Ұйғыр ауданындағы ыстық сулар

Бұл өлкеге баруды жоспарлағалы біраз болған еді. Әріптестердің көп мақтағаны себеп болды ма, әйтеуір Құрбан айттағы мини-каникулды пайдаланып, сол жаққа тартып кеттік.

Негізі өз күшіңмен барсаң да болады. Бірақ менің жолды білмеуім турфирма қызметіне жүгінуіме мәжбүр қылды, сәйкесінше көбірек шығындалуыма себеп болды. Ол туралы кейінірек.

Ұйғыр штатының астанасы ауданының орталығы — Шонжы төңірегінде жер астынан шығып жатқан минералды ыстық қайнарлар көп деседі. Бұны сәтті пайдаға асыра алған кәсіпкерлер жыпырлатып демалыс орындарып салып тастапты. Геотермал сулардың емдеу-сауықтыру қасиеттері бар дейді, очм.

Блог - patick: Ұйғыр ауданындағы ыстық суларБіз PREMIUM SPA RESORT деген демалыс орнын таңдадық. Екі орынға арналған үйі 28 мың теңгеге шықты. Үйлері ұнады, дәл бассейннің қасында орналасқан екен. Үйдің ішінде жуынатын және/немесе тышатын әжет өтейтін бөлмесі, кіре беріс бөлмесі, и собстнно — жатын бөлмесі бар. Жатын бөлмеде үстел мен кереует, теледидар мен кондиционер бар. Кісі басына бір орамалдан береді. Бір жаман жері — бар болғаны осы ғана. Қалғанын өзің алып келуің керек екен немесе сол жақтан арендаға алу керек.

ЕСКЕРТУ: Бұл аймаққа бара қалсаңдар, жеке тазалық-гигиеналық қажеттіліктеріңді, тәпішке-халаттарыңды арқалап келіңдер.

Адамдар бұл жерге демалуға келетіні белгілі ғой, сәйкесінша анау-мұнай ұсақ-түйектерін арқалап жүргісі келмейді. Сабын мен тіс пастасын, халат пен тәпішкесін номер бағасына кіргізіп жіберсе болады ғой. Премиум деген аты бар ғой, қалай десек те. Номерде су ішетін стакан да жоқ болып шықты.

Біз таңғы жетілерде турфирма берген автобуспен шығып, түске жақын жеттік. Біздің тур 1 тәулікке арналған, келген күннің ертесіне түс мезгілінде алып кетеді. Біздің жолдамамызға сол күннің түскі асы мен ертеңгі күннің таңғы асы кірді (тегін дегенім ғой). Барған күннің кешкі асы мен ертеңге кетер алдындағы түскі асты өз қалтамыздан төледік (барлығы 4-5 мың теңгедей болған шығар). Әйтеуір кафе-ресторандары істеп тұр екен.

Блог - patick: Ұйғыр ауданындағы ыстық суларҚЫЗЫҚ ЖАҒДАЙ: Бұл жақтағы үй жануарларының арасында мысықтар доминант екен. Есік алдына шығып, пиві ішіп, балық кеміріп отыр едік. Мысықтар айналамызды қоршап алды. Бұрын бұл хайуандардан естімеген небір дыбыс түрлерін естідім. Мен тастаған тамақ жерге түспей жатып, ішіндегі ірісі бір маңыраған дыбыстар шығарады. Бұл басқаларға ескерту деп түсіндім, типі «кетіңдер, бұл менікі» дегендей. Бірақ аш мысықтар оны тыңдамай таласа бастайды.
Жалпы территорияға талас, үлкен бәсекелестік өзара айбат шегіп, бір-біріне түрлі дыбыстар шығарудан байқалып тұрады. Бір қарны қабысып қалған ит келді сосын жанымызға. Оған да балықтың бір бөлігін беріп едім, тамағын мысықтардан әупірімдеп жүріп әрең алып қашты. Әрірек барып, жемтігін жерге тастады да, үстіне жатып аунай бастады. Бұл мысықтар тартып алмасын деп, өзінің иісін сіңірген әрекеті шығар деп ойладым. Очм, қызық жағдай :)


Блог - patick: Ұйғыр ауданындағы ыстық суларДемалыс орталығында 2 үлкен бассейн бар: біреу ашық түрі, тағы біреуі жабық павильонда. Ашық бассейннің қасында балаларға арналған шағыны да бар. Түсу жағынан ешқандай кедергі жоқ, адамдар түнде де шомылып жүрді, өйткені су температурасы 37-38 градус.

Қаншалықты емді, қаншалықты сауықтыру қабілеті бар, ол жағын айта алмаймын. Жылы суға түстім демесең, басқа айырмашылық жоқ сияқты. Суды бір бұрыштан ысытып, бассейнге айдап жіберіп жатса да білмейміз ғой :). Дегенмен иелері соншалықты арам емес шығар деп ойлаймын.

Осы жерге келгенде білдім, турфирмаға тым көп төлеппін. Біз алған екі адамдық номер 14 мың тұрады екен. Егер жолды біліп, астыңда көлігің болса — аз шығынмен барып қайтуға болады. Сервисті керемет деп айта алмаймын. Барып алып халықаралық сервис күтпеңдер. Номерлерінің жағдайы жоғарыда айтып өткенімдей. Енді, бәрі өте нашар деуге де дәтім тағы бармайды. Қызметкерлері жұмсақ сөйлеседі, бірдеңе сұрасаң тез көмектесіп жібереді. Әйтеуір кейбір жерлердегідей пофигизм жоқ, соны байқадым. Кафедегі официанттардың қызметі қаладағылардан еш кем емес. Дәл қазір болмаса да, болашақта бәрі жақсара түсетін секілді.

Жалпы ұйғырлардың өлкесі екені байқалып тұрады. Кейбір демалыс орындарының атауы ұйғырша, персоналдары ұйғыр, ауладан ұйғыр тілін естіп қалуға болады. Бізді алып кетуге келген автобус жүргізушісі ыстық бассейнге түсіп жатқан туристерге қарап:
— Оһ, ұйғырлар, ә?! Пайда табуды біледі-ей, — деп басын шайқап қойды.
Әрі қарай

Минск қаласына жолым түсті

Минск қайдасың?

