АБАЙ:Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып,білім алған...

Абай атамыз Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған,
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған деген екен.Осы өлең-өсиеттен бағдар алған, ескі ата жұрттан-Ташкенттен қоныс аударған ағайындар, соңғы бірнеше жылдан бері Жамбыл ауданында (Алматы облысы)егін егіп, бау, бахша өсіріп еліміздің азық-түлік қоржынына жүздеген тонна көкөніс, жеміс-жидек тағы да басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін салды. Жыл өткен сайын өндірілген өнімнің сапасы да салмағы да артып келеді.Көргіңіз келсе атақты Алтын орда базарына барыңыз.
Менің айтқым келгені, солтүстік облыстардағы ағайындарды (базарларды) өзімізде (елімізде) өсірілген өнімдермен қамтамасыз етейік.Ол үшін Сіздер мен Біздер өзара тиімді келісім шарт жасасуымыз қажет.Сізге қандай өнім және ол қашан және қанша керек екенін білуіміз керек.Сол сияқты өзара есеп қысапты да белгілеуіміз шарт.
Осылай жұмыс істеуіміздің пайдасы ұшан теңіз.Халқымыздың бір бөлігі сапалы азықпен қамтамасыз етіледі.Ақша елімізде қалады.Өсірілу технологиясы бізге беймәлім, сырттан әкелінетін өнімдер азаяр еді.
Осы ұсыныстар қызықтырған жеке тұлғалар мен мекемелерден хабарлар күтеміз.
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ! Осы тақырып төңірегінде кеңінен әңгіме қозғап, ДИҚАНШЫЛЫҚ қазаққа жат емес екеніне ауылдағы ағайындардың назарын аударсақ! 87476887709.87714489502.87277037154.
Әрі қарай

Өнертапқыштар саласында жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы жуық арада бастауын алады

Шапағат 2013

Байқау келесi номинациялар бойынша өткiзіледі:
«Жыл өнертабысы», "Өнертапқыш-әйел", «Ең жас өнертапқыш», «Ең белсенді өнертапқыш», «Жас дарын»
Байқау аясында өзіндік ерекшелігі және болашағы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасаған 14 жаспен 18 жас аралығындағы студенттер мен мектеп оқушылары қатарынан «Жас дарын» номинациясы бойынша талапкер алынады. Аталған номинацияға инновациялық патентпен және патентпен қорғалмаған ғылыми еңбектер қатыса алады.
kazpatent.kz сайтынан ақпарат алынды.

Номинациялардың ішінде мені қызықтыратыны соңғысы. Егер талантты оқушы балаңыз жасаған ұсыныс болса қорықпай сайысқа қатысыңыз. Сандық түбінде сақталып қалған идеяңыз есіңізге түсті ме? Қорықпай ұсыныс жасаңыз. Бір тетігіне өзгеріс енгізгенде құрылғы жақсы, өнімді жұмыс істей бастады ма? Бұл сіздің сайысыңыз. Баяғыдан іске асыра алмай жүрген жобаңыз бар ма? Ұсыныңыз!
Әрі қарай

Қиналған досыма арнап жазған өлеңім...

Жылама досым, жылама деймін, жылама,
Тағдырдың басқа салғанына сен налыма.
Налуменен, жылауменен жеңе алмассың,
Өшпенділікті қасыңда жүрген қайғыға.

Жылама деймін, жылама досым, жылама,
Төбеден келген қиындыққа сен мойыма,
Әлі талай сынға түсіп, қиындық болар басыңда,
Төтеп бер досым, бәріне оның шыда да.

Жылама деймін, жылама досым, жылама,
Шешімін таппассың мәселелрдің жылана,
Аузыңнан Алла, бойыңнан сабыр кетпесін,
Сонда досым, қиындықты жеңе білгенің

Жеңерсің сенем, өмірдің қиын өткелін,
Көрерсің білем, өмірдің шуақты көктемін.
Сабақ боп саған қазіргі мына қиындық,
Тәжірибе жинап, бағындырарсың көктерін.

