Керек-Ринг 04/12

Бой қыздыру сұрақтары:

— Скандинавтарда Ниссе, жапондарда Сегацу-сан, чехтарда Микулаш, беларустарда Зюзя. Қазақтарда ше?

— Қай компанияның өкілдері өз өнімдерін қолданбайтындарды “айкон” деп атайды?

— Азия Микс командасының биылғы пікірінше, ақшаны дәл осы бас киімде сақтаған дұрыс. Қандай?

1-тур сұрақтары by asaubota

1. Кездейсоқ сәйкестікті есепке ала отырып, Үндістанда Балалар Күні күздің қай айының нешесінде тойланатынын табыңыз.

2. Бәсекелестік нарығына 1930 жылы “Сол бағаға 2 есе ал” слоганымен кіріп келген бұл бренд 1988 жылы КСРО телевидениесіндегі алғашқы жарнама беруші ретінде де тіркелген. 2013-тен бері бізге “Өткеніңді құшақта, қазіргімен өмір сүр” атты слоганын ұсынып келе жатқан брендті атаңыз.

3. “ИКС — ел тұрақтылығы мен Тәуелсіздіктің белгісі” дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Тәуелсіздіктің символы туралы ойымен Коко Шанель мен Пушкин де бұл тұжырыммен келісер еді. Елбасы айтқан ИКСті нақты атаңыз.

4. Википедиадағы көшпенділер туралы парақшада неокөшпенділер туралы да жазылады. Қазіргі өмірдегі өзгерістер, тұрмыстық жағдайларға байланысты көшпенді немесе жартылай көшпенді жағдайда жұмыс істейтін кей санаттағы адамдарды неокөшпенділер деп атайды. Бұл санатқа әртістер, шоумендер, программистер, дизайнерлер, ғалымдар, маусымдық жұмысшылар, гастарбайтерлер кіреді. Неокөшпенділерді басқаша, танымал қандай сөзбен атар едіңіз?

5. Минск 88, Тбилиси 89, Баку 90, Душанбе 90, Рига 91, Вильнюс 91. Тізбектің басына Қарағандыны қоятын болсақ, жанындағы сан қандай болар еді?

6. 2 жыл бұрын Procter & Gamble компаниясы қорабында 88 саны жазылған өнім үшін көпшіліктен кешірім сұрады және 88 санында ешқандай жасырын мағына жоғын айтты. Бар болғаны 88 рет қолдануға жетеді-мыс. Сондай-ақ 18 саны жазылған өнімді де тоқтатты. Сынаушыларға брендтің атынан да жасырын мағына көрген екен. Бұл қай танымал бренд?

7. Мадагаскар аралының маңайында өмір сүретін су көшпенділері болып саналатын Везу атты тайпа өкілдерінің көбінің жер бетінде үйі жоқ, олар су бетінде өмір сүреді. Акула етін сатып күн көретін везулар табыстарының үштен біріне не алатынын нақты екі сөзбен жазыңыз?

8. Қытайда өлім жазасына кесілгендер үкім орындалғанға дейін бірнеше юаньдық БҰЛ үшін бірнеше сағат жұмысқа жегіледі. Ал 1912 жылы Теодор Рузвельт президент сайлауы науқанында БҰЛ арқылы өзіне жақсы пиар жасап алды. БҰЛ не?

9. 1916 жылы Петербор газеттері Сазонова атты кәсіпкер әйел ашқан 2 ерекше ресторан туралы жарыса жазады. Біраз жыл шетелде болып келген Сазонованың ресторандарында жұрт 1 рубль 45 тиынға қазір бәріне таныс нәрсемен алғаш рет танысады. Сазонова қай елде болып келген еді?

2 тур сұрақтары by MERmukhanov

1. 1905 жылы Францияда тұңғыш халықаралық конгресс өтті. Ол іс-шараға жиылған адамдар бір-бірімен аудармашысыз сөйлесті. Қай тілде?