Ұшақ Минск әуежайына қонуға арналған маневрін жасауға даяр болғаны хабарланғанда орындықтағы сақтандыру белдемшесінің екі басын бел тұсымда қосып біріктірдім. Әуедегі төрт сағаттық жолым аяқталуға шақ қалды. Бұлттардан төмен түстік, таң атып қалған шақ, жер релефі анық көрінді.
Иллюминатордан:
-Минск қайдасың?, -дегендей үңіліп қарадым. Көрінбеді. Ұшағымыз қонатын әуежай орман алқабын текше тәрізді.
Көп ұзамай Беларуссия жеріне аяғымыз тиіп, әуедегі жолымыз сәтті аяқталды.
Ұшақтан түскен бойда арнайы автобусқа отырып әуежайдағы кедендік терминалына жеттік. Кеденнен өттік. Багаж алдық.
Қалаға дейін 22 километр. Автобус орыннан қозғалды. Әуежайдан шыға сала ұшақ иллюминаторынан көрінген орманды тіліп өткен жолға түстік. Жеті-сегіз шақырымнан кейін орман аяқталды. Жолдың оң жағын бақыладым. Тегіс жап-жасыл даланың соңы көкжиектен көрінбеді, арғы жағында орман шығар, қазір көзім тек бір шақырымдағы дөңнің қырын сызады.
Үш-төрт шақырымда тік мұнара сұлбасы көрінді, жақындай келе дөң басына орнатылған мемориалдық комплекстің ескерткіш ажыратылды. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған.
Таңғы бесте көшелері автокөлікке, қала тұрғындарына толып үлгермеген ұйқылы-ояулы Минск кезекті қонағын осылайша қарсы алды.

Беларуссия рубльлі

Беларуссиямен нағыз танысуым валютасынан басталды. Валюта курсы. 1 теңге 78 белоруссия рубльлі (б. р.).
Қазақстандыққа 1 миллион теңге біршама қаражат 5000$-дан (доллардан) артық сомма. Беларусс азаматына 1 миллион б. р. =66$.
Бір аптадан кейін валюта айырбастау пунктерінде 1 тенге үшін 83 белоруссия рублін ұсынды. Теңгемен беларуссияда тауар бағасын көргін келсеңіз оп-оңай, 1 теңге курсына бөлеміз.
Минск метросына бір рет жүріп өтуге мүмкіндік беретін жетон құны 4500 б. р. теңгеге айналдырсақ мөлшермен 55-ке тең.
Кең қолданыстағы АИ 95 бензиннің 1 л. бензин бағасы 12000 б. р., Coca-Cola 1 л. пластмасса шөлмекте 16000 б. р.
2015 маусым айында жалақылары дүкендегі сатушының, микроавтобус жүргізушінің орташа айлығы 3-5 млн. б. р. (200-350$). 2014 жылдың басында жалақылары екі есе көп болған деседі (400-700$).
Халық жағдайын сақтап тұрған мемлекеттік бағалар. Өйткені қала ішінде автобустық парк мемлекеттік, метро мемлекеттік, кейбір дүкендер мемлекеттік. Үлкен өнеркісіпте мемлекеттік.
Дүкендерде оқушыларға арналған аяқ-киім сатылғанын көрдік, бағасы арзан. Өйткені Беларуссия өз аяқ киімін өндіреді.

Минск қаласының «Коморова» базары

Базар-рынок. Қолымдағы теңге үшін көре сала «қазақстандық» деп таныды. Төбесі жабық үш-төрт қабатты үлкен ғимарт ортасында сауда жүргізу алаңы орналасқан, көлемі жарты футбол алаңы. Қабырғаларын жақтай үш-төрт қабатты террассаның бірінде орналасқан «Комунарка» фирмалық дүкенше сатушысы:
-Это у Вас теңге, Вы из Казахстана, -деп сұрап үлгерді.
-А вы знаете его курс?
-Да, хорошие деньги.
Теңгені танып тұр.
Қазақстан туралы не білесің десең бірден беретін жауаптары:
-Қазақстан бай мемлекет.
Базар жайлы сөз бастап аяқсыз қалдырмайын. Базар –базардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Базарда мемлекеттік саясат таңбасы кездестірдім: «мемлекеттік баға» деген жазудың астында көкөністерді саудасы жүргізуде.
Тіл білгендікен базар келушілерінің эмоциясы сезіліп-ақ тұрды, мұнда да арзан баға қуғандар болды. «Арзан баға» деп те таласқандарды көрген жоқпын.
Базарды аралаған зейнет жасына жақындаған жұп -ер мен әйел базар бағасын талдап:
-Текке келіппіз, бағасы түкте арзан емес, -деген ой қорытқанына құлағым шалды…
Базары үлкен болғанмен саудагерлердің көбі жергілікті халық -европалықтар.
Бүкіл базарда «жергілікті» бір цығанды көрдім, базардың шеткі кіре берісінде бал ашумен айналысып отыр. Қарным ашып тез арада тамақтану үшін шошқа еті жоқ азық дайындайтын орын іздегенімде сұрастырдым.
-Вон там братья армяне шаурму делают.
Мұсылман армяндықтарды көрген емеспін, дегенмен тағамы халал шығар. Дүңгешектегі сатушыдан:
-Неден жасалды? –деп сұрай, сұрай шаурмасын сатып алдым. Дегенмен шаурмасы ұнады.
Базарда сауда жасағанда төленген салмағынан кем өлшеп қолға береді деп қауіптенудің қажеті жоқ немесе ақша ұсағын қайырғанда дәл қайырады. Одан кейін 100, 200, 500 б. р. дөңгелетсе ренжімеңіз (100 б. р. =1.25 теңге). 500 б. р. бір рет қолданатын пластмасс стаканды ғана сатып аласыз.
Егер саудагер өзі қайтарған ақшаның ұсағын «сатып алушы қайталап санап жатқанын» көрсе, онда оның әрекеті ұнамағанын айтып жеткізеді:
-Қорықпаңыз, ақша ұсағын дәл қайтарамыз, -дейді.
Беларусстар алдап арбаумен күн көрмейді, тек еңбегімен күн көреді дегенді жиі естисіз. Таза еңбекпен өмір сүру беларусстың бір қыры. Халық арасында осындай пікір кең таралған.

