АБАЙ:Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып,білім алған...

Абай атамыз Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған,
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған деген екен.Осы өлең-өсиеттен бағдар алған, ескі ата жұрттан-Ташкенттен қоныс аударған ағайындар, соңғы бірнеше жылдан бері Жамбыл ауданында (Алматы облысы)егін егіп, бау, бахша өсіріп еліміздің азық-түлік қоржынына жүздеген тонна көкөніс, жеміс-жидек тағы да басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін салды. Жыл өткен сайын өндірілген өнімнің сапасы да салмағы да артып келеді.Көргіңіз келсе атақты Алтын орда базарына барыңыз.
Менің айтқым келгені, солтүстік облыстардағы ағайындарды (базарларды) өзімізде (елімізде) өсірілген өнімдермен қамтамасыз етейік.Ол үшін Сіздер мен Біздер өзара тиімді келісім шарт жасасуымыз қажет.Сізге қандай өнім және ол қашан және қанша керек екенін білуіміз керек.Сол сияқты өзара есеп қысапты да белгілеуіміз шарт.
Осылай жұмыс істеуіміздің пайдасы ұшан теңіз.Халқымыздың бір бөлігі сапалы азықпен қамтамасыз етіледі.Ақша елімізде қалады.Өсірілу технологиясы бізге беймәлім, сырттан әкелінетін өнімдер азаяр еді.
Осы ұсыныстар қызықтырған жеке тұлғалар мен мекемелерден хабарлар күтеміз.
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ! Осы тақырып төңірегінде кеңінен әңгіме қозғап, ДИҚАНШЫЛЫҚ қазаққа жат емес екеніне ауылдағы ағайындардың назарын аударсақ! 87476887709.87714489502.87277037154.
Бөлісу:

2 пікір

bake
толығымен келісемін, мемлекет ішінде тауар айналымы болуы керек, шығыста 7 ай қыс. Оңтүстік диқаншыларының өнімдеріне сұраныс бар
ruben
Өзбекстанның привозы бәрібір толастамайды. Каримовтің кланы Қазақстаннан асып, Ресейге өтетін кереметтей канал ұйымдастырған. Оны бәсендетуге біздегі ішкі бағаның ұшып тұруы кедергі. Өзбектердің бағасымен біздегі көкелер өлсе де сатпайды.
Былай, идея жаман емес. Шарттарды да ұмытпаған жөн.