2. Қазақта бір әулеттің келіндерін қалай атайтынын бәріміз білетін шығармыз. Көшпенділердің әскери дәстүрлері жайлы баяндай отырып, Таласбек Әсемқұлов ол атауды басқа тарихи алыста өмір сүрген бір әйелдер тобының атауымен байланыстыратын гипотеза ұсынады.
Ол қандай сөз?

3. Желідегі таралған арзанқол иллюстрацияда жазылуы бірдей екі түрлі әріптен басталатын сөздер жазылған. Екі сөздің алғашқы екі әріптерінің жазылуы бірдей. Сұрақ авторының пікірінше, екеуінің де бейнеленуі сәтті және дәлме-дәл емес, дегенмен ол екі сөзді атаңыз.
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

4. Түрік жұмбағын шешіңіз. Ол – бөлмеде, бөлме – онда.

5. Назар аударыңыздар, ойбастар!
1933 жылы Зигмунд Фрейд ирониялы түрде орта ғасырлармен салыстырғандағы прогрессті атап өтті, себебі, ол кезеңдерде Х-тарының орнында оның өзі болар еді. Қазақ фольклоры саналы адамдарды оның үстінен өтпеуге шақырады.
Біздің ойбастарда жатқан не?

6. Мәскеу мейрамханаларының бірінің шеф-аспазы бұл тағамға қойылған атаудың мәнін өзінше түсіндіреді: «Біріншіден, технология бойынша оны үсіру қажет. Екіншіден, Корсикада апельсиндер Бразилияда маймылдар сияқты көп». Не тағам ол?

7. Жасыл, жасыл, жасыл,
Жылады, жылады, жылады,
Айна, айна, айна,

Вознесенскийдің құрылымы ақ бұл өлеңін аяқтаңыз.

8. Жерорта теңізі ойындары – мультиспорттық аймақтық ойындар, спорттық жарыстар мерекесі. Жерорта теңізін қоршай жатқан әлемнің үш бөлігінің мемлекеттері қатысады. Соңғысы 2013-те өтті, келесісі 27 спорт түрі бойынша 2017-де болмақ.
Ал оның туында, эмблемасында белгіленген нәрсе/нәрселерді атаңыз.
9. Ницше ОЛарды жарқын, әдемі киініп алып, сағаттап бір орында тұра беретін сарай қызметкерлеріне теңейді. Кэроллдың кейіпкері Алиса Түйе королевасының қабылдауында крокетті ОНЫмен ойнайды. ОНың құрметіне отты қаруы бар неміс танктері аталды. Астанадағы ең басты көшелердің бірінің екіншісімен қиылысында да ОЛарды кездестіруге болады.

ОЛ не?

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 04/12

Әлеуметтік желідегі ақпараттық соғыс

Қазір әлеуметтік желілер күннен күнге қоғамның пікірін анықтайтын үлкен күшке айналып келеді. Ал қоғамға белгілі бір ықпал ететін жерде міндетті түрде ақпараттық соғыс жүреді. Ол бұрын да болған. Газет беттерінде, телевидениеде т.б. бұқаралық ақпарат құралдары белгілі мәселе бойынша нақты саясат ұстанатыны мәлім. Ірілі-ұсақты төңкеріс кездерінде де алдымен телеграф, телевидениені басып алуға ұмтылу да ақпаратты бағындыруға деген талпыныстан шыққан. Қазір ол ақпараттық соғыс ақырындап ғаламтор желісіне ауысты.

Ақпараттық қауіпсіздік: Әлеуметтік желідегі ақпараттық соғыс
Әрі қарай

"Күнің бір айлыққа қарап қалсын"

Блог - BalgynBalgyn: Күнің бір айлыққа қарап қалсын

Сипаттамаса да өзіңізге аян еврей деген ұлттың ең жаман қарғысы осы дейді. «Білме, білгеннің тілін алма»,-деген біздің қазақтың «соңғы нүктедегі» лағнет сөзі болса, жебрейдікі — тақырыпта.