Европалық пита

Қаламен танысуын орталық базардан бастап, онда шаурмамен аш қарынды толықтырғанымды баяндағанмын.
Минскте туристік аудан бар. «Троицкие горы» және Немига көшесіндегі «Макдональд»-ті жалғаған көше бойындағы террасса арқылы жүріп өтуге кеңес беремін.
Алғашқы күндері бүкіл қаламен үстірт танысуға тура келді.
Барып көретін не қызық бар, оған қалай жетуге болады деумен өтті.
Көшелер бойын аралап жүріп жазғы шатыры бар кафэге көзім түсті. Кафэ десем, сырахана. Сыра ішілмей жатқан кафэні де көрген емеспін. Сыра молынан ішіледі десем қателеспеймін. Келушілердің көбі сыра ішіп отырады. Кафэ немесе сырахана деп бөліп айта алмайсың, көп жерде кешқұрым сыра ішеді. Айырмашылық тек менюінде ғана.
Ананы-мынаны ажыратқанша қасыма келген официантқа тапсырыс беріп үлгердім:
-Шай, сосын шаймен бірге тамақтануға болатын ыстық тағам, -дедім.
Официант тапсырысты шағын жазба кітапшаға бетіне жазып алып, не әкеліп беретінін түсіндірді,
-Шай, сосын бір порция пита.
Менің «пита» атауымен тағам таныс болмай тұрғанын байқап:
-Шаурма не екенің білесің бе?
Басымды изедім.
-Пита шаурма секілді, шаурмадан жақсы, дәмін татып көріңіз.
Одан кейін ненің етінен жасалған «пита» қалайтынымды сұрады.
Тамақтанып алдым.
Пита дегені дәлме-дәл шаурма. Тек мұндағы шаурманың түр-түрін көбейтіпті. Тауықтың, сиырдың және етсіз -вегетариандық үлгісі.
Мәссаған! «Пита»-ны европалық сатып тұр. Мінекей импортты, жай ғана тауарды емес, адами және мәдинет импорты алмастырып тұр. Ұлтшыл пиғылдан емес, тіпті ұлтшыл болсын дейік жаз айында Өскеменде қаптайтын гастербайтерлерді көріп олардың көбісін ұнатпаймын. Түсінемін оларда адамар, оларда азық тапқысы келеді-ау тек, келсе «таза келіп», «таза кетсе».
Бір апта бойы Минск қаласын аралап, тұрғындарымен әңгімелескеннен ұққаным -Беллоруссияда «гастербайтер» таралмаған. Белорусстардың өздері көрші мемлекеттерде бағалы жұмысшы санатында. Оның себебі де, негізі бар. Біздің гастербайтерлермен салыстыруға да келмейді.
Орта кәсіптік білімді маманның кәсіптік даярлық деңгейі де жоғары, ондай мамандықтарға сұраныс бар. Дәлел ретінде Минсктегі шоғырланған кәсіпорындар тізімін келтірсе болар. Ондай кәсіпорындармен қайдай да мемлекет болмасын мақтан тұтатыны анық. Өнеркәсіп дайын өнім шығарғанға бейімделген.
Негізі әңгіме «пита»-ны европалық дайындап, оны сатуымен айналысқаннан басталғаны сізге белгілі. Қандай ойды жеткізгім келгенін түсінген шығарсыздар.
Питаның түр-түрі және атауы көп шаурма, кебаб, донер. Ең бастысы сыртында нан, іші азық түрлерімен толықтырылған. Пита атауымен араб асханасының тағам түрі де белгілі.

Велотурист

Туристке жүріп-тұру үшін метро және такси қызметі ыңғайлы. Такси бағасы қазақстандағы такси қызметіндей, біреуімізге сәл арзан немесе қымбат. Одан кейін велосипед!
Велосипедпен қозғалу ыңғайлы болу үшін тас жол бойындағы жолаушылар қозғалатын жолақтар екіге бөлінген. Бір жағында жаяу жолаушылар, екінші жағында велосипедшілер жүреді. Туристік орталығында және жаңа аудандарында осындай велосипед жүретін жолақтарды жиі кездестірдім.
Велосипед көмегімен қозғалып демалуға болады, мысалы парк ішінде. Ұлы Отан Соғысына арналған музей артында үлкен парк бар.
Алғашқы күні Камарово рыногының қасында велосипед қоятын тұраққа көңіл аударғанмын. Байқанымда ондай велотұрақтарда қажеттілік баршылық. Қала ішінде түс ауа велосипедпен жүретіндер көбейеді.
Парк және демалыс орындарына аптаның демалыс күндері баруға кеңес беремін. Оның бір себебі –фонтадардың көбісі аптаның демалыс күндері іске қосылып бұрқақтарынан су бүркиді.
Велосипед жалға беріледі. Сондықтан жаяу туристен велотуристке айналу оп-оңай.

Архитектуралық тарих

Өскеменде, Семейде, Риддерде қазан революциясына дейін, 30-шы, 40-шы, Сталиндік, Хрущевтік, 80-ші, 90-шы жылдағы архитектуралық үлгіде салынған ғимараттарды Минскіден табылады.
Ұлы Отан соғысына дейін салынған ғимарттар саны аз. Соғыс шебі қаламен өткен. Ғимараттар қирап, олардың тек қирандылары қалған.
1946 жылдан қала ғимараттары қалыпына келтіріліп немесе қайтадан салынды.
1990-шы, 2000 жылы салынған ғимараттар заманауи: бетоннан қапталған шыны, 20 қабатты. Кейбіреуінің архитектурасы көңіл аударады.
Оның ішінде арнайы салынғандары бірден көзге түседі.
Совет дәуірінен кейінгі тәуелсіз Белоруссия символы, ғимараттағы символы Ұлттық кітапхана. Оның ең үстінен, 80 метр биіктіктен бас қаланың шолып қарауға мүмкіндік бар.
Кітапхананың фойесіндегі шағын сувенирлік дүңгешікте қала картасы сатылады.
Қала тұрғындарға арналған жаңа үйлер жеке-жеке комплекстер құрайды. Жеке бір түсте, мұнара тәрізді, қырларында тік емес дөңес болса, кейбіреуі кең проспектке киілген тәжі тәрізді көшемен қиылысқан жерінде орналасқан.
Жаға архитектурасы Совет үкіметінің тұсынан қалған «архитектурадан» алшақтаған.

