаным
Marationok
Түсініп тұрмын ғой, анау университетте тегін компөтерге отыру деген бар ма? Сонда сканер деген бар еді ғой… бізде ой өрісізмізді кеңейтейік дегенім. Ең болмаса бір журнал-ақ болсын, бірақ, бірнешесіне де қарсы емеспін.
serjan
Қытайда да «Шұғыла» деген журнал шығушы еді қазақша.
Rafaello
Иран қазақтары үндемей отыр. Сірә, оларда да «Шұғыла» журналы бар.
kokbori
Қытайда Синьхао дей ма, бір телеарна бар дейді, отыз шақты. 1,2,3деп кете береді дей ме ау, сол секілді Шұғыла бір, Шұғыла екі деп әр елде шығара берсек, 2030 да тілдік экспансия жасаймыз ау, ә?!
Armanjan
Маңғұлиядағы қандас бауырларымыз қазақстандық телеарналарды көре ала ма екен осы?
izbasar
Ол жақтағы қандастарыңыз Қазақстан, Хабар, Еларна каналдарын көре алады. Your text to link... Мына сілтемеден керек ақпар тауылып қалар.
Abilakim
4-ші наурыз күні Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында Моңғолияның еңбек сіңірген артисі,ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башайдың шығармашылық кеші болып өтті. Моңғолиядағы «Шұғыла» журналының тілшілері қосымша ақпаратты менен ала алады
Aya
Маған берер басы артық, мынауский деген ақпараттарыңыз бар ма?
AL-ASTER
Сіз тілшісіз ғой?