Блог - BalgynBalgyn: Күнің бір айлыққа қарап қалсын
Әлем мойындаған қаржыгерлердің (өзім оқыған Киосаки, Шефер, Трейсидің сөзіне жүгініп отырмын) бәрі «бірнеше табыс көзі болу керек»,-деп қайталай беретіндей де бар. Трейси демекші, Трейси бірнеше ай бұрын Алматыда ақылы тренинг өткізді. Мұхит асып келгенде билет құны аз ақша болмағанын білеміз. Әрине, аты жер жаһады жаулаған алыптың берері көп.
Блог - BalgynBalgyn: Күнің бір айлыққа қарап қалсынҚазақта да Трейси пайда болды. Қателеспесем, 3 жылдан бері сапалы қазақ "өндірем" деп шырылдап жүр. Ахметбек Нұрсиланы айтам да. Қазақ үшін Брайннан артықшылығы бар. Қолға таяқ ұстатқандай, кәсіп көзін өзі тауып беріп жүргенін интернеттен көп болды оқығаныма. Құмар деген жігіт біздің филология факльтетін бітірген болатын, сол кісінің бастамасымен 5 айда 9 миллион теңге таптым деп жүр. Керемет қой.

8-)8-)8-)8-) Өмірлік қағидамның беки түсуіне септігін тигізер ой түйіп қайтармын. Тәуекел деп Ахметбек Нұрсиланың 3 қарашада өткізетін тренингіне қанатымды қомдап қойып отырмын. Алақанға шырт түкіріп, ысқылап, күн санап жүргенде 1 қараша болып қойыпты. Алматыда жүрген достарымның барлығын шақырдым. Оқысаңыз, сіз де жүріңіз. Трейси сияқты ақша сұрамайды, тегін.
Осы бейсенбіде кешкі сағат 7-де Спорт және туризм академиясына (Абай/Байтұрсынов) келсеңіз, күтіп алам! :):):):):):)
Әрі қарай

Еріктілер ісі еріккеннің ісі ме?!

Еріктілер ісі еріккеннің ісі ме?!

Ерікті болу еріккеннің ісі емес,- бойға біткен ер мінезділіктің күші! Себебі, Ерікті түрде жақсылық жасап, айналасына нұрын шашу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Ол үшін ең әуелі адам бойынан адамгершілік қасиет, мейірімділік, кішіпейілділік, табылуы қажет.
Волонтерларға көп қойылатын сұрақ: -Сіздерге ешқандай ақы төленбейді ғой. Несіне шыр-пыр болып жүгіріп жұмыс атқарасыздар?!
-Ия, ол рас. Сұрақтарыңыз да орынды. Дегенмен біздің ол сұраққа бір ғана әрі нақты жауабымыз бар:
-Бізге ешқандай да ақы төленбейді: ақыдан да қымбат сый беріледі: Әлеуметтік жұмыстар атқара отырып,-жүрегіңізге нұр сыйлайсыз! Өзгеге ерікті түрде көмектесе отырып,-көңіліңізге жақсы күй сыйлайсыз! Қоғамдық жұмыстар атқара отырып,- Абай атамыз айтпақшы: «Сен де бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та бар қалан!» демекші, қоғамнан өз орныңызды табасыз! Және тағы да бір үлкен мүмкіндік-ол өзіңізді жан-жақты қалыптастыру арқылы, қоғамдық өмірге, өмір сүру ортаңызға және айналаңызда орын алып жатқан жағдайларға бейімделе аласыз, әрбір мәселені алыстан көріп, шешімін байыппен табуға сабақ аласыз. Яғни, өзіңізді «тұлға» болып қалыптастыруға мүмкіндік аласыз.
Осы тұстан алып қарағанда, волонтер ұл-қыздарымыз өз- өздерін қалыптастырып, биік шыңға сатылай талпынып келе жатқандығы қуантады.
#Жамбыл #Волонтер #Блогер
#тәуелсіздікке25жыл
Әрі қарай