Кеш, түн

Түннің тастай қараңғы немесе күндізгідей жарық болуы географиялық орналасуына байланысты. Минск қаласының маусым айының түні тастай қараңғы емес, өте сейілген сәуле түсіп тұрғандай, релельефті ажыратады.
Түн бетінде сырахана, кафэ, барлар, ресторандары жұмыс істейді көбісі сағат 23-00 жұмыстарын тоқтатады. Туристік ауданда ас пен қатар көңіл көтеретін орындарда ресторан, кафэлерде кешті өткізсеңіз шынайы әуенді, кейде әуенге жандауысты ән қосылып айтылғанын естисіз. Әр көңіл көтеретін орынның ерекшелігіне сай өзінің музыкалық программасы орындалады.
Таң бетіне дейін қызметін жалғастыратын ресторан, бар және казино баршылық. Маңында әлемнің түп-түбінен келген қонақтар кездеседі.
Автокөлік қозғалысы бәсеңдейді. Жолда байкерлер байқалады.
Меніңше мұндай көрініс үлкен мегаполистерге ортақ.
Қарпайым аудандарда кешқұрым тыныш. Ондай аудандарда қымбат дүкендер жоқ. Ойын-сауық орындары аз және ғимараттары көп қабатты тұрғын үй болғандықтан жарықпен аз көркемделеді.

Жолда қозғалу ережесін бұзсаңыз

Қызыл шамға тоқтамай жаяу жүріп өтсеңіз қанша айыппұл (штраф) төлейсіз?
Штрафтар соммасы базалық мөлшермен анықтайды. Штраф мөлшері 1-3 базалық көрсеткішке дейін (б. к.). Әр жылға базалық мөлшер әр қалай, 2015 жылдың 1 қаңтарында 1 базалық мөлшер =180000 белорусь рубіліне (жуықтап алғанда 2250теңге).
Егер алкоголь немесе наша әсерімен бұзаңыз 3-5 б. к. Белорусияда жол ережесін жиі бұзған жолаушыларды немесе автокөлік жүргізушілерін байқамадым.
Автокөлік жүргізужілері клаксоннан дыбыс шығару асықпайды. Бір-бірін асықтырмайды. Әрине мұнда да шыдамсыз, асығыс жүргендер баршылық. Сабырлы болуға бас қаланың жол қозғалысының ұйымдасуының ерекшелігі өз септігін тигізеді.
Қала орталығымен метро жүргендіктен жолаушыларға арналған жер астынан өтетін орындар көп.
Қиылыстан өткенде автокөліктерге орын алмастыруға тиым салынған. Клаксоннан қанша дыбыс шығарсаң да ешкім жол бермейді.
Қозғалысы реттелмейтін жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өткенде автокөлік тоқтайды, тоқтап қалдым деп клаксон басып асықтырғанды естіген емеспін.

Белорусь тілі

Белоруссияда екі тіл мемлекет мәртебесінде. Белорусс және орыс тілі. Белоруссша тек өз-ара сөйлеседі. Сөздің басы белоруссша соңы орыс тілімен аяқталады. Бірақ тіл білмегенді белорусс емес демейді. Европалықтар қаны және мәдинеті араласқан. Дегенмен халықтың 70% өзін белорусс ұлтына жатқызған.
Белорусс орыстан өзін ажыратады. Қазақ қырғыздан тілдерімен ажыратса, белорусс өзін орыстан ұстанымдарымен ажыратады. Беллорусстар өздерін сабырлы халық санайды.
Блог - bake: Минск қаласына жолым түсті
Тілінде кейбір сөздер біздің құлаққа таныс орысша почта, қазақша және белоруссша пошта. Әйел есімін алсақ орысша Ольга, белоруссша Вольга.
Ұлттық кітапханада болғанымда Вольга есімді экскурссия жүргізушіден -беллорусс алфавитінде неше әріп бар дегенімде жауап бермеді. Ұялту үшін сұрақты қойылмаған еді. Сол мезетте кітап каталогтарына көзім түскен болатын. Кітапханада араб графикасы бар кітаптарды байқап қалғанмын. Беллорусстар араб графикасымен жазған кездер де болыпты. Ол жайлы өз бетімен интернеттен оқыдым. Кітапханада жүргізілген экскурссияның өз мақсаты және мазмұны бары анық.
Кімде болсын жаманын жасырып жақсысын көрсетеді. Жақсы қонақта тек жақсыны еске сақтайды.
Белоруссияда жүріп халықты біріктіретін тілден гөрі ұлттың ынтамығының орны жоғары тұрғаны сезілді.
Әрі қарай

Қазіргі проза кейіпкері мынадай болады

Блог - BalgynBalgyn: Қазіргі проза кейіпкері мынадай болады
Жо-жоқ, алдымен, мәтінді оқып шықсаңыз деймін.
"… Аялдамаға келіп қалған екен, алдыға қарай аттай бергенімде, тралейбус кілт тоқтады. мен екпініммен алға қарай тәлтіректей жөнелдім. жығылатын ба едім, алдыңғы есіктен шыққалы тұрған ақ құба жігіт қарсы ұмтылып құшақтай алды...." [325 -бет] (Бексұлтан Нұржекеұлы. «Ерлі-зайыптылар». Шығармалар жинағы. 4-том. Алматы: Жалын, 2008.)
ОҺ.Романтика. Жалғасы не болғанын кітаптан оқуға болады. Ал, қазір жазушы осылай кейіпкерін суреттесе, күлкілі болатыны анық. Ол кейіпкерлер уақыттың уысында кетіп қалған. Сол жерден кітапты жауып тастаймын. Себебі:
Блог - BalgynBalgyn: Қазіргі проза кейіпкері мынадай болады
Иә, аптуызда жұртқа қарауға уақыт жоооқ.
Әрі қарай

Қалам. Адам. Сурет.

Моника Ли — адам. Қалам арқылы сурет салады. Тақырыпқа қысқа сипаттама.
Сурет өнерімен 12 жастан бастап шұғылданып келе жатқан Моника Ли шығармашылығының алғашқы сатысында ақ қалам арқылы қайталанбас туындылар жарата алған. Сол уақыттан бері осы жанрды дамыту үстінде. Бүгінгі күні Моника қалам көмегінде өте қиын болған суреттердіде сызуда. Оның тақырыптары арасында натюрмотта, портретте, жануарлар дүниесіде бар. Сондай ақ суретші 3D бағытындағы суреттердіде қаламда сыза бастады. "Қалам. Адам. Сурет" тақырыбында суретшінің әр бір туындылар топтамасына жеке тоқталу ниетіндеміз. Солай екен алғашқы жазбамызбен таныс болыңыздар:

Суреттер сөйлейді: Қалам. Адам. Сурет.
Суреттер сөйлейді: Қалам. Адам. Сурет.
Суреттер сөйлейді: Қалам. Адам. Сурет.
Суреттер сөйлейді: Қалам. Адам. Сурет.
Суреттер сөйлейді: Қалам. Адам. Сурет.
Суреттер сөйлейді: Қалам. Адам. Сурет.
Суреттер сөйлейді: Қалам. Адам. Сурет.
Суреттер сөйлейді: Қалам. Адам. Сурет.
Суреттер сөйлейді: Қалам. Адам. Сурет.

