Блогқұрылтай. Қарағанды. 1 күн.
Қарағанды қаласында өткен блогқұрылтайдан түсірген суреттермен бөлісеміз
Әрі қарай


Бұл тек жастарға ғана емес, өзін жас санайтын кез келген адамға арналған. Жастық шақтың қадірін қалайша анық түсініп, сезінуге болады?! Әр адам өзінің жастық шағын белгілі бір бағытқа арнай алады, оның ішінде адамзатқа танымал тұлға болуға — солайша атыңды қалдыруға, бір сөзбен айтқанда мансапқа, не жай ғана «ойна да күл» қағидасымен өмір сүруге немесе тек отбасы өміріне және ең күрделісі осының барлығын қатар алып жүруге. Ал ең оңайы – қор болып, жай ғана арманмен өткізуге.









Біздер, үйдегі майда-шүйде балалар осылай ырду-дырду болып жатқанда ересектеу ағамыз анадай жерде раскладушккасын жайып жіберіп жататын еді. Кей күндері ағамыздың үйде болмайтынын білген кездерімізде, қоңыр материалын жан жағынан серіппелермен тартқылап, әлуминиге бекітілген сол раскладушкаға жату бақытына ие де болып қалатынбыз. Серіппе тартылған жері үзіліп әр жері салбырап, кей жерлері қызыл сыммен, енді бір жерлері қара сыммен бекітіліп тұрған сол қоңыр раскладушка әлі күнге көз алдымда.