Ұстаз-ұлы есім

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы"
Халық нақылы


Мен ұстазым көп, бақытты адаммын. Алғашқы ұстазым Харниса апай. Мектептен ұшырған Назым Сапарқызы. Мамама менің бұзықтығымды айтып келіп шәй ішіп кететін ақкөңіл Гүлнария мұғалім. Әдемілігіне бәріміз ғашық Анар апай. Әдеш ағай, Бейбіт мұғалім, қабағынан қорқатын Тілеукеш мұғалім. Ия, барлығы менің сынып жетекшілерім. Олардың көп болғаны сонша, тіпті кейбіреулерін ұмытып, ренжіп те отырған болар. Бірақ бүгін мен әдебиетке баулып, шығармашылыққа тәрбиелеген ұстазым туралы айтқым келеді...

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

… Оның есімі Оспанова Ләйлә Тоқабайқызы. Ия, дәл байқадыңыз, менің туған апам. Мені арқалап жүріп кітап оқып беретін, қаладан келгенде ойыншықпен бірге қызықты шығармалар алып келіп, елітіп оқытып, әдебиеттің ғажайып әлемін ашқан адам.
Алматыдағы Қазақ Қыздар Педагогикалық Институтын аяқтаған. Содан бері 24 жыл үздіксіз ұстаздық етіп келеді. Қазір Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынаған ауылындағы орта мектепте мұғалім.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Мақтайын. Мақтанайын. Бірнеше мәрте «Жылдың үздік мұғалімі», Ләйлә әріптестерімен ұсынған инновациялық әдістемелер БҒМ тарапынан бекітіліп, қазір тәжірибелік әдіс ретінде мектептерге енгізіліп жатыр. Ол туралы семинар-тренингтер де өткізіп тұрады екен.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әдетте жұмысы жайлы көп ашыла қоймайтын апамның есімін оқулықтан көргенде таң қалдым. «Сүйінші сұрауға ұялдым, кәдімгі жұмыс қой» деп ақталды. Ал менің мақтаншақ екенімді білесіздер, міне сол кітаптар.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әрине, мұғалім тек ғылым мен білім ғана емес, жан-жақты болуы міндетті. Сенбілікте балалармен бірге тазалық сақшысы болса, мерекеде мың бұралған биші де бола алады. «Бұл баланың психологиясын түсіну үшін ұстазға таптырмас құрал» дейді Ләйлә апам, себебі «бала ұстаздың айтқанынан ғана емес, істегенін де көріп алатын тәрбиесі өте зор»

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Отбасы туралы. Үлбіреген үш қызы бар. Үлкені қызметте, ортаншысы жоғары оқу орнында, кенжесі мектепте. Әже болуға дайындалып жүр.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әлбетте, ұстаздың қай-қайсы болсын мақтауға лайықты. Бірақ мен ішінен бөліп жарып өзімнің алғашқы ұстазымды айтсам айыпқа бұйырмассыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы ұстаздар!
Әрі қарай

Жұрттың баласымен салыстыру неге дұрыс емес?

Әдетте қазақтың қоғамын жамандаушылар көп кездеседі. Қазақтың барын көрсеткіштігі, мақтаншақтығы жиі тілге тиек болып жатады. Алайда біздің қоғамда кең таралған, орысша айтқанда понт және көре алмаушылықтың себебі неде? Осы тақырып жайында менің видео-пікірімді көре отырып мүмкін жаңа ой ести аласыз. Келіспесеңіз өз ойыңызды қалдырыңыз, жаңа пікір оқуға әрқашан ризамын.
Әрі қарай

“Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)

Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)Шілденің 3 күні Қазмедиа орталығының киноконцерт залында Жайдарман ойындарынан «Жаңару кубогы» республикалық арнайы жоба болып өтті. 200-ден астам жайдарманшы қатысқан ойынды мың қаралы көрермен тамашалады.