(жалғасы бар)
Әрі қарай

Бүркітті аулау немесе қандай әдіспен қолға түсіреді?!

Аңшылықтың неше түрлі қыр-сыры бар,ә?!.. Тіпті бүркіт асырау үшін, оны осындай әдіспен алады екен… Таңғалып отырмын..Блог - KerimAyankyzy: Бүркітті аулау немесе қандай әдіспен қолға түсіреді?!
Бүркітті аулау үшін малта тастарды жинап, өлген өгіздің қызыл етіне орап тастайды да оны көгалға шашып тастайды.
Бұл кезде аңдар төлдеп, шарана иісіне жиіркенген бүркіт қызыл ет аңсайтын кезі.
Аңшы атқа мініп тұтқиылдан шыға келгенде түз бүркіттің алғашында үйреншікті әдетпен садақ санын серпе секіріп, қос шалғылығын айқұш-ұйқыш сермеп еді, бөтегесін басқан малта тас бой жаздырмады. Мұнан әрі қанатын артынан түре соққан аңызақ жел төстігін көтертпей жер соқтыра берді.Аңшы желге қарсы өзі атпен тұрып алып. үстіне шапан жауып алады.
(Ақселеу.С Тауға біткен жалбыз..)
Әрі қарай

Өзбек халқының ұлттық тағамын дайындау үрдісі

Өзбек ұлтының дайындаған палауын жеген адамның аузында дәмі қалатыны сөзсіз. Олар пісірген палаудың күріші шашырап, түсі сап-сары болып, дәмі ерекше тәтті болады. Әсіресе, ерлері пісірген тағамның тәттілігі ерекше.

Сол керемет пісетін өзбектердің асының құпиясы неде? Тағамның қай құрамын қашан салу керек?

Оны мына видеодан көре аласыздар.

Етті бөлек пісіріп алу. Суын аз, мүлде аз құю. Оның бәрін өздеріңіз көріп алған дұрыс.

Әрі қарай

ЖАНЫМДЫ ҚИҒАН «FACEBOOK»

Міне, тағы да сол уақыт. Бұл уақыт – менің бірінші өмірімден екінші өмірге ауысуым. Аз қалды, өте аз… міне, компьютерімінің қосылуына бірер секунд… па, шіркін, технология! Бірден-ақ қосылды. Ендігі интернетімнің қосылуы… қане, қане… міне, жарайсың! Фейсбук, қош көрістік!

Блог - UlpanSamenkyzy: ЖАНЫМДЫ ҚИҒАН «FACEBOOK»