Тек айтар сөзім еңсеңді төмен түсірме,
Шыдамым бітті деп, дәрменсіздікті көрсетпе.
Бір қиындықтан соң келеді үлкен қуаныш,
Алыста емес бақыттың тәтті күні де.
Әрі қарай

Өмір..

Өмір сен кереметсің
Өмірді сүйсең уақытты оздырма,
Ол – тіршілік арқауы
Өмір...Қып-қысқа сөздің өзінде қанша мағына жатыр десеңізші… Бірақ әркімге әрқалай… Себебі өмір десе кей адамдар көп түсінгенімен, екіншісіне бұл сөздің еш мағынасы жоқ…
Бірі өмірді көремін, талпынамын, жетемін деп мақсат қояды, ал басқасы тек өмірге ішіп-жеп, ойын қуу үшін келдік деп ойлайды.
Ал менің ойымша, өмір деген ешкімге түсініксіз бір тылсым құбылыс, өмір – біздің іс-әркетіміздің куәгері. Дәл осы өмір адамды бірде қуантып, бірде жылатады, керек кезде көтереді, ал содан соң құлатады. Өмірдің өзі жақсылық пен жамандықтан, сағыныш пен бақыттан, мұң мен шерден, зорлық пен сүйіспеншіліктен, қиыншылық пен күрестен, жеңіс пен жеңілістен құралған. Сәтсіздік, жаманшылық атауын адам қанша ұнатпаса да, ол – заңдылық. Бұл – өмір. Бұл құбылыссыз өмірдің өзі қызықсыз.
«Асылы, адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді»,-деген Ғабит Мүсірепов ағамыз. Яғни, өмір адамның қолында. Кейбіреулер маңдайға жазылған тағдыр дер, ал мен онымен келіспеймін. Себебі Аллаһ Тағала құдіреті күшті және Ұлы, ол жақсылық атаулысына құмар, жаманшылыққа жаны қас. Әрі адам Аллаһтың өзі жаратып сүйген құлы. Ол өз пендесінің пешенесіне қалай ғана жаманшылықты жазбақ? Барлық адамның пешенесіне бақытты болуды жазды Аллаһ, ал өсе келе санасына ес кірмей, шайтанның жетегінде кетіп пешенесіндегі жазуды өзгерткен адам.
Аллаһ Тағала адамға сынақ жібереді, ол хақ. Ал адам оған төтеп беру керек, қасық қаны қалғанша күресіп, өмірі үшін алысуға міндетті. Себебі өмірге келген соң, оның ащысын да, тұщысын да көру керек. Ал біз ше? Солай етеміз бе? Барлығын «тағдырдың жазуына» артып қоя саламыз. Неге? Неге адамдар сәл ойланып, өздерінен кемшілік іздемейді? Неге қателерін мойындамайды? Неге оңайға жүгіреді? Бұған да « пендешілік» деп жауап берерлеріне күмәнданбаймын.
Адам өмірінің қожайыны – өзі. Аллаһ оны жаратты да, өмірінің кілтін ұстатты. Жаман жолдың не жақсы жолдың есігін ашу адам еркінде. Яғни өмірін ән мен сәнге, мәні мен қызығына толтырып өткізу де, теріс жолдың етегінде кетіп мәнсіз, өкінішке толы өмірді сүру де біздің қолымызда.
«Дүниеде үш нәрсе ғана: атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн қайтып оралмайды»,-дейді Даумер. Яғни өмірің өтіп кеткен соң, көз жасыңды көл қылып, жаныңды жегідей жеп, айтуға ұялатын өмірің үшін өкінгеннен пайда жоқ. Өткен оралмайды. Өмір ағып жатқан өзен, ол сені күтпей, өзі қалаған бір бағытта аға береді. Уақытты таңдамайды, онда өмір сүреді. Шіркін, осы өмірдің қадірін түсініп, қолда бар алтынды бағалап, дұрыс сөйлей білсе екен адамдар. «Сөз сүйектен өтеді» демеуші ма еді атам қазақ. «Айтылған сөз – атылған оқ». Сондықтан адам жанын жараламай, ойланып сөйлеу керек. Болашақта дәл сол адам сенің жаныңнан табылар?! Өмірді болжау мүмкін емес қой. Мұқағали ағамыз:
-Сүрініп кетпе!
Сүрініп кетсең, болғаны,
Дей бергін досым, басыңа қырсық орнады
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы-
Аңдамай басып, сүрініп кетсе болғаны,-деп жырлаған.
Қадір-қасиетіңді жоғалтып алу бір-ақ сәт, ал оны жинау үшін қаншама тер төгілді…
«Өмірдің алды — ыстық, арты – суық.Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық»,-деген Абай атамыз. Бұл өмірдің сипаттамасы ғой. Суық пен ыстық қатар жүреді. Ал кей адам суығына шыдамай, өмірін қыршыннан қиып кетіп жатыр. Әттең… Аллаһтың сыйын бағаламағандары-ай деп ішің ашиды. Өмірдің несі қызық? Дәл осы қиындықпен күресе отырып, асыл армандарыңа қол жеткізудің өзі де бақыт емес пе?! Әр істің басы қатты, аяғы тәтті болады. Өмір осындай.
Уақыт – керуен, адам – көш. Көштен кеш қалу – өмірді бос өткізумен тең. Сондықтан өмірге байыппен қараған абзал.
Адам мәңгілік өмір сүретіндей армандап, соңғы күн өмір сүріп жатқандай өмірдің бағасын білу керек. Бәлкім, менің парақ бетіне түсірген ойыммен біреу санасар, біреуі санаспас, алайда бұл менің осы он жеті жыл бойы ойға түйген өмір жайлы түсінігім. Мен өмірді сүйемін. Ащысымен де, тұщысымен де сүйемін. Көңілді кейде құлазытып, алдыма талай тосқауыл қойып, мені қинау арқылы шыңдай түсетін өмірді сүйемін! Жаратушы Аллаһ Тағалама шексіз алғыс айтамын және өз армандарыма қол жеткізу үшін еңбек етіп, өмір сүремін.
Әрі қарай