Еліміздің барлық аймағынан түрлі лигаларда үздік өнер көрсетіп жүрген топтардың басын қосқан жоба жоғары деңгейде өтті деуге әбден негіз бар. Кешті Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен жүргізді. Сонымен қатар сайысқа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсеткен болатын.

Өзара бақ сынасқан 20 топтың арасынан үздіктерді қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, НұрОтан партиясының төрағасы орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ернат Мұхамадиев, Қазақстан ҰТА жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы, Ұлттық музейдің баспасөз жетекшісі Олжас Сыдықбек және қазақ эстрадасының жұлдызы Серік Ибрагимов секілді танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасы анықтады.

Сонымен, үздік үштікке ілінген Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының «Мұнай тамшылары» командасы 200 000 теңгенің сертификатын иеленсе, екінші орын алған Атырау облысы, Құрманғазы ауданынан келген «Құрманғазы жастары» командасы 300 000 теңге ұтып алды.

Ал сайыстың жеңімпазы болып, Павлодар қаласынан келген «Чехов аялдамасы» тобы атанып, 400 000 мың теңгелік сертификат пен қоса, «Жаңару кубогын» төбесіне көтерді.

Орын иеленген топтардың барлығы арнайы жүлде сертификаттарымен қатар, дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Ойыннан кейін жайдарманшылар үшін боулингтен де жарыс ұйымдастырылып, жаңаөзендік «Мұнай тамшылары» жеңімпаз атанды. Ал екінші-үшінші орынды астаналық «Энерго» мен атыраулық «Бейбарыс» командалары бөлісті.
Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)
Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)
Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)
Блог - jaidarman: “Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)
Әрі қарай

Коррупционерлер күні: Ең алғашқы пара

Блог - Daniar-Alan: Коррупционерлер күні: Ең алғашқы пара

Ең алғаш пара беруім бірінші курста болыпты. Алғашқы секс секілді. Ұмытылмайды.
Дене шынықтыру пәнін жек көрдім. Дым ұнамайтын. Мектеп кезінде дене шынықтырудан қашып кететінмін. Университетке түскен соң де сөйттім. Дым қатыспадым сабаққа. 2-3 рет қана барған шығармын. Оның өзінде кезекші болып қалып кететінмін. Оқу жылы аяқталды. Экзамендер тапсырылды. Тек сол пәннен ғана қалды (Дене шынықтырудан экзамен? wtf?).
Ағайдан қалай тапсырамын деп сұрасам: «Отработка»,-дейді. «Отработка» дегенің 20 круг жүгіру, 50 рет «отжимание» секілді қыртыған бірдеңелер. Жымың-жымың еткен тағы бір ағай бар тұғын. Сол жақындау ау деп ойлап, соның жанына бардым. «Ағай, басқа жолдармен шешуге болмай ма?»,-деймін ғо әлгі жерде кинодан көргенімді айтып. Қуанып кетті. Қуанып кеткенін көздері айтып тұр. «Болады әлбетте»,-дейді жымыңдап. «Біз студенттерді қинамаймыз»,-дейтінін қайтерсің. "Қанша?",-десем, «Сол жұрттың беріп жатқан мыңы ғой»,-дейді. Тұра қалып саудаластым. 500 теңгеге түсірдім. «Мың теңге медакадемияның (Шымкенттегі медиктерді дайындайтын оқу орыны) ставкасы ғой» деген дәйегім сенімдірек шықты ау деймін.
20 минут ішінде «бесімді» алып қайттым осылай.
Ал дене шынықтырудан беретін ағайымның түрі әлі есімде. Басқа мұғалімдердің түрі есімнен шығып та кеткен.
Күшті еді сол кезде.
Әрі қарай