Негізінде мен өмірде тұйық, аса көп адамдармен тіл табыса алмайтын, жалғыз жүретін адамдар қатарындағы жанмын. Үйде жалғыз өзіммін, жалғыз дегенде тек өз жұмыстарымен ғана шұғылданатын үй қызметшілері бар, ал әке-шешем жұмыстарымен әрдайым шетелдерде жүреді. Сабақта ең соңғы партада жалғыз өзім отырамын. Шынайы өмірде мен әлеуметтік желідегі болған жағдайларды ойлап отырамын. Ешкімді естімеймін, көрмеймін, жалпы, ешкіммен ешқандай жұмысым жоқ. Маған десе, қай кезде, қай жерде болсамда ғаламторда отырар едім. Әттең, мектепке ұялы телефон мен ноутбук алып жүруге болмайды. Бұл – мектептегі ең маңызды ереже. Бұл ережені бұзған жағдайда мектептен шығып кету қаупі бар. Ал мектептен шығуға болмайды, әке-шешемді ренжіткім келмейді. Айына бір-ақ рет көретін отбасыма өзім жайлы жаман ой қалдырмасам деймін. Өйткені олар менің орта білім алуыма бар жағдайды жасап отыр.
Әлеуметтік желі – бұл менің өмірім. Ол болмағанда мен жалғыздықтан о дүниелік болып кетер ме едім? Бұл арқылы мен өзімнің бұл өмірде жалғыз емес екендігімді білдіреді. Дүниенің екінші бұрышында да мен сияқты, екінші өмірімен ғана өмір сүретін адамдар бар және олар мені қолдайды. Солардың бірі – Зэйн. Зэйннің шын табиғатын мен білмеймін, алайда мен үшін ол мейірімді, қарапайым, қалжыңды жақсы көретін және бұзық. Онымен сөйлескен маған қызық, бір жеңілденіп, серпіліп қаласың. Онымен танысқаным да өте қызық болды. Бірде ғаламтор желісінде ask.fm деген сайта отырдым. Бұл сайта анонимді түрде кез-келген адамнан білгің келген сұрағыңды қойып, жауап алуға болады. Бірде, ойынмен Зэйн Малик, яғни әлемдік жұлдызды топ «One Direction» тобының әншісі, бар ма, әлде жоқ па екенін білгім келді. Қарасам, бар және сол секілді. Қуанғанымнан, төбем көкке жетті. Бірден сұрақ қоюға көштім. Қойған бетте жауап келеді, қызық. Соңында, өзімнің фейсбуктағы адресімді беріп, мені өзіне қосуын өтіндім. Айтқан бойында мені қосты. Қуаныштан жүрегім жарылайын деп тұр. Фейсбукта кәдімгіше сөйлестім, мен оны әлем жұлдызы деп санап тұрмын, бірақ біраздан соң, ол маған өзінің жұлдыз емес екендігін айтты. Жай ғана кездейсоқ атымыз бен түріміз ұқсайды деді. Таңдайым жерге түсіп қалардай таң қалдым. Алайда, оның әлем жұлдызы болып шықпағанына еш ренжімедім, керісінше өзіме жаңа дос таптым. Соған ризамын.
Тағы бірі – Том. Ол Америка Құрама Штаттарындағы Вирджиния штатының тұрғыны. Білуімше, ол жан-жақты. Көбіне маған ақыл айтып, дүниетаным туралы көзқарасымды тез өзгерте алады. Ең қызықтысы, ол әлем саясаттын жақсы біледі және Қазақстан тарихымен де жетік танысқан. Көбіне білмейтін жайларды менен сұрап отырады. Онымен сөйлесе бастауымда бір әңгіме жатыр. Фейсбукта World News деген әркім өз пікірін жаза алатын саяси топ бар. Мен ғаламторда көп отырғандықтан, әлем жаңалықтарын көп оқиымын, сол топқа өз пікірімді білдіремін. Томмен танысқан уақытқа дейін менің пікіріме ешкім қарсы тұрмайтын, бір сәтте Том қарсы ойын білдіріп жазып еді, бәрі де менің жазғаныма қарсы шықты. Содан, қаты ашумен оны фейсбуктен тауып, өз жазғанымның дұрыс екендігін дәлелдей бастадым. Ол өз айтқанынан айнымады, өзін жақтады. Ақыр аяғында, мен жеңілген сияқты болдым. Осымен екеуміздің әңгімеміз аяқталады деп ойлағанмын, сөйтсем келесісінде өзі жазып, өмір, экономика, саясат жайлы біраз әңгіме шерттік. Содан міне, 1-2 айдың шамасы болып қалды, достығымыз жарасты.
Бір күні екеуміздің әңгіме барысында біздің ел туралы әңгіме басталып кетті.Мен өз елімнің мұнайы басқа елге сатылып, өз елімнің тоналып жатқанын айттым. Ол мен қолдайды деп ойлағам, алайда менің көзқарасымның бұрыс екендігін дәлелдеп берді. Оның айтуынша, егер де қазақ елі өз мұнайын сатпағанда, қазіргі Монғолия мемлекеті сияқты, ол елдің бар-жоғын да білмей қалатын едік дейді. Том сөздерінің жаны бар, менің дұрыс емес деген нәрсенің еліміз үшін өз пайдасын әкеліп жатқанын түсіндім. Шыны керек, бірден емес, арада біраз пікір-талас болды.
Байқағаныңыздай, мен көбіне шетел адамдарымен сөйлесем. Неге десеңіз, олармен еш қиындық тумайды, қайта керісінше, тілді жақсы үйренесің. Ал Қазақстандықтармен сөйлессем, кездесуге шақырады, анау дейді, мынау дейді және қазақ бола тұра, мақтаншақтық па, білмеймін, орысша сөйлеп ішімді күйдіреді. Бір сөзбен айтқанда, олармен сөйлескен мүлдем қызық емес…
Әлеуметтік желіде менің достарым өте көп. Бәлкім, досым деуге келмейтін шығар, жай ғана таныстарым. Жақын достарым — Том мен Зейн.
Бірде фейсбуктағы парақшама бір қазақ қосылды. Аты Самат екен. Суреттеріне қарасам, түрі таныс. Қайдан көрдім екен?.. Әрине, қосылса қосылсын, жазғысы келсе жазсын, маған бәрібір. Дегенмен түрі сүйкімді екен. Жоқ… мен оған жазбаймын, өзі жазсын… жігіт қой.
Бір күн өтті. Екінші күн өтті. Том, Зэйн басқа да достарыммен сөйлесіп жүрмін. Бірде намысыма тиіп кетті, неге қазақпен сөйлеспеске?.. Ал, нар тәуекел, алдымен жаздым «сәлеметсіз бе!» деп, шамамен 10 минут өтті, жауап жоқ. Қиын екен біреуден хабар күткен, шыдамым жетпей кетті. Далаға шығып, жүріп келдім. Ұзақ уақыттан кейін келсем, жауап келіпті. Сондағы жауап: «Сәлем!». Шамамен 1 сағаттан кейінгі жауап бір ғана сөзден тұрады… Неге екенін білмеймін, осыған өзімше ренжіп, болды кірмеймін деп шығып кеттім.
Осыдан күні бойына ойланып жүрдім. Ойлағаным неге шетел азаматтарымен сөйлескен оңай, оларға бір жазсаң әрі қарай өздері әңгімені өрбіп, ширатып жібереді. Ал, қазақтар ше? Өр көкіректік пе? Өздерінше, менсінбеушілік пе?..
Күні бойы құлағымда наушник болды. Ой толғаныста далада ұзақ жүрдім. Алайда, еш қорытындыға келе алмадым.
Қайта интернетке кірдім, әдеттегідей, Том мен Зэйнмен сөйлесіп отырмын. Әңгімелері қызық, фейсбуктың ішіне кіріп кетіппін. Көңілім көтеріліп, анау Самат дегеннің бар екенінде сезбей қалыппын. Бірде Том өзінің парақшасына кіріп, жазған блогын көруімді өтінді. Бірден келісе кетіп, парақшасына кіріп оқыдым, енді шыға бергенде Саматтың сайта отырғанын байқап қалдым. Өзімше, көкіректеніп, менің онда еш шаруам жоқ деп, көңіл аудармауға тырыстым. Әрі қарай Томмен сөйлесіп отырдым. Бірер сәттен кейін Том сайттан шығып кетті. Отырдым, жаңалықтар оқыдым, музыка тыңдадым. Кейіннен, Саматтың сайта отырғанын қайта байқап қалдым. Жазғым келіп тұр, алайда қолым бармай тұр. Бір тосқауыл. Әй, тәуекел, жазамын.
М: Сәлеметсіз бе!
С: Сәлем
М: Қалайсыз?
С: Шүкір, Алла деп…
Осыдан отырдым, қашан менің жағдайымды сұрайды екен деп. Шамамен 10 минутай өтті, бір кезде:
С: Өзің қалайсың?
М: Жақсы, не істеп жатырсыз?
С: Сіз демей-ақ қой, жай жұмыста отырғанмын.
М: Ааа, қандай жұмыс атқарасыз?
С: Сен шында да осыны сұрап отырсың ба?
М: Иә, ал не болып қалды? Сұрамауым керек пе еді?
С: Жоқ, әрине, тек таң қалып отырмын.
М: Неге таң қаласыз?
С: Мені қазақ елінің бәрі теледидар арқылы таниды, неге бұл қыз мені танымай отыр деп таң қалудамын.
М: Танымай қалғаныма ренжімеңіз) Теледидар көрмеймін. Көрсемде тек клиптер көремін. Сонымен сіз кімсіз?
С: Хабар агенттігінде жаңалықтарды жүргіземін.
М: Журналистсіз ғой сонда?