Ұйқыларыңыз тыныш болсын!!!

Бірде атасы үйінде ұйықтап жатқан немересін оятыпБалам, мынау ауылдың өрінде, ескі үйдің төрінде көпті көрген, текті білген қария тұрады.барып бата алып кел, бүгінгі жұмысың сол болсын"-депті.Бүгіндікке жұмысың сол болсын дегенге қуанған немересі әлгі қарияның үйіне жүгіре жөнеліпті.Барса қария үйінің алдында күншуақтап отыр екен.«ассалаумағалайкум ата, мені атам сізден бата алып кел деп жіберді»-дейді бала асығып.Сонда қария көзінде от ойнаған, қанаты қатаймаған балаға күлімдей қарапҰйқың тыныш болсын балам" -деп басынан сипап қоя беріпті.Немересі атасына келе салаҚария маған бата бермеді, ұйқың тыныш болсын деді де қоя берді"-дейді ренжіңкіреп. Сонда атасыӘй, құлыным, қария саған батаның төресін беріпті.
Ұйқың тыныш болсын дегені-денің сау басың аман болсын дегені,
Ұйқың тыныш болсын дегені-Елің сау жұртың аман болсын дегені.
Ұйқың тыныш болсын дегені-Елін сүйетін, жері үшін күйетін адам болсын дегені,
Ұйқың тыныш болсын дегені-Алатайдай бүлінбес заман болсын дегені,
Ұйқың тыныш болсын дегені-осының бәрін көтеретін шамаң болсын дегені"-депті.
Күлкінің дұрыс,ұйқының тыныш болғанына не жетсін!!!
Әрі қарай

Ғибрат

МӨҢКЕ БИДІҢ АЙТҚАНЫ
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады,
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады,
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады,
Кебір – жерге теңеледі,
Әйел – ерге теңеледі,
Көл – теңізге теңеледі.
Сиыр – өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы –
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны – ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
“Алһам” білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады.
Заманақыр болар да, жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
“Ә” десе “мә” дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде,
Әйел жағы ден болар,
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.
Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар,
Сөйткен заман кез болар,
Түзелуі қиын болар!
Әрі қарай