Ұйқыларыңыз тыныш болсын!!!
Бірде атасы үйінде ұйықтап жатқан немересін оятып
Балам, мынау ауылдың өрінде, ескі үйдің төрінде көпті көрген, текті білген қария тұрады.барып бата алып кел, бүгінгі жұмысың сол болсын"-депті.Бүгіндікке жұмысың сол болсын дегенге қуанған немересі әлгі қарияның үйіне жүгіре жөнеліпті.Барса қария үйінің алдында күншуақтап отыр екен.«ассалаумағалайкум ата, мені атам сізден бата алып кел деп жіберді»-дейді бала асығып.Сонда қария көзінде от ойнаған, қанаты қатаймаған балаға күлімдей қарап
Ұйқың тыныш болсын балам" -деп басынан сипап қоя беріпті.Немересі атасына келе сала
Қария маған бата бермеді, ұйқың тыныш болсын деді де қоя берді"-дейді ренжіңкіреп. Сонда атасы
Әй, құлыным, қария саған батаның төресін беріпті.
Ұйқың тыныш болсын дегені-денің сау басың аман болсын дегені,
Ұйқың тыныш болсын дегені-Елің сау жұртың аман болсын дегені.
Ұйқың тыныш болсын дегені-Елін сүйетін, жері үшін күйетін адам болсын дегені,
Ұйқың тыныш болсын дегені-Алатайдай бүлінбес заман болсын дегені,
Ұйқың тыныш болсын дегені-осының бәрін көтеретін шамаң болсын дегені"-депті.
Күлкінің дұрыс,ұйқының тыныш болғанына не жетсін!!!

1 пікір