С: Жоқ, жүргізуші
М: Екеуі бір ғой?
С: Біреулер үшін бір мамандық, біреулер үшін екеуі екі түрлі мамандық…
М: ммм
Осыдан тағы да үнсіздік. Біраздан соң қарасам, ол сайттан шығып кетіпті. Көңілімде бір тынышсыздық орнады. Ерекше сезім, бұрын сезбегем. Музыка тыңдап, біраз жаттым. Содан ұйықтап кетіппін. Мен үй жинастырып жүрмін, ыдыс, еден жуып, қоқыс тастап жатырмын. Оянып кеттім, түсім екен ғой. Тездетіп үй тапсырмаларды жасап, қайта фейсбукке кірдім. Оқылмаған бір хабарлама, қарасам Саматтан екен.
С: Өзің немен айналысасың?
М: Мектепте оқимын
С: Қай сыныпта?
М: 11
С: О, биыл бітіреді екенсің ғой?! ҰБТ-ға дайындалып жүрсің бе?
М: Жоқ, мен ҰБТ тапсырмаймын
С: Неге?
М: Өткен айда Байқоңырда Халықаралық ғылыми жұмыс жарысы болған, содан орын алдым, орынмен қоса ҰБТ-дан 125 баллды да алдым.
С: мм, жақсы, құтты болсын! Қай сабақтан?
М: Рақмет. Физика
С: Болашақта кім болғың келеді? Қандай мамандықты таңдайтын ойын бар?
М: программист
С: жақсы, жақсы
М: мхм
Қайта үнсіздік. Көкейімде сұрақтар өте көп, тек қалай сұрарымды білмеймін. Маған Саматпен сөйлесу қиынға соғып тұр. Неге екені белгісіз… Қиындығы, мүмкін, оның менімен дұрыс сөйлеспейтіндігінен шығар?
Фейсбуктын хат келгендегі даусы шыға кетті. Өзімше қуанып, Саматтан болар дегенмін, сөйтсем Зэйн жағдайымды сұрап жазыпты. Көңілім босап кетті. Зэйнге білдірмей, дым болмағандай, әдеттегідей сөйлестім.
Таң атты. Күнделіктегідей сабаққа бардым. Ойымнан Самат кетер емес. Ол туралы көп нәрсені білгім келеді. Ал сұрауға қысыламын. Ойлана, ойлана бір шешімге келдім. Одан білгім келетіннің бәрін сұраймын, сұрағанда тұрған ештенке жоқ. Сабақ бітпей жатып, үйге қайтып кеттім. Бірден бара сала фейсбукқа кірдім және дәл уақытында. Фейсбукте Самат отыр. Қайтадан өзім бастадым.
М: Сәлеметсіз бе!
С: Сәлем
М: Қалайсын?
С: Жақсымын, өзің ше?
М: Жақсы
М: Не істеп жатырсын?
С: Жай отырғанмын
С: Неге парақшаңда суреттерің жоқ?
М: Қойғым келмейді
С: Неге?
М: Қажет емес
С: Түсінікті
Менің парақшамдағы суреттерімнің бар-жоғы оны қызықтырады ма? Менің түрімді қайтеді ол? Бәріміз адамбыз ғой, бет-ауызымыз бар. Әлде, мен оны қызықтырамын ба? Маған қызығатындай ештенке болған жоқ қой, алайда?..
М: Сұрақ қойсам, қарсы емессің бе?
С: Қоя ғой
М: Үйленгенсің бе?
С: жоооқ, бойдақпын, әрі қызым да жоқ.
М: Неге?
С: Ойымдағы қызды кездестіре алмай жүрмін.
М: Тезірек кездестіруіңе тілектеспін.
С: Рақмет!
Осыдан соң суреттерін тағы бір қарап шықтым. Неге екенін білмеймін, жүрегімнің соғысы жиіленіп, біртүрлі сезініп кеттім. Бұрын соңды болмаған сезім. Суретті көріп біттім, жоқ қайта қайталап көремін. Осылайша, түсініксіз бір оймен, айналдырған 10 суретті қайталап көре бердім. Ойым бөлініп кетті. Том жазыпты. Негізінде, Зэйнге қарағанда, Том қандай әңгіме болса да, шешімін тауып береді. Сол үшін өзімнің қазіргі сезімімді жазып бердім. Ол ұзақ уақыт жауап жазбай отырып, сен ғашықсын деді. Қайдағы ғашықтық, кімге ғашықпын? Саматқа ма? Мүмкін емес, өмірімде көрмеген адамға қалай ғашық боламын?.. Сан алуан сұрақтар…
Бір ырғақпен Саматпен сөйлесе бердім. Өкініштісі, әңгімені өзімнің бастауы, қуаныштысы, оның менімен сөйлесетіні. Біршама қызық сөйлесетін болдық. Бір-біріміздің мінездерімізді білетіндей шамаға жеттік. Тіпті, бір-бірімізбен күн сөлеспесек тұра алмайтындай болдық. Жалпы айтқанда, өмірім түбегейлі өзгерді. Басты жаңалығым, теледидар көріп, өмірдің тамашалығын көре бастадым. Айналамдағы болып жатқанын бәріне көңіл аударып, бірге оқыған сыныптастарым мен ұстаздарымның атын білдім. Алайда, әлі күнге шейін ешкіммен сөйлеспеймін, сөйлесуге де тырыспаймын. Өйткені, мен оларды түсінбеймін.
Бойымда бір қорқыныш бар. Егер мен Саматпен өмірде кездессем, қалай болады екен? Өмірімде ешкіммен кездеспеген мен тек әке-шешем мен үй қызметшілерім мен сөйлесемін ғой. Қалай болады екен??? Кездескім келмейді, бірақ мен оған ғашықпын. Қызық, адамдар ғашық болса, кездескілері келуші еді, ал мен керісінше… Мен қоғамнан ауытқыған адаммын және маған қайта қоғамға кіру қиынға соғады. Себебі, мені қоршаған адамдардан көңілім қалған.
Түннің ортасы. Ноутымды құшақтап Саматпен сөйлесіп жаттым:
С: Кездесуге қалай қарайсың?
М: о_О
С: Не болды? Сонша уақыт сөйлескенде кездескің келмей ма?
М: эээээм……
С: Бәрі дұрыс па??? Жай ғана кездесуге шақырып тұрмын ғой?
М: Ойланып көрейін…
С: Ойланатын несі бар? Жай ғана кездесу ғой. Қане, ертең бірге киноға барайық.
Киноға бару? Бірге отырып шай ішкеннен жақсы ғой. Көп сөйлеудің қажеті де болмайды. Келісіп көрейін, әйтпесе ренжіп қалар…
М: Жарайды
С: Ертен сағат 5-те Керуендегі киноға барайық?
М: Қарсы емеспін.
С: Телефон номеріңді бересің бе?
М: Қажеті жоқ. Өзім тауып алам сізді.
Қайтадан «сізді», неге сыпайы түрге көштім. Бұл ненің белгісі?
Жуынып жатырмын, анда-санда айнаға қарап тамсанып қоямын. Айнаны қолыма алып ем, бірден қолымнан түсіп кетті. Шошып ояндым. Неткен қызық түс?
Келесі күннің таңы әдеттегінше арайлап атпады. Еш нәрсеге де зауқым жоқ. Жата бергім келді. Ең бастысы, фейсбукке де кіргім келмеуі. Ақыр соңында, өзімді қинап тұрғыздым. Өзімше сәнденіп, киноға жиналдым. Бұрын соңды көйлек кимейтін едім, енді соны киюді шештім. Осылайша киноға кеттім. Жол бойына өзімді жайсыз сезіндім. Бүкіл адамзат маған қарап тұрған сияқты көңілімде тынышсыздық орнады. Нысанама жеттім.Көп адамдар. Саматты іздей бастадым. Ақыр аяғында таптым, қасына барып:
М: Сәлеметсіз бе!
С: Сәлем! Қалайсың?
М: Жаксы…
Осыдан кейін тілім байланды да қалды. Аузымнан еш сөз шықпады, тек сұрақтарына басымды иіп қана жауап бердім. Өзі де қызық болып қалды. Шаршады ма, соңында еш сөйлемей қойды. Ал мен болсам, түріне қарап қана отырдым, бар кино бойы… Кино біткен соң:
С: Жарайды, ендеше сау бол!.. – деп кетіп қалды.
Мен туралы не ойлады екен? Көңілім босап, жылағым келді. Тезірек үйге қайтып, фейсбукке кірдім. Самат отыр екен. Жазайын ба, әлде жазбайын ба? Не істесем болады? Суретін қосып қойып, бетіне қарап отырдым. Көп уақыт өтпей, Саматтан хат келді.
С: Сенімен таныс болғаныма қуаныштымын! Сен өте сұлу екенсің, сұлулығыңа ақылың да жарасады. Бірге болып, бар өмірімді сенімен өткізсем деймін. Жаныңда болып бақытты болсақ! Мені бақытты жандардың қатарына қосар едің, егер де сен бүгінгі кеште фейсбукта қандайсың, өмірде сондай болсаң. Шынымды айтамын, ренжіме, сенің бір дертің бар-ау. Емдел, психологқа бар… Бұлай бола беруге болмайды. Ойлан! Ал мен сені өз өмірімнен, фейбугымнен өшіремін. Болашақта өз махаббатыңды кездестіресің деп ойлаймын. Сәттілік!
Дей келді де, мені достар тізімінен өшірді деген хат келді. Жүрегіме құдды бір қанжар тығылғандай болды. Көзімнен я жаста шықпайды, я жынды адамдар секілді күле де алмаймын. Тұрған орнымнан қалт етпедім. Біраздан соң есімді жиып, Саматтың суретіне қарап тұрып, өзімнің суретімді оған жібердім. Содан соң баяу жүріспен ас бөлмеге бардым, ең үлкен деген пышақты алып, жүрегіме қададым… Түк сезбедім. Бойымды суық жаулады. Қара жер қызыл қанға боялды…

