Ұстаз-ұлы есім

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы"
Халық нақылы


Мен ұстазым көп, бақытты адаммын. Алғашқы ұстазым Харниса апай. Мектептен ұшырған Назым Сапарқызы. Мамама менің бұзықтығымды айтып келіп шәй ішіп кететін ақкөңіл Гүлнария мұғалім. Әдемілігіне бәріміз ғашық Анар апай. Әдеш ағай, Бейбіт мұғалім, қабағынан қорқатын Тілеукеш мұғалім. Ия, барлығы менің сынып жетекшілерім. Олардың көп болғаны сонша, тіпті кейбіреулерін ұмытып, ренжіп те отырған болар. Бірақ бүгін мен әдебиетке баулып, шығармашылыққа тәрбиелеген ұстазым туралы айтқым келеді...

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

… Оның есімі Оспанова Ләйлә Тоқабайқызы. Ия, дәл байқадыңыз, менің туған апам. Мені арқалап жүріп кітап оқып беретін, қаладан келгенде ойыншықпен бірге қызықты шығармалар алып келіп, елітіп оқытып, әдебиеттің ғажайып әлемін ашқан адам.
Алматыдағы Қазақ Қыздар Педагогикалық Институтын аяқтаған. Содан бері 24 жыл үздіксіз ұстаздық етіп келеді. Қазір Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынаған ауылындағы орта мектепте мұғалім.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Мақтайын. Мақтанайын. Бірнеше мәрте «Жылдың үздік мұғалімі», Ләйлә әріптестерімен ұсынған инновациялық әдістемелер БҒМ тарапынан бекітіліп, қазір тәжірибелік әдіс ретінде мектептерге енгізіліп жатыр. Ол туралы семинар-тренингтер де өткізіп тұрады екен.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әдетте жұмысы жайлы көп ашыла қоймайтын апамның есімін оқулықтан көргенде таң қалдым. «Сүйінші сұрауға ұялдым, кәдімгі жұмыс қой» деп ақталды. Ал менің мақтаншақ екенімді білесіздер, міне сол кітаптар.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әрине, мұғалім тек ғылым мен білім ғана емес, жан-жақты болуы міндетті. Сенбілікте балалармен бірге тазалық сақшысы болса, мерекеде мың бұралған биші де бола алады. «Бұл баланың психологиясын түсіну үшін ұстазға таптырмас құрал» дейді Ләйлә апам, себебі «бала ұстаздың айтқанынан ғана емес, істегенін де көріп алатын тәрбиесі өте зор»

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Отбасы туралы. Үлбіреген үш қызы бар. Үлкені қызметте, ортаншысы жоғары оқу орнында, кенжесі мектепте. Әже болуға дайындалып жүр.

Блог - kozildirik: Ұстаз-ұлы есім

Әлбетте, ұстаздың қай-қайсы болсын мақтауға лайықты. Бірақ мен ішінен бөліп жарып өзімнің алғашқы ұстазымды айтсам айыпқа бұйырмассыздар. Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы ұстаздар!
Бөлісу:

1 пікір