Еріктілер ісі еріккеннің ісі ме?!

Еріктілер ісі еріккеннің ісі ме?!

Ерікті болу еріккеннің ісі емес,- бойға біткен ер мінезділіктің күші! Себебі, Ерікті түрде жақсылық жасап, айналасына нұрын шашу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Ол үшін ең әуелі адам бойынан адамгершілік қасиет, мейірімділік, кішіпейілділік, табылуы қажет.
Волонтерларға көп қойылатын сұрақ: -Сіздерге ешқандай ақы төленбейді ғой. Несіне шыр-пыр болып жүгіріп жұмыс атқарасыздар?!
-Ия, ол рас. Сұрақтарыңыз да орынды. Дегенмен біздің ол сұраққа бір ғана әрі нақты жауабымыз бар:
-Бізге ешқандай да ақы төленбейді: ақыдан да қымбат сый беріледі: Әлеуметтік жұмыстар атқара отырып,-жүрегіңізге нұр сыйлайсыз! Өзгеге ерікті түрде көмектесе отырып,-көңіліңізге жақсы күй сыйлайсыз! Қоғамдық жұмыстар атқара отырып,- Абай атамыз айтпақшы: «Сен де бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та бар қалан!» демекші, қоғамнан өз орныңызды табасыз! Және тағы да бір үлкен мүмкіндік-ол өзіңізді жан-жақты қалыптастыру арқылы, қоғамдық өмірге, өмір сүру ортаңызға және айналаңызда орын алып жатқан жағдайларға бейімделе аласыз, әрбір мәселені алыстан көріп, шешімін байыппен табуға сабақ аласыз. Яғни, өзіңізді «тұлға» болып қалыптастыруға мүмкіндік аласыз.
Осы тұстан алып қарағанда, волонтер ұл-қыздарымыз өз- өздерін қалыптастырып, биік шыңға сатылай талпынып келе жатқандығы қуантады.
#Жамбыл #Волонтер #Блогер
#тәуелсіздікке25жыл
Бөлісу:

1 пікір

asaubota
волонтер бәрінен бұрын мықты тәжірибе жинайды, адамдармен араласуды, сөйлесуді, команда болып жұмысты үйренеді