P.S. Әңгіменің басты идеясы — әлеуметтік желілерде отырып, қоғамнан ауытқып кетпеу. Жоғарыдағы қыз өз өмірін қиюда, жігіттің еш қатысы жоқ. Тек шынайы өмірде жан дүниесімен бөлісетін жанның болмағанынан.
Оқиға өмірде болмаған. Бәрі менің фантазиям!
Әрі қарай

Қоғамдағы 5 өзекті мәселесі аталды

Блог - asaubota: Қоғамдағы 5 өзекті мәселесі аталды

Қазақстандықтардың қоғамдық қабылдауларға өтінішпен келетін бес өзекті мәселесі, бүгін, Астанада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысын шығару барысында жария етілді.

Азаматтардың қоғамдық қабылдауларға өтінішпен келетін өте өзекті мәселелері – жұмысқа тұру мен жалақының төленбеуі, тұрғын үй мен жер телімдерін бөлу мәселесі, әлеуметтік мәселелер (зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмек), коммуналдық қызмет көрсету сапасы және сот шешімімен келіспеу, сот шешімінің орындалмауы.

Айталық, жұмысқа тұру мен жалақының төленбеуі мәселесі азаматтар өтінішің — 21% құрайды, екінші орында — 15% мемлекеттік қордан тұрғын үй мен жер телімдерін бөлу, 11 % — ол әлеуметтік мәселелер (зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмек) және 6% — коммуналдық қызметтердің сапасы мен ТКШ үстінен шағым 3% — сот шешімімен келіспеу, сот шешімінің орындалмауы.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» Жолдауында осы мәселелерге баса назар аударылғанын атап өтті.
Әрі қарай

Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану

Смартфонды компьютердегі кез келген және басқа да смартфондардағы браузермен вебкамера ретінде қолдануға болады.
Сол кереметке қол жеткізу үшін бізге Google Play-дегі тамаша қосымша қажет:
Жүктеп алу: IP Webcam
IP WebCAM сіздің смартфонды желілік камераға айналдырады. Бастысы Wifi-дың сигналы жақсы болу керек. Қосымша ашылғанда ең бірінші көретініміз баптаулар. Менюдегі «настройки видео» деген бөлімде бейненің сапасын, өлшемін, фокусты, жарқылды, т.б. баптауға болады. Ал енді қосымшаны іс жүзінде көрейік.
Өз қалауыңызша бейненің сапасын баптап алуыңызға болады
1. Қосымшаны ашамыз.
2. Экранды төмен сырғытып, «Запустить» батырмасын басамыз.
Қосымша ашылып автоматты түрде видеокамераны іске қосқаннан кейін URL-адресті смартфонның экранына шығарады.
Ол әр телефонда әртүрлі болады.
IT маманның кеңестері: Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану
Смартфонның бетінде көрсетіліп тұрған адресті (http://192.168.0.102:8080) кез келген браузердің адрес жолына жазамыз. Содан кейін смартфонда көріп тұрған бейне браузердің де бетіне шығады.
IT маманның кеңестері: Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану
Тағы бір ыңғайлы етіп жасалғаны — смартфондағы IP WebCam-ға қажетті функцияларды тікелей браузерден басқаруға болатындығы.
IT маманның кеңестері: Android смартфонын Web-камера ретінде қолдану
Әрі қарай