Алғашқы махаббатты аңсау

Кеше түнде керекке романтиковидиколарды көп салыпжіберіппін. Өйткені алғашқы махаббатымды аңсап, сезімге беріліп отыр едім. 8 наурыз, көктем, дәл осы уақытта болатын құбылыстар осыдан 5 жыл бұрын мені өмірдегі ең сұлу қызға сезімімді сездіруге әкеп соқтырды. Махаббат трассасында Авария болды…

Біздің ауылдың қызы емес. Көрші ауылдыкі болатын. Маңайдағы ауылдардың ішінде біздің школ ең авторитетный болғасын осында оқуға кепті. Менің бақытым да бақытсыздығым да сол кезден басталды. Біз балалармен перемена арасында өзіміз болып терезенің алдында болтоваттап тұратын әдетіміз. Бір кезде қарасам келе жатыр… Пенделердің арасындағы періште… Бір көргеннен ғашық болдым обшем.!♥

Содан кейін ұйқысыз түндер, махаббат туралы әндер басталды. Шын ғашықтар сүйгеніне сезімін сездіре алмайтыны рас екен, немесе ол менде ғана болды ма әйтеуір ұзақ уақыт ішқұса болып жүрдім. Көз алдымнан кетпесе екен деп тілейтінмін. Үйде жүрсем де, боқ төгуге барсам да, қой бағып жүрсем де бір жерден кезігіп қалатындай сезілетін. Асылымның ақша жүзін көру үшін Күнде таңертең мектепке баруға асығатын едім.

Не керек. Барайын десем бара алмай, тормозиттап біраз жүрдім. Мектепте праздниктер сайын дискотекалар болатын. Сондай сәттер жақындаған сайын «бітті осы жолы тошно барам, тангоға шақырам да айтам бәрін» деп дайындалып жүремін. Не айтатынымды, қалай айтатынымды, ойластырып қоясың. Бірақ дәл сол күн жеткенде жаңыбр жауып табиғат бүлінеді, баяу музыка қойылғанда бара жатып тоқтап қаласың, медлякқа барып заказ бересің де тағы бара жатып, енді жете бергенде көзі көзіңе түіп жанынан өте шығасың. Түк болмай қойды. Кім қалай түсінгісі келсе солай түсінсін, бастан өткен нәрсе ғой)))

2007 жылдың жаңа жылында, 14 ақпанында крах кеше бердім. Тіпті болмағасын сөзбен айта алмағанымды хат жеткізсін деп өлеңдетіп отырып жаздым. 8 наурыздың құрметіне дискотека болған күні тағы жаңбыр. Күн быт-шыт. Дискотеканың аяқталуын күтіп жүрдім(көбіне аяғында соңғы медляк қойылады). Соны пайдаланып әйтеуір тангыға шақырдым. Епті сол сәтті ойласам жүрегім дәл қазір сондағы күйді кешейін деп тұр Сосын ары қарай сам по себе кетті. Яғни диско бітті, қызды үйіне шығарып салуға келісімін алдым. Аяқта боти, қолда екінші аяқ киім, үн түнсіз кетіп үйіне келген сәтте жазған хатымды «Мә оқи салшы деп» қолына ұстатып кетіп қалдым.

Ол қыздың жігіті болған жоқ. Бірақ көз тігіп жүргіндер көп болды. Мен мектепте қоғамдық белсендісі болсам да, мұндай сәттерде басқалардың белсенділігі артатыны белгілі. Бірақ ол бәріне отказ жасаумен тынатын. Соған қарағанда мен де оған ұнайтымыды іштей сезгіштеп жүретін едім. Бірақ жауап келді: мен идеал емеспін ғой,… біз екеміз жақсы таныс емеспіз… деген мазмұнда. Ответно өлең кетті. сөйтіп біраз хат атыстық.

Сөйтіп жүріп ақыры тек мамырдың 25-і ол менің қызым болды.
Бөлісу:

36 пікір

kokbori
Құрысын, бір кездегі жағдайым есіме түсі кетіп, тостағанымды жуып алдым ғой
Albasty
cut қою жөн секілді
FaraOn1
ұмытып кетіппін айып етпеңіз)
Sabions
жылдың атаулы күндер жазылыпты ") қазір алғашқы махаббатыңыз жарыңыз ба? басқа қонбаған бақыт құсы ма?
a63a1
басқа қонбаған бақыт құсы ма?
Қонбаса оның несі бақыт?
Sabions
бақыт құсы басыңа қонбады ма дейм..
a63a1
Бақыт құсы деген жалпы бақыт деген қонғанда ғана бақыт, ұшып жүрген бақыт бақ болма? тағыда қияли қиялидың қиялындағы қиял ғана
FaraOn1
Алғашқы махаббатты аңсау дегесін бітіп қалған махаббатты білдіреме деп ойлағам.
dark_nazgul
Алғашқы махаббат,
Жүректі тербейді…
Мәңгілік бақ құсым,
Қоштасқым келмейді…
a63a1
Мәңгілік бақ құсым,
Қоштасқым келмейді…
Қиял? Бақытың меншігің болмаса оның несі бақыт?
dark_nazgul
Сүйгеніңнің сүйіктісі болған жақсы, әрине.
Сырттай ғашық болып, өзі сүйгенін медет қылатын жандар да бар.
a63a1
Сырттай ғашық болып, өзі сүйгенін медет қылатын жандар да бар.
ол сорлылық
dark_nazgul
сорлылық емес, ол мықтылық. Сүйгеніңнің бақытты болғанын көріп, соған қуанып жүру тек рухы мықты адамның ғана қолынан келеді.
Ешкім ешкімнің меншігі емес, бола алмайды да.
a63a1
ездік, сорлық, ТОЧКА. Сүйген адамға жету мақсат. Мақсатқа жету міндет. Мақсатсыз жігіт қырт
dark_nazgul
мен ваще то қыздар туралы айтқанмын.
a63a1
Қыздар нәзік, балық тәрізді ойлағанын қозғалысымен білдірмесе сөйлеп жеткізуге дәрмен жоқ
a63a1
Сүйгеніңнің бақытты болғанын көріп, соған қуанып жүру тек рухы мықты адамның ғана қолынан келеді
Әмбебап жауап
dark_nazgul
Осы адамдар қызық. Өмірдегінің бәрін әмбебап жауапқа апарып тіреп қойғысы келеді. Өмірде түрлі жағдайлар болады.
a63a1
Түрлі жағдай болады онымен келісем, бірақ түрлі жағдай болғанмен өмірлік тағдырың 1-еу ғана!)
dark_nazgul
Шаблондар мен стереотиптерден құтылған кезде ғана өмірді түсіне бастайсың.
a63a1
Өмірді түсінемін олда мені түсінеді
dark_nazgul
мУдрец екенсің онда.
a63a1
мудрец дегеннің мағынасын үңілдім — мүдірмес деген сөзден шыққан екен ғоя?
dark_nazgul
Әрине, сен сүйген адамыңның қасыңда болғанын қалайсың. бірақ, ол сенің жаныңда болуға, сені сүюге, тіпті сенің сүйіктің болуға міндетті емес. Оны қалап тұрған сен.
a63a1
Алма екей алмада сенің жегеніңді қаламайды
FaraOn1
Домбыра қолыма тисе болды келсін келмесін осы әнді айтамын
dark_nazgul
Жүрегімнің көзінен жас тамшылар,
Тамшылаумен төзімім де таусылар.
«Шын ғашықтар қосылмайды» дейсің сен,
Шын сүюдің азабы да сол шығар.
FaraOn1
Шын сүю ең пәк сезім!
satibaldi
Жә енді, өзіңді қашанғы алдайсың? Адамнан қашқанмен, өзіңнен қалай қашып құтыларсың? Одан да ирландтықтарыңмен осында көшіп кел.
FaraOn1
Керекинфодан оптемист болып үйреніп ап ем.
dark_nazgul
Ал ең қиыны:

Постучалась в дом, боль незваная,
Вот она любовь, окаянная…
Коротаем мы, ночи длинные,
Нелюбимые, с нелюбимыми…
boztorgai
бүгін өзі сондай күн бе деп қалдым
araika
Хе-хе, мына оқиға есіме түсіп тұрғаны: Сені шақырып тұр деген соң, сыртқа шықсам, таңертеңгісін ренжісіп қалған досым жанына қызын ертіп келіп тұр. Қолдарында торты бар, сіңлім ере шыққан-тын, содан үйге беріп жіьерді. Кешірімнің ақысы шығар деп ойладым өзім. Біраз сөйлесіп тұрып қалдық, кетер кезде қалтасынан открытка алып тапсырғанда… курьерлік қызмет екенін кеш білдім. Әлгі досыма деген реніш қан қысымының ауытқуындай болды. Открытканы «жерлеп» тастап, кезек тортқа келгенде не істерімді білмедім… Сіңлім жүр: «Торт жейікші» деп.(Ол кездері ауылда торттың қат кезі болатын) Қанша дегенмен, нан ғой, киесі бар…
Бұл жігіт әліге дейін «алғашқы махаббатым» деп таныстырады

Пы.Сы: Бұл оқиға дәл осы мерекенің қарсаңында орын алған әрі қазіргі уақытта сайтта сыйлықтың «саудасы» жүріп тұр ғой. Сол себепті сыйлық жасамас бұрын, сезімнің «салмағын өлшеу» ескерілсе екен